Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ардагерлері Жетісуда жолдастық кездесу өткізді

18 Қазан, 2025

«Ажал іздеген ауғандар»: Әуе шабуылынан 70 адам ажал құшты

18 Қазан, 2025

«Анамызды ұрып, бізге қатал болды»: Ақтөбеде бір үйдің 5 қызы көмек сұрады

18 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ардагерлері Жетісуда жолдастық кездесу өткізді
  • «Ажал іздеген ауғандар»: Әуе шабуылынан 70 адам ажал құшты
  • «Анамызды ұрып, бізге қатал болды»: Ақтөбеде бір үйдің 5 қызы көмек сұрады
  • «Қазақфильм» қазақстандық полицейдің ерлігін арқау еткен фильмнің премьерасын өткізеді
  • Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйге барды
  • Семейде алғаш рет қала әкімі тікелей сайланды: Әділетті Қазақстан жолындағы маңызды қадам
  • Алматыда автобус қарт әйелді қағып кетті: жантүршігерлік оқиға видеоға түсіп қалды
  • Ломтадзе мен Турлов қазақстандық екі футбол клубын сатып алуға ниетті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 18 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қазақстанда букмекерлер мемлекетпен «үнсіз соғысып» жатыр

17 Қазан, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Ел ішін дүрліктіріп отырған кім?

Қазақстанда мемлекет пен халықаралық букмекерлік компаниялар арасында жасырын текетірес өршіп келеді. Бұл компаниялардың негізгі құрылымдары мен есепшоттары Кипр, Мальта, Кюрасао және өзге офшорлық аймақтарда орналасқан.

Қақтығыстың басты себебі — Бірыңғай есепке алу жүйесін (БЕЖ) енгізу. Бұл жүйе құмар ойындар индустриясында ашықтық орнатып, бәс тігу айналымын бақылауға және тәуелділікке бейім азаматтардың қатысуын шектеуге бағытталған мемлекеттік цифрлық платформа болып табылады.

Алайда мемлекеттің осы салада тәртіп орнатып, ұлттық мүддені қорғауға ұмтылысы сырттан ұйымдастырылған қарсы әрекетке тап болды.

Ақпараттық манипуляциялар мен сыртқы ықпал

Соңғы апталарда БАҚ пен анонимді Telegram-арналарда БЕЖ жүйесін теріс көрсетуге тырысқан материалдар көбейді. Онда жүйенің мақсаты бұрмаланып, тіпті “сыртқы басқару”, “егемендікке қауіп” секілді ұрандар қолданылып жатыр.

Сарапшылардың айтуынша, бұл — ел ішіндегі қоғамдық пікірді шатастырып, мемлекеттік цифрлық реформаларға сенімсіздік тудыруға бағытталған технологиялық шабуыл.

Мұның түпкі себебі – қаржылық мүдделер мен көлеңкелі ақша айналымдары. Ал “сыртқы қауіп” туралы әңгімелер — назарды басқа жаққа бұру амалы ғана.

БЕЖ: Ашықтық пен ұлттық бақылау

Ресми деректерге сүйенсек, Бірыңғай есепке алу жүйесінің барлық дата-орталықтары мен серверлері Қазақстан аумағында орналасқан.

Жүйені “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ қадағалайды, ал бағдарламалық қамтылымның барлық құқықтары мемлекетке, яғни Туризм және спорт министрлігіне қарасты «БЕЖ операторы» ЖШС-ге тиесілі.

Демек, БЕЖ — шетелдік емес, толыққанды қазақстандық цифрлық инфрақұрылым.

Мәжіліс депутатының бастамасы

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи букмекерлік компаниялардың айналымынан қосымша 3% мақсатты аударым енгізу туралы ұсыныс жасады. Бұл қаражат қоғамдық маңызы бар салаларға бағытталады:

1% — «Қазақстан халқына» қорына;

1% — SportQory қорына;

1% — Ұлттық Олимпиадалық комитет қорына.

Депутаттың пікірінше, бұл бастама мемлекеттің әлеуметтік және спорттық жобаларын дамытуға айтарлықтай серпін бермек.

Қоғам не дейді?

Психолог-аддиктолог Жұлдыз Баймұханова болса, құмар ойындарға тәуелділікті ұлттық қауіпсіздік деңгейіндегі дағдарыс деп атады:

«Людомания — тек ойын емес, бұл психологиялық дерт. Қазір 12 жастағы балалар ставкаларға қатысады. Зиянды жарнамаға тыйым салынбайынша, тәуелділік көбейе береді. Біз байлыққа ұмтылған сайын, балаларымызды жоғалтып жатырмыз», – деді маман.

Ал қоғам белсендісі Жарқын Құрентаев букмекерлік жарнаманы шектеу және блогерлердің жауапкершілігін арттыру қажеттігін айтты:

«Адам футбол қарайды да, экранда “фонбет” көреді, содан кейін өзі де ойнап көреді. Бұл — қоғамға әсер етудің ең қауіпті формасы. Жарнамаға, әсіресе балалар спортына араласуына шектеу қою керек», – деді ол.

Бүгінде букмекерлік индустрия — тек ставкалар мен ойын емес. Бұл — ақша, сана және егемендік үшін күрес. Егер мемлекет офшорлық құрылымдармен жүріп жатқан осы “үнсіз соғыста” жеңілсе, оның салдары салық пен ставкалар дауына қарағанда әлдеқайда ауыр болуы мүмкін.

Оқылып жатыр

«Анамызды ұрып, бізге қатал болды»: Ақтөбеде бір үйдің 5 қызы көмек сұрады

Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйге барды

Алматыда автобус қарт әйелді қағып кетті: жантүршігерлік оқиға видеоға түсіп қалды

Алика Мұхамадиева ісі: прокурор 4,5 жыл түрме жазасын сұрады

«Шымбұлақ» кезекті рет ең үздік курорт деп танылды

«Жалған мәдениет жасауға тырысып жатыр»: Танымал продюсер қазақ киносын сынға алған депутатқа шүйлікті

Соңғы жазбалар

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ардагерлері Жетісуда жолдастық кездесу өткізді

18 Қазан, 2025

«Ажал іздеген ауғандар»: Әуе шабуылынан 70 адам ажал құшты

18 Қазан, 2025

«Анамызды ұрып, бізге қатал болды»: Ақтөбеде бір үйдің 5 қызы көмек сұрады

18 Қазан, 2025

«Қазақфильм» қазақстандық полицейдің ерлігін арқау еткен фильмнің премьерасын өткізеді

18 Қазан, 2025

Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйге барды

18 Қазан, 2025

Семейде алғаш рет қала әкімі тікелей сайланды: Әділетті Қазақстан жолындағы маңызды қадам

18 Қазан, 2025

Алматыда автобус қарт әйелді қағып кетті: жантүршігерлік оқиға видеоға түсіп қалды

18 Қазан, 2025

Ломтадзе мен Турлов қазақстандық екі футбол клубын сатып алуға ниетті

18 Қазан, 2025

«Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда!»

18 Қазан, 2025

Қызылордада «Алтын күз -2025» салтанатты шарасы өтті

18 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.