Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Туризм саласындағы 200 әйел маманға қолдау көрсетіледі

25 Қазан, 2025

Алматыда Республика күніне арналған салтанатты концерт өтті

25 Қазан, 2025

Путин Қазақстан-Ресей шекарасы бойынша жарлыққа қол қойды

25 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Туризм саласындағы 200 әйел маманға қолдау көрсетіледі
  • Алматыда Республика күніне арналған салтанатты концерт өтті
  • Путин Қазақстан-Ресей шекарасы бойынша жарлыққа қол қойды
  • Геннадий Головкин World Boxing президенті лауазымына үміткер атанды
  • Назарбаевтың жиені қос азаматтықпен ұсталды: Алтай Асқардың Кипр паспорты мен миллиардтаған мүлкі әшкереленді
  • «Конверттегі жалақыны» енді Жасанды интеллект анықтайды: Қазақстанда жаңа заң дайындалуда
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады
  • «Өту билеті»: Ұлттық компаниялардың «басым құқығы» бәсекелестікті қалай жойып отыр?
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Суббота, 25 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Қазақстан барысы» турнирінің екі дүркін жеңімпазы лауазымды қызметке тағайындалды

24 Қазан, 2025 Спорт
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Абай ақпарат

Абай облысы Аягөз ауданы әкімінің орынбасары қызметіне елімізге танымал спортшы, “Қазақстан барысы” турнирінің екі дүркін чемпионы Айбек Серікболұлы Нұғымаров тағайындалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Айбек Нұғымаров 1987 жылдың 3 маусымында Абай ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келген. Ол Семей политехникалық колледжінде «Заңгер» мамандығын, Семей мемлекеттік педагогикалық институтында «Дене шынықтыру және спорт» бағыты бойынша білім алған.

Кейін Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінде «Құқықтану» мамандығын тәмамдаған. Артынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде құқықтану магистратурасында білімін жоғарлатты.

Спортшының еңбек жолы 2010 жылы Семей қаласындағы Олимпиадалық резервтегі №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы-оқытушы қызметінен басталған. 2013–2019 жылдары ол ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты бұқаралық спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебінде аға нұсқаушы-әдіскер болып еңбек етті. 2019 жылдан бері Семей қаласындағы “Көлік колледжін” басқарған.

Айбек Нұғымаров — қазақ күресі, дзюдо жәнә самбодан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Ол — он мәрте ел чемпионы, төрт дүркін Азия чемпионы, үш дүркін әлем кубогінде топ жарған. Бұған қоса төрт рет әлем чемпионы атағын жеңіп алған. Сондай-ақ, «Еуразия Барысы» турнирінің төрт мәрте жеңімпазы, «Қазақстан Барысы» және «Әлем Барысы» додаларының бірнеше дүркін чемпионы.

Айбек Серікболұлы қоғамдық және саяси салада да белсенді. Ол «AMANAT» партиясының саяси кеңесінің мүшесі. Сонымен қатар VII мен VIII шақырылымдағы Абай облыстық мәслихат депутаты ретінде қызмет атқарған.

Оқылып жатыр

Геннадий Головкин World Boxing президенті лауазымына үміткер атанды

«Есі ауысқан ба?»: Боксшы Биволдың экс-әйелі қазақтар мен қырғыздарды қорлайтын сөздер айтқан

«Қайрат» 10 ойыншымен қалған «Пафос» командасын жеңе алмады

Ломтадзе мен Турлов қазақстандық екі футбол клубын сатып алуға ниетті

«Қайраттың» тәрбиеленушісі болған: 19 жастағы қазақстандық футболшы матч кезінде көз жұмды

17 жастағы боксшының денесі табылды: Оның әкесі де жұмбақ жағдайда қаза тапқан

Соңғы жазбалар

Туризм саласындағы 200 әйел маманға қолдау көрсетіледі

25 Қазан, 2025

Алматыда Республика күніне арналған салтанатты концерт өтті

25 Қазан, 2025

Путин Қазақстан-Ресей шекарасы бойынша жарлыққа қол қойды

25 Қазан, 2025

Геннадий Головкин World Boxing президенті лауазымына үміткер атанды

25 Қазан, 2025

Назарбаевтың жиені қос азаматтықпен ұсталды: Алтай Асқардың Кипр паспорты мен миллиардтаған мүлкі әшкереленді

25 Қазан, 2025

«Конверттегі жалақыны» енді Жасанды интеллект анықтайды: Қазақстанда жаңа заң дайындалуда

25 Қазан, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

25 Қазан, 2025

«Өту билеті»: Ұлттық компаниялардың «басым құқығы» бәсекелестікті қалай жойып отыр?

24 Қазан, 2025

Салықтан жалтарды деп айыпталған BI Group 32,3 млрд теңге дивиденд төлейді

24 Қазан, 2025

Махамбет ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

24 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.