Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

ЕО 19-шы санкциялар пакетін қабылдады, ішінде қазақстандық банктер бар

23 Қазан, 2025

«Халыққа пайдам тигеніне қуанамын» : су саласының мамандары сұхбат берді

23 Қазан, 2025

Қордайда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі жаңа білім ошағы ашылды

23 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЕО 19-шы санкциялар пакетін қабылдады, ішінде қазақстандық банктер бар
  • «Халыққа пайдам тигеніне қуанамын» : су саласының мамандары сұхбат берді
  • Қордайда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі жаңа білім ошағы ашылды
  • ТШО-дағы дау: ФБР Теңіздегі 100 миллион долларлық коррупция туралы шағымды қабылдады
  • Ұлытау облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды
  • Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады
  • МӘМС 1 триллион теңгені депозитте «тұздап» отыр: Депутат ауруханалардағы қаржы тапшылығын сынады
  • Жетісу облысында «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 23 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қазақстанның көпвекторлы саясаты: тұрақтылық пен теңгерімнің формуласы

23 Қазан, 2025 Ақпарат комитеті
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Ақорда

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері көпвекторлы сыртқы саясат ұстанып келеді. Бұл бағыт елдің геосаяси жағдайына және ұлттық мүдделерін тиімді қорғау қажеттілігіне негізделген, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Тұран университетінің қауымдастырылған профессоры, саясатанушы Айтымбетов Нүркен Ысқақұлының пікірінше, Қазақстанның басты ерекшелігі — Қытай мен Ресей секілді алып державалардың ортасында орналасуы және теңізге шығатын жолының болмауы. Сондықтан ел басынан бері осы екі елмен тең дәрежелі, өзара тиімді байланыс орнатып келеді.

Ол атап өткендей, Қазақстанның халықаралық қатынастардағы табысы — бейтараптық пен көпжақты әріптестікті үйлестіре білуінде. Ел Еуропа, АҚШ, Ресей және Қытаймен қарым-қатынасты қатар дамыта отырып, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтып келеді.

Сарапшының айтуынша, бұл саясаттың басты мақсаты — шетелдік инвестиция тарту және ел экономикасын әртараптандыру. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында табиғи ресурстарды игеру ісіне әлемнің алпауыт компанияларын тартып, экономикалық өсімге қол жеткізді.

Айтымбетов елдің халықаралық аренадағы беделін арттырған бейбіт бастамаларға да тоқталды. Қазақстан ядролық қарудан бас тарту арқылы әлемге үлгі болды, Сирия келіссөздері мен Әлемдік діни көшбасшылар съезін өткізу арқылы жаһандық бейбітшілікті қолдады.

Саясаттанушы елдің қазіргі сыртқы саясатының басты қағидаты — теңгерім мен тұрақтылықты сақтау екенін айтады.

«Қазақстан көршілермен және халықаралық ұйымдармен татулық пен ынтымақтастықты сақтай отырып, сыртқы саясаттағы тепе-теңдікті бұзбауы керек. Бір елге шамадан тыс жақындамай, барлық мемлекеттермен тең дәрежеде байланыс ұстау маңызды», — дейді ол.

Сондай-ақ, сарапшы экономикалық даму мен ұлттық қауіпсіздік арасындағы байланысты күшейтуді ұсынады.

«Әскердің қуаты — шекара тұтастығы мен егемендіктің кепілі. Әскери жүйені реформалап, жастарды өз еркімен баруға ынталандыру қажет. Бұл елдің беделін арттырады», — деп түйіндеді ол.

Оқылып жатыр

«Халыққа пайдам тигеніне қуанамын» : су саласының мамандары сұхбат берді

Қазақстандағы азаматтық қоғамның жаңа кезеңі: 104 грант бөлініп, 27 мың игі іс жасалды

EbitDaddy: Қазақстандық ЖИ-стартап Astana Hub-та өткен Google чемпионатын жеңіп алды

Астаналық оқушы зағип жандарға арналған «ақылды көзілдірік» ойлап тапты

Қазақстанның сыртқы саясаты жаңа геосаяси жағдайда

Қазақстанның көпвекторлы саясаты: ел мүддесін қорғайтын сындарлы бағыт

Соңғы жазбалар

ЕО 19-шы санкциялар пакетін қабылдады, ішінде қазақстандық банктер бар

23 Қазан, 2025

«Халыққа пайдам тигеніне қуанамын» : су саласының мамандары сұхбат берді

23 Қазан, 2025

Қордайда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі жаңа білім ошағы ашылды

23 Қазан, 2025

ТШО-дағы дау: ФБР Теңіздегі 100 миллион долларлық коррупция туралы шағымды қабылдады

23 Қазан, 2025

Ұлытау облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

23 Қазан, 2025

Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады

23 Қазан, 2025

МӘМС 1 триллион теңгені депозитте «тұздап» отыр: Депутат ауруханалардағы қаржы тапшылығын сынады

23 Қазан, 2025

Жетісу облысында «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды

23 Қазан, 2025

Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағы жаңғыртудан өтті

23 Қазан, 2025

«Уақытша ұстау изоляторына ұқсайды»: Семейдегі «Қазпошта» бөлімшесі сынға қалды

23 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.