Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ильхам Әлиев Ақордаға келді

20 Қазан, 2025

«Бұдан да қызық жаңалық күтіңіздер»: Актер Олжас Абай жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

20 Қазан, 2025

Павлодарда аңшылар жоғалып кетті: Бірінің мәйіті табылды

20 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ильхам Әлиев Ақордаға келді
  • «Бұдан да қызық жаңалық күтіңіздер»: Актер Олжас Абай жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды
  • Павлодарда аңшылар жоғалып кетті: Бірінің мәйіті табылды
  • Астанада Ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған Екінші шахмат Олимпиадасы басталды
  • Банкноттардың жиі ауысуы теңгенің құнына әсер етпейді – сарапшы
  • БҚО-да жұмысшы мамандықтарды насихаттауға арналған фестиваль өткізілді
  • Алматыда азық-түлік нарығын тұрақтандыруға 12 млрд теңге бөлінді
  • Алматыда инфляция деңгейі бақылауда ұсталып отыр
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 20 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Израиль ХАМАС-ты бітім шартын бұзды деп айыптап, Газаға әуе соққысын жасады

20 Қазан, 2025 Әлем
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Ведомости

Израиль әскері ХАМАС қозғалысын «бітім шартын өрескел бұзды» деп айыптап, Газаның оңтүстігіндегі Рафах қаласына әуе соққыларын жасады. Кейінірек Израиль әскері тағы оңтүстік аймақтарға соққы бергенін хабарлап, артынан атысты тоқтату режиміне оралғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Израиль тарапының мәліметінше, ХАМАС содырлары «сары сызық» деп аталатын келісілген шегініс аймағындағы әскерлерге шабуыл жасаған. Соның салдарынан екі израильдік сарбаз қаза тапқан. Ал ХАМАС өз кезегінде бұл оқиғаға қатысы жоқ екенін айтты. Израиль қорғаныс армиясы «террористер Рафах маңында Израиль сарбаздарына қарсы танкке қарсы зымыран және атыс қаруын қолданған» деп хабарлады. Бұған жауап ретінде Израиль әскері туннельдер мен әскери нысандарға соққы беріп, «террористік қауіптің көзін жоюды» көздегенін мәлім етті.

Израиль бұл шабуылды «атысты тоқтату жөніндегі келісімді ашық бұзу» деп атап, қатал шаралар қолданатынын ескертті.

Газа азаматтық қорғаныс қызметінің дерегінше, жексенбі күні жасалған әуе соққылары салдарынан кемінде 15 адам қаза тапқан. Израиль тарабы бұл ақпаратты тексеріп жатқанын айтты.

Ал ХАМАС өз мәлімдемесінде атысты тоқтату келісімін толық сақтап отырғанын, Израиль болса келісім басталғалы бері оны бірнеше рет бұзғанын жеткізді. Ұйымның айтуынша, израильдік әскердің әрекеттерінен 46 палестиндік көз жұмған. Сондай-ақ гуманитарлық көмек пен жанармайдың тек аз бөлігі ғана өткізіліп жатыр деп мәлімдеді.

Атысты тоқтату туралы келісім 10 қазанда күшіне енген. Алғашқы кезеңде барлық тірі қалған тұтқындар босатылып, Израильге 12 марқұмның денесі қайтарылған. Өз кезегінде Израиль 250 палестиналық тұтқынды және 1718 Газада ұсталған адамды босатып, 15 палестиналықтың денесін қайтарған.

Қазір Израиль әскері Газаның шамамен 50 пайыз аумағын бақылауда ұстап отыр. ХАМАС бұл өңірді 18 жыл басқарғанымен, соңғы уақытта өзге қарулы топтармен, соның ішінде «Әбу Шабаб халықтық күштерімен» қақтығыстар жиілеген.

АҚШ пен араағайын елдер (Мысыр, Катар, Түркия) ХАМАС-ты келісім шарттарын бұлжытпай орындауға шақырды. АҚШ Мемлекеттік департаменті «егер ХАМАС бейбіт тұрғындарға қарсы шабуыл жасаса, бұл келісімді тікелей бұзу болып саналады және нақты шаралар қолданылады» деп мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп та «ХАМАС бейбіт халықты өлтіруді жалғастырса, күш қолдануға тура келеді» деп ескерткен.

Бір апта бұрын ВВС дереккөздері Газа қаласында ХАМАС содырларының қоғамдық орындарда жазалау әрекеттерін растаған болатын. Бұл жағдай аймақтағы ішкі қақтығыстарды одан әрі ушықтырып отыр. ХАМАС әзірге өз бақылауын сақтап қалуға тырысып, шамамен 7000 қауіпсіздік қызметкерін Газадағы тәртіпті қалпына келтіруге жұмылдырған. Осылайша, аймақтағы жағдай әлі де күрделі: атысты тоқтату күшінде болғанымен, сенімсіздік пен қарулы қақтығыстар жалғасып жатыр.

Оқылып жатыр

Парижде бүкіл әлемге әйгілі Лувр мұражайын 7 минутта тонап кетті

Трамп пен Путин тағы кездеседі

Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы атыс тоқтады

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

«Бейбітшілік үшін ұлы күн»: Трамп үшінші дүниежізілік соғысты тоқтатты

Трамп қысқа мерзімді сапармен Израильге барды

Соңғы жазбалар

Ильхам Әлиев Ақордаға келді

20 Қазан, 2025

«Бұдан да қызық жаңалық күтіңіздер»: Актер Олжас Абай жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

20 Қазан, 2025

Павлодарда аңшылар жоғалып кетті: Бірінің мәйіті табылды

20 Қазан, 2025

Астанада Ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған Екінші шахмат Олимпиадасы басталды

20 Қазан, 2025

Банкноттардың жиі ауысуы теңгенің құнына әсер етпейді – сарапшы

20 Қазан, 2025

БҚО-да жұмысшы мамандықтарды насихаттауға арналған фестиваль өткізілді

20 Қазан, 2025

Алматыда азық-түлік нарығын тұрақтандыруға 12 млрд теңге бөлінді

20 Қазан, 2025

Алматыда инфляция деңгейі бақылауда ұсталып отыр

20 Қазан, 2025

«Жігіттердің аяқ-қолын ұстаған»: Қытайда пранк түсіріп, жұртты шулатқан блогер енді Өзбекстанда көзге түсті

20 Қазан, 2025

Қазақстандық кино әлемдік экрандарды бағындыруда

20 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.