Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады

25 Қазан, 2025

Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды

25 Қазан, 2025

Алматы облысында Республика күні кең ауқымда аталып өтті

25 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады
  • Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды
  • Алматы облысында Республика күні кең ауқымда аталып өтті
  • SABA Group компаниясы Республика күніне арналған мерекелік шара өткізді
  • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне 600-ден аса тұрғын қатысты
  • Қызылорда облысында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті
  • Республика күніне орай Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары анықталды
  • Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 26 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қызылорда облысында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті

25 Қазан, 2025 Қызылорда облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында өткен мерекелік салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақ тұрғындарын Ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтап, өңірдің даму бағыттары мен жетістіктеріне тоқталды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

«Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын маңызды мереке.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн. Көк түріктер дәуірінен, Алтын Орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тапқан күн. Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн» — деген еді.

Бабаларымыздың арманы болған азаттықты аялау, халқымыздың татулығын сақтау – бәріміздің басты мұратымыз», – деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі өз сөзінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң өзгерістерге де назар аударды.

Биыл облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн. теңгеден асады. Соңғы үш жылда аймақ экономикасына 1 триллион 600 млрд. теңге инвестиция құйылса, осы жылы 720 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылады. 2025-2028 жылдары құны 2 трлн. теңгеден асатын 89 инвестициялық жоба аясында 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Президент пен Үкіметтің ерекше қолдауымен облыс бюджеті

851 млрд. 300 млн. теңгеге жетіп, 2022 жылдан бері 233 пайызға өсті. Оның 56 пайызы әлеуметтік салаға бағытталды. Даму бюджетінің көлемі 2021 жылы 47 млрд. теңге болса, биыл 207 млрд. теңгеге жетіп, 4,5 есе артты.

Бұл қаражат халықтың өмір сапасын арттыруға, жаңа инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға және өңірдің өзекті мәселелерін шешуге бағытталуда.

Республика күніне арналған салтанатта ел дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар табысталды.

Мерекелік іс-шара облыс өнерпаздарының концертіне ұласты.

Республика күні – ел бірлігі мен тәуелсіздіктің нышаны.

Қызылорда облысы ұлттық мерекені толайым табыстармен, жарқын жетістіктермен және елдік рухты асқақтатқан қуанышпен қарсы алды.

Оқылып жатыр

Сыр өңірінің өнерпаздары Швейцарияда Республика күнін жоғары деңгейде атап өтті

«Мерейлі мерекеңмен, Қызылорда!»

Қызылордада «Алтын күз -2025» салтанатты шарасы өтті

Қызылордада Қорқыт мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық конференция өтті

Қызылорда облысының әкімі агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша тапсырмалар берді

Президент саябағындағы нысандар құрылысы қарқынды

Соңғы жазбалар

Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады

25 Қазан, 2025

Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды

25 Қазан, 2025

Алматы облысында Республика күні кең ауқымда аталып өтті

25 Қазан, 2025

SABA Group компаниясы Республика күніне арналған мерекелік шара өткізді

25 Қазан, 2025

Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне 600-ден аса тұрғын қатысты

25 Қазан, 2025

Қызылорда облысында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті

25 Қазан, 2025

Республика күніне орай Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары анықталды

25 Қазан, 2025

Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

25 Қазан, 2025

Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде ақмолалықтар 500 тоннаға жуық өнім саудалады

25 Қазан, 2025

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты

25 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.