Мемлекет Басшысының Жолдауына сәйкес облыста мектептерді реновациялау жоспары бекітілді. Жаңа оқу жылының қарсаңында өңірде 20 мектептің реновациясы толық аяқталды.
Ерейментау ауданы білім бөлімінің Үлкентау ауылындағы жалпы білім беретін мектебінде реновация аясында күрделі жөндеу жүргізілді. 1976 жылы салынған үш қабатты мектеп ғимаратында бүгінде 164 оқушы қазақ және орыс тілдерінде білім алуда.
Мектеп директоры Гүлнар Жаниеваның айтуынша, жаңа оқу жылының басына дейін мектеп толық жаңарып, заман талабына сай жаңа келбетке ие болған. Ең бастысы – оқушылардың білімге деген ынтасы артқан.
«Реновация барысында мектеп жаңа кабинеттермен, жабдықтармен және заманауи техникамен қамтамасыз етілді. Атап айтқанда, химия кабинеті жаңа үстелдермен, орындықтармен, интерактивті панельмен, компьютермен, стендтермен және зертханалық құрал-жабдықтармен толықты», – деді ол.
Мектеп аумағында баскетбол, футбол және волейбол алаңдары салынып, турник пен брусья орнатылды. Сонымен қатар, заманауи білім беру технологияларын енгізуге ерекше көңіл бөлінді – мектепте алғаш рет оқушылардың инженерлік және техникалық мамандықтарға қызығушылығын арттыруға бағытталған STEM-кабинет ашылды. Бұл кабинет жоғары сынып оқушыларының ғылым мен техника саласына деген ынтасын күшейтуді мақсат етеді.
Айта кетейік, 2025 жылы Ақмола облысында білім беру саласындағы 34 нысанда күрделі жөндеу, ал 44 ұйымында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Trending
- 3 трлн. теңге: Екібастұздағы мега құрылыс Қазақстан бокс федерациясының басшысына берілмек пе?
- «Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады
- «Жарты жыл сайын тексертіп тұрамын»: Жұлдыз Әбдікәрімова кенже ұлының диагнозын айтты
- «3700 бос жұмыс орны»: Қазақстанда 500 мың теңгеге жұмыс істейтін жұмысшылар табылмай жатыр
- Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық бақылау күшейтілді
- «Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады
- «Ресей мен Арменияны басып озды»: Қазақстан – азық-түлік бағасы ең қолжетімді 30 елдің қатарында
- «Елден қашып кетпекші болған»: БЖЗҚ-дан 46 миллиард теңге жымқырғандардың бірі ұсталды