Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Ақмола облысында апатты мектептің орнына жаңа мектеп салынды

23 Қазан, 2025

ЕО 19-шы санкциялар пакетін қабылдады, ішінде қазақстандық банктер бар

23 Қазан, 2025

«Халыққа пайдам тигеніне қуанамын» : су саласының мамандары сұхбат берді

23 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Ақмола облысында апатты мектептің орнына жаңа мектеп салынды
  • ЕО 19-шы санкциялар пакетін қабылдады, ішінде қазақстандық банктер бар
  • «Халыққа пайдам тигеніне қуанамын» : су саласының мамандары сұхбат берді
  • Қордайда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі жаңа білім ошағы ашылды
  • ТШО-дағы дау: ФБР Теңіздегі 100 миллион долларлық коррупция туралы шағымды қабылдады
  • Ұлытау облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды
  • Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады
  • МӘМС 1 триллион теңгені депозитте «тұздап» отыр: Депутат ауруханалардағы қаржы тапшылығын сынады
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 23 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

БҚО-ның Бәйтерек ауданында 1200 орындық “Келешек мектебі” қолданысқа берілді

23 Қазан, 2025 БҚО
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданына қарасты Достық ауылында 1200 орындық жаңа мектеп қолданысқа берілді. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген заманауи оқу мекемелерінің бірі, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтады.

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа дәуірде мектептің жағдайы мемлекеттің дамуына тікелей ықпал етеді»,-деп атап өтті. «Келешек мектептері» жобасы аясында бой көтерген бұл мектеп – өскелең ұрпаққа жасалған үлкен қамқорлықтың айғағы. Себебі, «Келешек мектебі» – болашаққа нық қадам басқан, заман талабына сай озық технологиялармен жабдықталған, білім мен тәрбие ұштасқан орда боларына сеніміміз мол, — деп өңір басшысы бұл нысанның пайдалануға берілуі апатты жағдайдағы мектептің мәселесін шешіп, ауыл балалары үшін қолайлы әрі сапалы білім алуға жол ашатынын атап өтті.

Достық ауылындағы ескі мектеп ғимараты 1982 жылы салынған және 540 орынға ғана арналған болатын. Уақыт талабына сай келмейтін, апатты деп танылған ғимараттың орнына 3 қабатты жаңа мектеп салу – ауылдың әлеуметтік әлеуетін арттырудағы маңызды оқиғаға айналды.

Жаңа білім ошағында 3 спорт залы, кітапхана, STEM зертханасы, IT сынып, коворкинг орталық, сондай-ақ футбол және баскетбол алаңдары, жүгіру жолақтары бар. Оқу кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылған.

Айта кетейік, биыл Батыс Қазақстан облысында «Келешек мектептері» жобасы аясында 5 мектеп қолданысқа берілді, тағы 4 мектептің құрылысы жалғасуда.

Мектептің ашылу салтанатында ардагер ұстаз Жұмағыз Хасанғалиева ауылда заманауи талаптарға сай жаңа мектептің ашылуын үлкен қуаныш ретінде бағалады:

– Жаңа мектеп – білім мен тәрбиенің ордасы ғана емес, ауылымыздың дамуының, болашаққа деген сенімнің көрінісі. Балаларымыздың жарқын болашағы үшін жасалып жатқан мұндай игі істер үшін Президентімізге алғысымды білдіремін, – деді ардагер ұстаз.

Оқылып жатыр

БҚО-да жұмысшы мамандықтарды насихаттауға арналған фестиваль өткізілді

БҚО Қытаймен әріптестікті күшейтті: жалпы құны 134 млрд теңге болатын 14 меморандумға қол қойды

Қызмет алушылар құқығы басты назарда

БҚО-да жаңа индустриялық кезең басталады: 14 инвестициялық ірі жоба қолға алынды

Ұстаздар күніне орай Батыс Қазақстан облысында мерекелік шара өтті

Еңбекпен өрілген өмір

Соңғы жазбалар

Ақмола облысында апатты мектептің орнына жаңа мектеп салынды

23 Қазан, 2025

ЕО 19-шы санкциялар пакетін қабылдады, ішінде қазақстандық банктер бар

23 Қазан, 2025

«Халыққа пайдам тигеніне қуанамын» : су саласының мамандары сұхбат берді

23 Қазан, 2025

Қордайда «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында екі жаңа білім ошағы ашылды

23 Қазан, 2025

ТШО-дағы дау: ФБР Теңіздегі 100 миллион долларлық коррупция туралы шағымды қабылдады

23 Қазан, 2025

Ұлытау облысында Президент Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

23 Қазан, 2025

Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады

23 Қазан, 2025

МӘМС 1 триллион теңгені депозитте «тұздап» отыр: Депутат ауруханалардағы қаржы тапшылығын сынады

23 Қазан, 2025

Жетісу облысында «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды

23 Қазан, 2025

Түркістан қаласындағы «Парасат» саябағы жаңғыртудан өтті

23 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.