Бүгін Орал қаласында Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету мақсатында Ту көтеру рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев, өңірдің ардагерлері, жастар ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік қызметшілер және қоғам белсенділері қатысты, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды.
Әсем әуенмен бірге еліміздің көк Туы биікке көтеріліп, жиналған жұртшылық рухты сәтті ерекше сезіммен қабылдады.

