Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

«Кәріс немесе қытай»: Актер Асылхан Төлеповтің қарындасы өзге ұлтқа тұрмысқа шықты деген ақпар тарады

21 Қазан, 2025

«Махат ағам мәрт екен»: Айтыскер ақындар Сара Тоқтамысова мен Айбек Қалиев су жаңа пәтерге ие болды

21 Қазан, 2025

Ауыл медицинасы дамып жатыр: 38 жаңа нысан бой көтеруде

21 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Кәріс немесе қытай»: Актер Асылхан Төлеповтің қарындасы өзге ұлтқа тұрмысқа шықты деген ақпар тарады
  • «Махат ағам мәрт екен»: Айтыскер ақындар Сара Тоқтамысова мен Айбек Қалиев су жаңа пәтерге ие болды
  • Ауыл медицинасы дамып жатыр: 38 жаңа нысан бой көтеруде
  • Республика күні қарсаңында Алматыда Жедел медициналық жәрдем автопаркі жаңартылды
  • Бағанашылдағы балалар үйіндегі даудан кейін орнынан кеткен шенеунік қайтадан басшылық қызметке тағайындалды
  • Қазақстанның көпвекторлы саясаты: ел мүддесін қорғайтын сындарлы бағыт
  • «Жеті атамен бірге жеті апаны да білуі керек»: Қазақстандық шежіреге әйелдердің де аты жазылсын деген ұсыныс тастады
  • Мемлекеттік бағдарламалар азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде тиімді құралға айналды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 21 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Бәрін қаңылтырмен жауып қойған»: Көпбалалы ана «Асар Уме» қайырымдылық қоры апатты үй бергенін айтты

21 Қазан, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: видео скриншот

Төрт жыл бұрын «Асар-Уме» қорының көмегімен үй алған көпбалалы отбасы қазір үйдің сапасына шағымданып, көпшіліктің алдына шықты. Отбасы қыста су жарылып, қабырғалары үгітіліп, тұрмыстық жағдай ауырлап кеткенін айтып, алаңдаушылық білдірді. Әйел қордан үйді жөндеп беруін сұрап отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Stan.kz агентігінің мәліметінше, желіде өткен жылы халық қаражатын жымқырды деп айыпталған «Асар-Уме» қоры қазір тағы бір дау ортасына түскені айтылады. Қор атынан берілген үйлердің бірінде ақаулар анықталды, ал тұрғындар мен желі қолданушылары қордың жауапкершілігін сұрап жатыр.

«Биыл қыста, 9 ақпанда жарылып, барлық жерге ыстық су ақты. Қуанышқа орай, балаларым аман. Дәнекерлеушіні шақырттым, ол қайтадан сырлап берді. Жасағаннан кейін қайта жағып көргенде атылып кетті. Бері қарай жылжығаны байқалады. Үйдің артының бәрін қаңылтырмен жауып қойған. Кейін, күндердің бір күні тағы тұйықталып, «алты бала өртте қаза табады», – деп айтылған видеода.

Желіде «Асар-Уме» қоры берген үйге қатысты пікірлер екіге бөлінді. Кейбір оқырмандар қорды кінәлап, сапасыз үй берді деп санаса, басқалары тұрғындардың көзқарасы мен талаптарын сынға алды.

«Қор үйді берді, бірақ оны толық жөндеуге мүмкіндік болмады. Балалар мен отбасы сол үйде тұратын болғандықтан, үйдің қауіпсіз және тұрмысқа жарамды болуы маңызды еді. Қор сатып алар алдында жылыту жүйесін, электр желілерін және пешті тексеруі керек еді», деп жазды бір оқырман.

Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады.

«Қор отбасыға көмектесті, бірақ кейбір тұрғындар берілгенді бағаламайды, ризашылық танытпайды. Кейде адамдардың тұтынушылық, масылдық қарым-қатынасы осындай дауларға әкеледі», – деп пікір білдірді.

Қордың басшысы Асхат Нұрмашев дау мен пікірталасқа қатысты өз ойын бөлісті. Ол алып-қашпа сөздер мен бұрмаланған пікірлердің пайда болмауы үшін жағдайды түсіндірудің де қажет екенін атап өтті.

«Бұл мәселе «Асар Үме» қорының адалдығы мен ашықтығына қатысты болған жоқ. Мүмкін, бұл өмірінде қиын жағдайға тап болған әйелдің реніші шығар. Ол кісі 2021 жылдың қазан айында «Асар Үме» қоры арқылы үй алған, оны өзі таңдаған, бұл қордың басты қағидаларының бірі. Сол кезде қуанып, төрт жыл бойы сол үйде тұрды. Ал енді, 2025 жылдың басында үйінде жылыту жүйесіне байланысты апат болған. Сол кезде ол бізден жөндеуге үш миллиондай теңге қаражат сұрады. Біз бас тарттық, себебі үй пайдалану мен жөндеу қордың жауапкершілігіне кірмейді. Әрине, егер үйде суық мезгілде отбасы тұрмаса, жылыту болмаған жағдайда және күтім жасалмаса, ол уақыт өте келе нашар күйге түседі», – деп түсіндірді Асхат Нұрмашев.

Асхат Нұрмашев тұрғынды «қадір білмейтін» деп айыптамайтынын, бірақ жағдайды бұрмаланып контентке айналдырмау үшін қосымша түсініктеме бермейтінін айтты.

Айта кетейік, былтыр «Асар-Уме» қоры халықтың жинап берген ақшасын талан-таражға салды деп айыпталған еді. Сол кезде қордың басшысы Асхат Нұрмашев қоғамдық сынға жауап беріп, қорға қарсы қысым мен хейт барын айтқан. Ол қордың ешқандай қаражатты иемденбегенін, барлық жинақталған ақша аз қамтылған отбасыларға жеткізілгенін және қордың есеп беруді дәстүрлі түрде жүргізіп келгенін атап өткен.

Сондай-ақ блогер Еркежан Шайх instagram парақшасында «Асар-Уме» мәдени-білім беру қорының 2023 жылға арналған Аудиторлық есебінен» үзіндіні жариялады. Онда қайырымдылық қоры қызметкерлерінің штаттық кесте бойынша ай сайынғы еңбекақысы жазылды.

Одан қордың вице-президенті – 1 120 703 теңге, бас директоры – 997 247 теңге, медиаға жауапы атқарушы директоры, әлеуметтік бөлімге жауапты атқарушы директоры және «Өркендеу» атқарушы директоры – 873 790 теңгеден айлық алатыны жазылды. Бұл қоғамда үлкен дауға ұласқан болатын.

2024 жылы қазақстандықтар мен ТМД елдерінің тұрғындары «Асар-Уме» қорына 3,9 миллиард теңге жіберген. Бірақ кейін адамдар бұл қаражат шынымен аз қамтылған отбасыларға жеткен бе, әлде волонтерлердің қалтасына кеткен бе деп күмәнданды.

Оқылып жатыр

Бағанашылдағы балалар үйіндегі даудан кейін орнынан кеткен шенеунік қайтадан басшылық қызметке тағайындалды

«Жеті атамен бірге жеті апаны да білуі керек»: Қазақстандық шежіреге әйелдердің де аты жазылсын деген ұсыныс тастады

«82 млн теңге залал келтірген»: Шығыс Қазақстанда заңсыз алтын өндірушілер ұсталды

Екібастұз ЖЭС-3 құрылысы: Тендерді Қытай миллиардерінің компаниясы жеңіп алды

Картоп тапшылығымен күреске бөлінген 5,1 млрд теңге қалай тиімсіз жұмсалды?

Семейде құлаққаппен телефонға қарап келе жатқан жігітті пойыз қағып кетті

Соңғы жазбалар

«Кәріс немесе қытай»: Актер Асылхан Төлеповтің қарындасы өзге ұлтқа тұрмысқа шықты деген ақпар тарады

21 Қазан, 2025

«Махат ағам мәрт екен»: Айтыскер ақындар Сара Тоқтамысова мен Айбек Қалиев су жаңа пәтерге ие болды

21 Қазан, 2025

Ауыл медицинасы дамып жатыр: 38 жаңа нысан бой көтеруде

21 Қазан, 2025

Республика күні қарсаңында Алматыда Жедел медициналық жәрдем автопаркі жаңартылды

21 Қазан, 2025

Бағанашылдағы балалар үйіндегі даудан кейін орнынан кеткен шенеунік қайтадан басшылық қызметке тағайындалды

21 Қазан, 2025

Қазақстанның көпвекторлы саясаты: ел мүддесін қорғайтын сындарлы бағыт

21 Қазан, 2025

«Жеті атамен бірге жеті апаны да білуі керек»: Қазақстандық шежіреге әйелдердің де аты жазылсын деген ұсыныс тастады

21 Қазан, 2025

Мемлекеттік бағдарламалар азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуде тиімді құралға айналды

21 Қазан, 2025

Жасанды интеллект дәуірінде рухани бағдарды қалай сақтау керек: Алматыда дін өкілдері бас қосты

21 Қазан, 2025

Бүркітбай Аяған: “Ғылым мен білім арасындағы байланыс әлсіреп кетті”

21 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.