Фото: видео скриншот
Желіде әнші Сәкен Майғазиевтің Маңғыстаудан келген құдағиын қарсы алған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Бейнежазбада жаңа түскен жас келіннің ата-анасы алдынан шыққан сәті көрсетілген. Кадрларда келіннің анасы қызының жүдеу көрінісіне алаңдап:
«Ұстайтын жері қалмапты ғой…» — деп айтады.
Ал Сәкен Майғазиев бұл сөзге әзілмен:
«Салмақ қостыра алмай жүрміз…» — деп жауап береді.
Видео авторы да оқиғаның астарына әзіл қыстырып:
«Маңғыстаулық құдағи қарамайды. Сәкеннің баласысың ба, Мейрамбектің баласысың ба – айта салады,» — деп жазған.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл сәтке түрлі пікір қалдырды:
«Біздің Жаңаөзеннің қызын сонша аздырып…»,
«Жас қой, семіреді уақыт өте келе»,
«Атасының жауабы қандай орынды болған…» – деп жазды олар.