Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Қазақфильм» қазақстандық полицейдің ерлігін арқау еткен фильмнің премьерасын өткізеді

18 Қазан, 2025

Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйге барды

18 Қазан, 2025

Семейде алғаш рет қала әкімі тікелей сайланды: Әділетті Қазақстан жолындағы маңызды қадам

18 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Қазақфильм» қазақстандық полицейдің ерлігін арқау еткен фильмнің премьерасын өткізеді
  • Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйге барды
  • Семейде алғаш рет қала әкімі тікелей сайланды: Әділетті Қазақстан жолындағы маңызды қадам
  • Алматыда автобус қарт әйелді қағып кетті: жантүршігерлік оқиға видеоға түсіп қалды
  • Ломтадзе мен Турлов қазақстандық екі футбол клубын сатып алуға ниетті
  • «Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда!»
  • Қызылордада «Алтын күз -2025» салтанатты шарасы өтті
  • Алика Мұхамадиева ісі: прокурор 4,5 жыл түрме жазасын сұрады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 18 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Трамп пен Путин тағы кездеседі

17 Қазан, 2025 Әлем
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: РБК

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. Олар Мажарстан астанасы Будапештте кездесу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, телефон арқылы сөйлесу туралы алдын ала хабарланбаған және бұл Трамптың Украина басшысы Владимир Зеленскиймен Вашингтонда кездесуі қарсаңында болған.

Әңгіме екі сағаттан астам уақытқа созылды. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың сөзінше, телефон арқылы әңгімелесуге Мәскеу бастама білдірген. Путин Трампты Израиль мен Газа арасындағы қақтығысты реттеп, Таяу Шығыста бейбітшілікті орнатқанымен құттықтаған.

«Біз Украинадағы соғыс аяқталған соң, Ресей мен АҚШ арасындағы сауда-саттық қалай болатынын ұзақ талқыладық», – деп жазды Трамп TruthSocial желісінде.

Ақ үйдегі баспасөз брифингінде АҚШ президенті ресейлік әріптесімен кездесуі алдағы екі аптаның ішінде өтуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

«Біз Будапештте кездесеміз деп келістік. Онда Украина мен Ресей арасындағы бұл соғысты тоқтата аламыз ба, сол туралы сөйлесеміз», – деді Ақ үй басшысы.

Оның айтуынша, екі елдің жоғары деңгейдегі делегациялары келесі аптада кездеседі. АҚШ атынан делегацияны Мемлекеттік хатшы Марко Рубио бастап барады, ал Ресей делегациясының құрамы мен кездесу орны әлі нақтыланған жоқ. Содан кейін ғана президенттердің жеке кездесуі өтпек.

Трамп әңгімелесуді өте тиімді деп бағалап, оның қорытындысы бойынша айтарлықтай жетістікке қол жеткізілгенін айтты.

Оқылып жатыр

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы атыс тоқтады

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Бейбітшілік үшін ұлы күн»: Трамп үшінші дүниежізілік соғысты тоқтатты

Трамп қысқа мерзімді сапармен Израильге барды

Газада соғыс тоқтады: ХАМАС пен Израиль келісімге келді

AZAL әуе компаниясы ұшағының апатына украиналық дрон да себеп болған – Путин

Соңғы жазбалар

«Қазақфильм» қазақстандық полицейдің ерлігін арқау еткен фильмнің премьерасын өткізеді

18 Қазан, 2025

Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйге барды

18 Қазан, 2025

Семейде алғаш рет қала әкімі тікелей сайланды: Әділетті Қазақстан жолындағы маңызды қадам

18 Қазан, 2025

Алматыда автобус қарт әйелді қағып кетті: жантүршігерлік оқиға видеоға түсіп қалды

18 Қазан, 2025

Ломтадзе мен Турлов қазақстандық екі футбол клубын сатып алуға ниетті

18 Қазан, 2025

«Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда!»

18 Қазан, 2025

Қызылордада «Алтын күз -2025» салтанатты шарасы өтті

18 Қазан, 2025

Алика Мұхамадиева ісі: прокурор 4,5 жыл түрме жазасын сұрады

17 Қазан, 2025

Алматы облысының фермерлері Алматыға 200 тоннадан астам өнім апарады

17 Қазан, 2025

«Шымбұлақ» кезекті рет ең үздік курорт деп танылды

17 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.