Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Трамп Жапонияға келді: Императормен кездесті, енді «George Washington» авиатасымалдағышында сөз сөйлейді

27 Қазан, 2025

Қазақстан-Ресей шекарасы: Алтай кедені тоннаға жуық украин шоколадын кері қайтарды

27 Қазан, 2025

Алматылық «Қайрат» Қазақстанның бес дүркін чемпионы атанып, медаль саны бойынша рекорд орнатты

27 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Трамп Жапонияға келді: Императормен кездесті, енді «George Washington» авиатасымалдағышында сөз сөйлейді
  • Қазақстан-Ресей шекарасы: Алтай кедені тоннаға жуық украин шоколадын кері қайтарды
  • Алматылық «Қайрат» Қазақстанның бес дүркін чемпионы атанып, медаль саны бойынша рекорд орнатты
  • Қазақстан футболы қара жамылды: Ұлттық құраманың экс-қақпашысы қайтыс болды
  • Қазақстан БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қойды: Бұл азаматтарды қалай қорғайды?
  • WhatsApp «жүйке дертінен» құтқарады: Жауапсыз хабарламаларға енді шектеу қойылады
  • «КазРосГаз» «Газпромға» арзан газ сата ма? Компания енді Қазақстанға да СУГ жеткізуді жоспарлап отыр
  • Елордалық оқушылар теміржол қауіпсіздігін арттыратын жоба ұсынды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 28 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Қонаевта ұйымдастырылған алғашқы дрон-шоуды 15 мың адам тамашалады

25 Қазан, 2025 Алматы облысы
Screenshot
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қонаев қаласында алғаш рет ауқымды дрон-шоу өтті. Республика күніне орай ұйымдастырылған ерекше көріністі тамашалау үшін Орталық алаңға 15 мыңға жуық адам жиналды, деп хабарлайды Todayinfo.

Әуеде  550 дронның көмегімен ерекше композициялар көрсетілді. Шараның шарықтау шегінде көкте әр қазақстандық үшін қастерлі саналатын «Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін. Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің – Қазақстаным!» сөздері пайда болды. Осы әсерлі сәтте дрон-шоуға жиналған көрермен Мемлекеттік Әнұранды бірге орындады.

Дрондар шоуы барысында көкте халықты жігерлендіретін басқа да бейнелер пайда болды. Мысалы, Қазақстан картасы, Мемлекеттік Ту, ұлттық аспабымыз – домбыра мен ноталар, «Алтын адам» бейнесі, барыс, алма және басқа да композициялар, сондай-ақ әділетті әрі мықты мемлекеттің идеясын айқындайтын «Заң мен тәртіп — Закон и порядок» қағидалары көрініс тапты.

Шоудың соңында дрондар «25 қазан – Республика күні» және Қонаев қаласына деген махаббатты білдіретін жазулар мен бейнелер пайда болды.

Айта кетейік, мереке күні қалада өткен концерттерде облыс өнерпаздары, сондай-ақ Хансұлтан, Мөлдір Әуелбекова, Қуандық Рахым, Асылбек Еңсепов, Esko, Ray, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Il Canto квартеті сынды танымал артистер өнер көрсетті. Кештің жүргізушілері Руслан Арманұлы мен Мұрат Мұтырғанов болды. Қонаевта алғаш рет өткен дрон-шоу мен әсерлі концерт Республика күнінде қала тұрғындары мен қонақтарына үлкен қуаныш сыйлады.

Оқылып жатыр

Алматы облысында мемлекеттік наградалар тапсырылды

Алматы облысында Республика күні кең ауқымда аталып өтті

Республика күніне орай Алматы облысында «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары анықталды

Алматы облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Шерзат Полаттың отбасына жаңа үй салынды

Алматы облысының жолдарынан алынған жол құрылыс материалдарының 31%-ынан ақау анықталды

Алматы облысының ұстаздары «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауында топ жарды

Соңғы жазбалар

Трамп Жапонияға келді: Императормен кездесті, енді «George Washington» авиатасымалдағышында сөз сөйлейді

27 Қазан, 2025

Қазақстан-Ресей шекарасы: Алтай кедені тоннаға жуық украин шоколадын кері қайтарды

27 Қазан, 2025

Алматылық «Қайрат» Қазақстанның бес дүркін чемпионы атанып, медаль саны бойынша рекорд орнатты

27 Қазан, 2025

Қазақстан футболы қара жамылды: Ұлттық құраманың экс-қақпашысы қайтыс болды

27 Қазан, 2025

Қазақстан БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қол қойды: Бұл азаматтарды қалай қорғайды?

27 Қазан, 2025

WhatsApp «жүйке дертінен» құтқарады: Жауапсыз хабарламаларға енді шектеу қойылады

27 Қазан, 2025

«КазРосГаз» «Газпромға» арзан газ сата ма? Компания енді Қазақстанға да СУГ жеткізуді жоспарлап отыр

27 Қазан, 2025

Елордалық оқушылар теміржол қауіпсіздігін арттыратын жоба ұсынды

27 Қазан, 2025

Қаратал ауданында кіші жедел басқару орталығы ашылды: Жетісу облысы тұрғындарының қауіпсіздігінің жаңа деңгейі

26 Қазан, 2025

Бәріміз бірге Жаңа Әділетті Қазақстанды құрамыз — жастар қозғалысы

26 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.