Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

ЕО 19-шы санкциялар пакетін қабылдады, ішінде қазақстандық банктер бар

23 Қазан, 2025

«Халыққа пайдам тигеніне қуанамын» : су саласының мамандары сұхбат берді

23 Қазан, 2025

Қордайда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі жаңа білім ошағы ашылды

23 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЕО 19-шы санкциялар пакетін қабылдады, ішінде қазақстандық банктер бар
  • «Халыққа пайдам тигеніне қуанамын» : су саласының мамандары сұхбат берді
  • Қордайда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі жаңа білім ошағы ашылды
  • ТШО-дағы дау: ФБР Теңіздегі 100 миллион долларлық коррупция туралы шағымды қабылдады
  • Ұлытау облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды
  • Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады
  • МӘМС 1 триллион теңгені депозитте «тұздап» отыр: Депутат ауруханалардағы қаржы тапшылығын сынады
  • Жетісу облысында «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 23 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері қанша: 2025 жылғы қазан айындағы көрсеткіш

23 Қазан, 2025 Жаңалықтар
Фото: Todayinfo.kz
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елдегі зейнетақының орташа мөлшерін жария етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен 3 триллион 158,1 миллиард теңге сомасында зейнетақы төленді. Оның ішінде:

  • Базалық зейнетақы төлеміне – 1 триллион 22,1 миллиард теңге;
  • Ынтымақты зейнетақы төлеміне – 2 триллион 136 миллиард теңге бағытталды.

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлердің жалпы саны 2 миллион 510 мың адамды құрайды.

Орташа зейнетақы мөлшері қанша?

Министрліктің хабарлауынша, 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен төленетін орташа жиынтық зейнетақының мөлшері 142 810 теңгені құрады. Оның ішінде:

  • Ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 249 теңге;
  • Базалық зейнетақы мөлшері – 47 561 теңге.

Айта кетейік, 1 қыркүйектегі көрсеткішпен салыстырғанда бұл сома сәл төмендеген. Ол кезде орташа жиынтық зейнетақы 142 894 теңгені (ынтымақты – 95 326 теңге, базалық – 47 568 теңге) құраған болатын.

Зейнетақы жүйесін реформалау

Бұған дейін, 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Президент Тоқаев зейнетақы жинақтарының төмен деңгейін сынап, Үкіметке зейнетақы жүйесіне қатысты тәсілдерді шұғыл қайта қарауды тапсырған еді.

Осыған орай, қазан айының ортасында Еңбек министрлігінде әлеуметтік-еңбек саласын дамыту мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің отырысы өтті. Жиынның негізгі тақырыбы – ұлттық зейнетақы жүйесін реформалаудың жаңа тәсілдерін талқылау болды.

Талқыланған негізгі мәселелердің қатарында:

  • Ынтымақты және жинақтаушы компоненттердің арақатынасы;
  • Базалық зейнетақыны есептеу қағидаттары;
  • Қолданыстағы зейнетақы жарналарының мөлшерлемесінің жеткіліктілігі;
  • БЖЗҚ-дан ақшаны мерзімінен бұрын алудың болашақ төлемдерге әсері;
  • Зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жинақтаушы жүйеге тарту шаралары бар.
зейнетақы зейнетақы мөлшері зейнетақы мөлшерін есептеу зейнетақы шекті мөлшері 2025

Оқылып жатыр

Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады

«Уақытша ұстау изоляторына ұқсайды»: Семейдегі «Қазпошта» бөлімшесі сынға қалды

Шұғыл! Алматыда жер сілкінді

«Кімге керек сол үйренсін»: Желіде қазақ тілінің түкке де керегі жоғын айтқан бойжеткен сынға қалды (ВИДЕО)

Күдіктінің бірі бұрынғы полиция қызметкері: Ақмола облысында 56 жастағы екі еркек 12 жастағы қызды зорлап келген

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 12 адамның өмірі қиылды

Соңғы жазбалар

ЕО 19-шы санкциялар пакетін қабылдады, ішінде қазақстандық банктер бар

23 Қазан, 2025

«Халыққа пайдам тигеніне қуанамын» : су саласының мамандары сұхбат берді

23 Қазан, 2025

Қордайда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі жаңа білім ошағы ашылды

23 Қазан, 2025

ТШО-дағы дау: ФБР Теңіздегі 100 миллион долларлық коррупция туралы шағымды қабылдады

23 Қазан, 2025

Ұлытау облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

23 Қазан, 2025

Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады

23 Қазан, 2025

МӘМС 1 триллион теңгені депозитте «тұздап» отыр: Депутат ауруханалардағы қаржы тапшылығын сынады

23 Қазан, 2025

Жетісу облысында «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды

23 Қазан, 2025

Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағы жаңғыртудан өтті

23 Қазан, 2025

«Уақытша ұстау изоляторына ұқсайды»: Семейдегі «Қазпошта» бөлімшесі сынға қалды

23 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.