Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Түркістанда тұтас бір ауыл бас көтерді: 15 жасар оқушыны зорлаған зейнеткер жұрттың ашуына тиді

20 Қазан, 2025

Алматы облысында заңсыз алтын өндіріліп жатыр ма? Прокуратурадан тексеру талап етілді

20 Қазан, 2025

Екі жылға созылған сот: Алматы соты олигарх Смағұловтың компаниясын тұтынушыдан неге қорғап отыр? (видео)

20 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Түркістанда тұтас бір ауыл бас көтерді: 15 жасар оқушыны зорлаған зейнеткер жұрттың ашуына тиді
  • Алматы облысында заңсыз алтын өндіріліп жатыр ма? Прокуратурадан тексеру талап етілді
  • Екі жылға созылған сот: Алматы соты олигарх Смағұловтың компаниясын тұтынушыдан неге қорғап отыр? (видео)
  • Қоғам белсендісі Асхат Ниязовты атышулы әзілінен кейін жауапқа тартуға өтініш білдірді
  • Депутат отбасының миллиардтық табысы: Тендерлердегі жеңістің сыры неде?
  • Ильхам Әлиев Ақордаға келді
  • «Бұдан да қызық жаңалық күтіңіздер»: Актер Олжас Абай жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды
  • Павлодарда аңшылар жоғалып кетті: Бірінің мәйіті табылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 21 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Банкноттардың жиі ауысуы теңгенің құнына әсер етпейді – сарапшы

20 Қазан, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстанда банкноттар жиі ауысады. Көптеген тұрғындар теңгенің жиі ауысуын қаламай жатады, енді біріне банкноттардың түсі, көлемі немесе дизайны ұнамайды. Кезінде қазақтың батырлары, ақындары, саяси тұлғалары бейнеленген теңге тұрақты түрде ауысып келеді. Todayinfo тілшісі банкноттардың жиі ауысу себебін анықтап көрді.

Ұлттық банктің 20, 10 мың, соңғы рет шығарған 5 мың теңгелік ақшаларының бет-бедері өзгеше. Ал жуырда бұрыннан қолданып жүрген 1 мың теңге тағы жаңартылды. Бұның себебі неде? Онсызда құнсызданып жатқан ұлттық валютаны жиі ауыстырғаннан қандай да бір жетістік бар ма?

«Банкноттардың жиі ауыстырылуы теңгеге деген сенімге әсер етпейді. Керісінше, ұлттық валютаның тұрақтылығы оның сенімділігін арттырады. Қазіргі таңда қолма-қол ақшаны сирек қолданамыз, көп операциялар банк картасы мен телефондағы QR арқылы жүзеге асады. Купюралардың дизайнын жаңарту жалған ақша жасау әрекеттерінің алдын алудың тиімді тәсілі. Егер купюралар ұзақ уақыт бойы өзгермей қалса, алаяқтар оны пайдаланып қалуы мүмкін, сондықтан банкноттарды уақытылы жаңарту маңызды», – деп түсіндірді Public Policy Research орталығының директоры, экономист Меруерт Махмутова.

Теңгенің сапасы берік болу үшін оған барынша күрделі элементтер көбірек енгізіліп, жай адам түсінбейтін бедер мен кескіндер бейнеленеді. Ұлттық валютамызда кемі оннан астам түрлі элемент бар. Теңгенің жасалуы барынша құпия, ал жалған ақша жасау заңмен қудаланады. Бірақ соған қарамастан жасанды ақша айналымы тоқтамайды.

«Қазақстандағы купюралар нақты ақшалар, олардың ішінде мақта мен пластмассадан жасалатын түрлері бар. Купюралардың жиі ауыстырылуының екі негізгі себебі бар. Біріншіден, әсіресе ұсақ ақшалар тез тозады: олар суға түсіп, жыртылып, ескіреді. Екіншіден, бұл жалған ақша жасаушылардың әрекетінің алдын алу шарасы. Мысалы, әлемдегі ең сенімді валюталардың бірі саналатын доллардың өзін де кейбір елдер бастапқы түрінен айнымайтындай етіп басып шығара алады.

Біздің теңгеміздің өзінде 14–16 түрлі қорғаныс элементі бар, соған қарамастан жалған нұсқаларын жасауға тырысатындар кездеседі. Сондықтан Ұлттық банк әрбір 4–5 жыл сайын купюралардың дизайнын жаңартып отырады. Бастапқы жылдары банкноттарда белгілі тұлғалардың суреттері бейнеленсе, қазір олардың дизайны табиғат пен тарих тақырыптарымен байланыстырылады. Бұл тәсіл ұлттық валютаның эстетикалық және мәдени құндылығын арттырады.

Купюралардың дизайнын жаңарту теңгеге деген сенімге теріс әсерін тигізбейді, себебі ол айырбас бағамына, сатып алу қабілетіне немесе инфляцияға ықпал етпейді. Керісінше, купюралардың сапасы мен ірілігі экономикалық айналым үшін тиімді», – деп санайды сарапшы Сапарбай Жұбанов.

Фото: Freepik

Оқылып жатыр

Түркістанда тұтас бір ауыл бас көтерді: 15 жасар оқушыны зорлаған зейнеткер жұрттың ашуына тиді

Алматы облысында заңсыз алтын өндіріліп жатыр ма? Прокуратурадан тексеру талап етілді

Екі жылға созылған сот: Алматы соты олигарх Смағұловтың компаниясын тұтынушыдан неге қорғап отыр? (видео)

Қоғам белсендісі Асхат Ниязовты атышулы әзілінен кейін жауапқа тартуға өтініш білдірді

Депутат отбасының миллиардтық табысы: Тендерлердегі жеңістің сыры неде?

Павлодарда аңшылар жоғалып кетті: Бірінің мәйіті табылды

Соңғы жазбалар

Ильхам Әлиев Ақордаға келді

20 Қазан, 2025

«Бұдан да қызық жаңалық күтіңіздер»: Актер Олжас Абай жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды

20 Қазан, 2025

Павлодарда аңшылар жоғалып кетті: Бірінің мәйіті табылды

20 Қазан, 2025

Астанада Ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған Екінші шахмат Олимпиадасы басталды

20 Қазан, 2025

Банкноттардың жиі ауысуы теңгенің құнына әсер етпейді – сарапшы

20 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.