Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Кодпен келген отаршылдық: Тілдің тағдыры алгоритмнің тәрбиесіне тәуелді ме?

26 Қазан, 2025

«Мен ұлтшылдармен сөйлеспеймін!»: Жатқа тиген қазақ қызының жауабы

26 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа кәсіпорындар 500 жұмыс орнын ашады

26 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Кодпен келген отаршылдық: Тілдің тағдыры алгоритмнің тәрбиесіне тәуелді ме?
  • «Мен ұлтшылдармен сөйлеспеймін!»: Жатқа тиген қазақ қызының жауабы
  • Ақмола облысында жаңа кәсіпорындар 500 жұмыс орнын ашады
  • Республика күні: Дубайдағы Бурдж-Халифа Қазақстан туының түсіне боялды (ВИДЕО)
  • АҚШ-тың арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшының орынбасары Қазақстанға ресми сапармен келеді
  • Луврдың бағалы заттары енді Францияның алтын қорымен бірге сақталатын болды
  • Германия АЭС-ін қопарып жатыр, Қазақстан салуға миллиардтар дайындауда. Біз ағысқа қарсы жүземіз бе?
  • Балға лақтыру: Вероника Елисеева Бахрейндегі жасөспірімдер Азиадасының қола жүлдегері атанды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 26 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Алматы облысында Республика күні кең ауқымда аталып өтті

25 Қазан, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Облыс орталығы – Қонаев қаласында Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі және салтанатты жиын ұйымдастырылды. Кешкісін мерекелік концерт көрсетіліп, шара таңғажайып дрондар шоуының көрсетілімімен түйінделіп, өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Республика күні Алматы облысында әдеттегі қалыптасқан дәстүр бойынша ауқымды әрі салтанатты түрде аталып өтті. Өңірдің барлық аудан, қалаларында мыңдаған тұрғынды ел рәміздері астында біріктірген Қазақстанның тәуелсіздігі мен бірлігінің нышаны болып табылатын Мемлекеттік Туды көтеру рәсімдері өткізілді.

Басты мерекелік іс-шара Алматы облысының орталығы – Қонаев қаласында ұйымдастырылды. Салтанатты шарада Құрмет қарауылының қатысуымен, Қазақстанның халық әртісі Талғат Күзембаевтың орындауында қала аспанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны әуелей шырқалды.

Дәл осы сәтте орталық алаңда Мемлекеттік Штандарт көкке көтерілді.

Салтанатты сәттен соң өткізілген мерекелік жиында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жиналған қауымды Республика күнімен құттықтады.

«1990 жылдың 25 қазанында Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданды. Дәл осы күннен еліміздің тәуелсіздікке апарар жолы бастау алды. Бұл күн барша қазақстандықтарды біріктіріп, азаттық пен мемлекеттіліктің нышанына айналды», – деді өз сөзінде өңір басшысы.

Марат Сұлтанғазиев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына және ел игілігіне үлес қосқан облыс тұрғындарына мемлекеттік наградаларды табыс етті. Сондай-ақ, шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының наградалары да өз иелеріне тапсырылды.

Салтанатты рәсім кезінде «Элитстрой» компаниясы Қазақстанның халық әртісі, «Ақжауын» оркестрінің көркемдік жетекшісі Секен Тұрысбекке пәтер кілтін табыстады. Аталмыш сый — өнер иесінің ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан зор еңбегінің жоғары бағаланғандығының белгісі.

Мерекенің шарықтау шегі — орталық алаңда өткен отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен ұйымдастырылған концерт болды. Концерт соңында Алматы облысында алғаш рет таңғажайып мерекелік дрондар шоуы халық назарына ұсынылды. Жүздеген дрон Қонаев аспанына көтеріліп, түрлі-түсті жарықтармен Қазақстанның рәміздері мен мерекелік бейнелерді бейнелеп, көрермендер үшін мерекелік кештің көзайым көрінісіне айналды.

Оқылып жатыр

Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады

Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды

Республика күніне орай Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары анықталды

Алматы облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Шерзат Полаттың отбасына жаңа үй салынды

Алматы облысының жолдарынан алынған жол құрылыс материалдарының 31%-ынан ақау анықталды

Алматы облысының ұстаздары «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауында топ жарды

Соңғы жазбалар

Кодпен келген отаршылдық: Тілдің тағдыры алгоритмнің тәрбиесіне тәуелді ме?

26 Қазан, 2025

«Мен ұлтшылдармен сөйлеспеймін!»: Жатқа тиген қазақ қызының жауабы

26 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа кәсіпорындар 500 жұмыс орнын ашады

26 Қазан, 2025

Республика күні: Дубайдағы Бурдж-Халифа Қазақстан туының түсіне боялды (ВИДЕО)

26 Қазан, 2025

АҚШ-тың арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшының орынбасары Қазақстанға ресми сапармен келеді

26 Қазан, 2025

Луврдың бағалы заттары енді Францияның алтын қорымен бірге сақталатын болды

26 Қазан, 2025

Германия АЭС-ін қопарып жатыр, Қазақстан салуға миллиардтар дайындауда. Біз ағысқа қарсы жүземіз бе?

26 Қазан, 2025

Балға лақтыру: Вероника Елисеева Бахрейндегі жасөспірімдер Азиадасының қола жүлдегері атанды

26 Қазан, 2025

«Ондайды жек көрем»: Роза Рымбаева неліктен тойға шығып, табыс таппайтынын айтты (ВИДЕО)

26 Қазан, 2025

Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады

25 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.