Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Алматы облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Шерзат Полаттың отбасына жаңа үй салынды

24 Қазан, 2025

Түрмедегі тағдырлар: қылмыскерлер Республика күнінің құрметіне жарыс өткізді

24 Қазан, 2025

Алматы тарихында алғаш рет бір оқу жылында 24 жаңа мектеп ашылады

24 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматы облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Шерзат Полаттың отбасына жаңа үй салынды
  • Түрмедегі тағдырлар: қылмыскерлер Республика күнінің құрметіне жарыс өткізді
  • Алматы тарихында алғаш рет бір оқу жылында 24 жаңа мектеп ашылады
  • 70 мың халқы бар аудан 800 мың турист қабылдауға дайын: Бурчун қыстағы «»ақ қар мен алтын туризмнің» мекеніне айналды
  • Қандастарға қамқорлық: тарихи Отанына оралғандарға қандай қолдау көрсетіледі
  • Әлем алпауыттарынының ішінен Ұлттық мүддені қорғаудың ең тиімді жолы көпвектролы жолды жалғастыру – Думан Жекенов 
  • «Әбден лайықты»: Тамара Асарға қатысты сүйінші хабар шықты
  • Алматы облысының жолдарынан алынған жол құрылыс материалдарының 31%-ынан ақау анықталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жұма, 24 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Мұны қалайша қылмыс деуге болады?»: Атырау тұрғыны «жалған стоматологиялар» ісі бойынша президентке үндеу жасады

22 Қазан, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Атыраулық Жайық Иманбаев ағаларына қатысты қозғалған «жалған стоматологиялар» ісін әділетсіз деп санайды. Оның айтуынша, ағаларының клиникасы азаматтарға заңды түрде қызмет көрсеткен, ал БЖЗҚ қаражатын пайдалану тетігі толық бақылауда болғандықтан, алаяқтық туралы айыптаулар негізсіз, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі “Ақжайық” порталына сілтеме жасап.

Атырау тұрғыны Жайық Иманбаев өзінің ағалары Ғаббас Иманбаев пен Берік Абдулланы қаржы мониторингі агенттігі қозғаған қылмыстық іс аясында айыптап жатқанын мәлімдеді. Алайда Жайық Иманбаев бұл айыптаулармен келіспейді. Ол өз үндеуінде істің негізсіз екенін және заңдық тұрғыдан дәлелденбегенін айтты.

«БЖЗҚ халықтың маңдай терімен тапқан ақшасы. Біз ай сайын жалақымыздың 10%-ын аударып отырамыз. Мемлекет сол жинақтың бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік берді, халық осы құқықты пайдаланды. Көпшілік бұл қаражатты ипотекасын, несиесін төлеуге немесе емделуге жұмсады. Мұны қалайша қылмыс деуге болады? БЖЗҚ қаражатын алу бірнеше кезеңнен өтеді, бәрі тексеріліп, тіркеледі. Бұл процесті «таныстықпен» айналып өту мүмкін емес. Сондықтан стоматологиялық клиниканы алаяқтық жасады деп айыптау ақылға қонбайды», – деді ол.

Ал тергеу мәліметінше, кейбір клиникалар зейнетақы жинақтарын қолма-қол ақшаға айналдыру үшін 10–15 пайыз көлемінде комиссия алып, жалған стоматологиялық қызметтер рәсімдеген. Дәл осы жайттар, агенттік нұсқасы бойынша қылмыстық істердің қозғалуына себеп болған. Жайық Иманбаев өз үндеуінде БЖЗҚ-ның шетелдік инвестициясына да тоқталды.

«БЖЗҚ 70 миллиард теңгені Әзірбайжанға аударғанда қаржы мониторингі агенттігі мен өзге мемлекеттік органдар қайда болды? Сол кезде ешкім іс қозғамады. Енді қарапайым дәрігерлер мен кәсіпкерлерді жасамаған қылмыс үшін жазалап жатыр», – деді Жайық Иманбаев.

2022 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ-ның шамамен 70 миллиард теңгені Әзірбайжан халықаралық банкінің (IBA) облигацияларына орналастырғаны туралы хабар тараған еді. Бұл мәміле қор активтерін басқаратын Ұлттық банк арқылы жүзеге асқан.

Кейін кейбір сарапшылар мен депутаттар аталған инвестицияның сенімділігіне күмән келтіріп, IBA-ның бұрын да қарыздарын қайта құрылымдағанын еске салған. Ал БЖЗҚ мұндай инвестиция «активтерді әртараптандыру мақсатында және заң талаптарына сай жүргізілді» деп түсіндірген еді. Дегенмен қоғамда бұл шешім қызу пікірталас тудырып, көптеген азаматтар зейнетақы қаражатының шетелдік тәуекелді активтерге салынуына қарсы пікір білдірді.

Жайық Иманбаевтың айтуынша, оның ағалары көп жыл бойы халыққа адал қызмет етіп жүрген дәрігерлер. Қазір олардың бірі тергеу изоляторында, екіншісі іздеуде екен.

«Ағаларым ешкімді алдаған жоқ, ешкімге зиян келтірген емес. Олар өз істерін адал атқарып, адамдарға көмек көрсетіп келді. Заңды түрде берілген мүмкіндікті пайдаланғаны үшін жазалау әділетсіз. Егер мұндай істер жалғаса берсе, халықтың билікке деген сенімі жоғалады. Мемлекет өз азаматтарын қорғауы тиіс, бар нәрсені қылмыс деп іздемеуі керек», – деп қорытындылады күдіктілердің туысы Жайық Иманбаев.

Қазіргі таңда іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Оқылып жатыр

Әлем алпауыттарынының ішінен Ұлттық мүддені қорғаудың ең тиімді жолы көпвектролы жолды жалғастыру – Думан Жекенов 

«Заң үстемдігі биік болсын»: Жемқорларға қарсы күресумен аты шыққан заңгер марапатталды

АҚШ-тың «Томагавк» зымырандарын Украинаға жеткізуден бас тартуы: саясаттың астарында не бар?

«Тынышталыңдар!»: Маңғыстауда ҚТЖ басшылығы жұмысшылар жиналысына «криминал» өкілдерін әкелген (видео)

«Дәлізде жатырмыз»: Алматы облысы Қарасай ауруханасында жүрек ауруымен түскен науқастарға орын жетіспейді

Семейдегі ерлік: Екі жігіт қарт ерлі-зайыптыны жанып жатқан үйден құтқарды

Соңғы жазбалар

Алматы облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Шерзат Полаттың отбасына жаңа үй салынды

24 Қазан, 2025

Түрмедегі тағдырлар: қылмыскерлер Республика күнінің құрметіне жарыс өткізді

24 Қазан, 2025

Алматы тарихында алғаш рет бір оқу жылында 24 жаңа мектеп ашылады

24 Қазан, 2025

70 мың халқы бар аудан 800 мың турист қабылдауға дайын: Бурчун қыстағы «»ақ қар мен алтын туризмнің» мекеніне айналды

24 Қазан, 2025

Қандастарға қамқорлық: тарихи Отанына оралғандарға қандай қолдау көрсетіледі

24 Қазан, 2025

Әлем алпауыттарынының ішінен Ұлттық мүддені қорғаудың ең тиімді жолы көпвектролы жолды жалғастыру – Думан Жекенов 

24 Қазан, 2025

«Әбден лайықты»: Тамара Асарға қатысты сүйінші хабар шықты

24 Қазан, 2025

Алматы облысының жолдарынан алынған жол құрылыс материалдарының 31%-ынан ақау анықталды

24 Қазан, 2025

«Заң үстемдігі биік болсын»: Жемқорларға қарсы күресумен аты шыққан заңгер марапатталды

24 Қазан, 2025

Сыр өңірінің өнерпаздары Швейцарияда Республика күнін жоғары деңгейде атап өтті

24 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.