Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қаратал ауданында кіші жедел басқару орталығы ашылды: Жетісу облысы тұрғындарының қауіпсіздігінің жаңа деңгейі

26 Қазан, 2025

Бәріміз бірге Жаңа Әділетті Қазақстанды құрамыз — жастар қозғалысы

26 Қазан, 2025

Алматыдағы №56 мектеп ғимаратын сүру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

26 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қаратал ауданында кіші жедел басқару орталығы ашылды: Жетісу облысы тұрғындарының қауіпсіздігінің жаңа деңгейі
  • Бәріміз бірге Жаңа Әділетті Қазақстанды құрамыз — жастар қозғалысы
  • Алматыдағы №56 мектеп ғимаратын сүру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды
  • Кодпен келген отаршылдық: Тілдің тағдыры алгоритмнің тәрбиесіне тәуелді ме?
  • «Мен ұлтшылдармен сөйлеспеймін!»: Жатқа тиген қазақ қызының жауабы
  • Ақмола облысында жаңа кәсіпорындар 500 жұмыс орнын ашады
  • Республика күні: Дубайдағы Бурдж-Халифа Қазақстан туының түсіне боялды (ВИДЕО)
  • АҚШ-тың арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшының орынбасары Қазақстанға ресми сапармен келеді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 26 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

«Мен ұлтшылдармен сөйлеспеймін!»: Жатқа тиген қазақ қызының жауабы

26 Қазан, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

– Тағы бір топ – шет елге кеткен әйелдер. Мен осыларды еш түсіне алмаймын. Германияда, Майнадағы Франкфурт шаһарында әкесінен үлкен шалға тиген талай қазақ қыздарын көрдім. Италияда, Помпейге тақау бір қыстақтағы фермерге тұрмысқа шығып, есекпен тау беткейіндегі жүзімдікке су тасып жүрген қарындасымыз менің қазақ екенімді біліп, тұра қашты. Алматыға босқын болып келген нигериялыққа тиіп, жыл аралатып қара домалақ балаларды бірінен соң бірін шұбыртып отырған Айнұр есімді қарындасымызбен болған әңгімеде «су аяғы құрдым, сөз аяғы қалжың» деп, «қарағым-ау, Қазақстанға ертең кім ие болады, қара бала қазақта да бар емес пе?» дегенмін, ол «мен ұлтшылдармен сөйлеспеймін!» деп, түйеден түскендей, дүңк ете қалды.

Фашист демегеніне шүкір. Қайдан сап ете қалғанын білмеймін, әлгінің әкесі мен шешесі екі жақтан атойлай шауып, қызының қылығын мақұлдап, мені біраз жерге апарып тастады. Шекілдеуігін шағып «күйеу баламыз» тұр бір шетте. «Қай жеңгенің менікі» дегендей, миықтан күліп қояды. Ертеңіне ашуы басылды білем, әлгі қыз мені арнайы іздеп келді: «Негрге тидің деп күстаналайтын тек сіз емес» деп бастады ол әңгімесін, алғашында әкем қарсы болды, шешем «кімге тисең, оған ти, тек жыламай жүрсең болды» деді. Шешем рұқсат берген соң шықтым». Шешені тыңдамасам, кім болғаным?
– Америкада, Калифорнияның Торрансе қаласындағы шағын дүкенде бәліш сатып тұратын Бибігүл деген қазақ қызының күйеуі өзінен отыз жас үлкен атан түйедей алып негр Қазақстанның қайда екенін де білмейді. Оған Қазақстанның не керегі бар?
– Африканың қарға миын қайнатар ыстығында қара баласын жетектеп жалаң аяқ келе жатқан қазақ қызын көріп, әңгімелескенім бар, ол өміріне разы. Қазақстандағы ахуалдарға түк те қызықпайды. Оларды айтпағанда, көрші орыс, тәжік, түрік пен өзбек, қырғызға тиген қазақ қыздары да төркіннен гөрі, көбінесе түскен жерінің жоғын көбірек жоқтайды. Барған жеріне тастай батып, судай сіңуді ойлайтын болар. Қазақстан телеарналарында өзге елдің азаматтарына күйеуге тиген қыздар туралы арнайы хабарлар жүйелі түрде эфирге шығып келеді. Қазақ әндері арқау болған жекелеген клиптерде қазақ қызының күйеуі басқа ұлт өкілі болады. Мақсат не сонда?
-Еревандағы Қазақстан елшілігі алдында жолыққан қазақ әйелі әлі есімде. Ақмола жақтың қызы көрінеді. Бұдан отыз жылдай бұрын Қазақстан-ға жұмыс іздеп келген бір армян етікшіге тұрмысқа шығады. Қазақшаны әлдеқашан ұмытқан. Христиан дініне қалай, қашан өткенін жыр ғып айтады. Жексенбі сайын шіркеуден қалмайды. Елшілікке еден сыпырушы болып орналасқысы келеді екен. Жәрдем сұрайды. «Елге бармаймын, ол жақ суық» дейді.
– Қытайға әйел болған қазақ қыздарының саны жыл санап көбейіп келеді. Әсіресе, Ақтөбе облысы мен Атырау аймақтарының қыздары шетелдіктерге көп шығады. Бұл – ресми мәліметтерден алынған деректер. «Қазақстан бізге жәрдем беруі керек қой» деген қазақ қызын сөйлеткім келіп, (тәжіктің әйелі) «ол неге сендерге көмектесуі керек?» деп әдейі сұрағаным бар. Үндемейді. Қазақстаннан алуға керек. Қазақстан бәріне беру керек. Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевтың шешесі (қазақ қызы, әлбетте) төркіні таяқ тастам жерде тұрса да, қазақша сөйлеуді ұмытқан, өмірден өзін қырғыз сезініп өтті.
Қазақ әйелдеріне байланысты көкейде жүрген көп мәселе бар. Ертеректе бір интернет сайтынан «Көбіне олар (қазақ әйелдері) іштей өздерін өзгелерден кем сезінеді, әдемі емеспіз деп ойлайды. Ерте бояна бастайтыны да содан. Боянбайтын қазақ әйелін сирек көресіз. Шет елде, әсіресе, Еуропада, Америкада боянған әйелді дұрыс түсінбеуі мүмкін. Қазақ қыздары ата-анадан ешқандай шектеу-шегеру көр-мей өседі, оларда мұсылман халықтарына тән қысылу, қымтырылу атымен жоқ. Өздері бұл қылықтарын озық елдерге тән абзал қасиеттер деп есептейді.
Көрші азиялықтар оларды «кәпір қазақ» деп атайды» деген сыңаржақ, қыжыртпа пікір оқығаным бар. Әрине, намысың келеді. Бірақ, қалай десек те, қазақ әйелі деген соңғы жылдары пайда болған бірді-екілі түсініксіз төмен етектілер емес, қазақ әйелі деген – кешегі Қыз Жібек, Домалақ ана, Айман, Шолпан, ақын Сара, Әлия мен Мәншүк, Хиуаз апай мен Фариза, Роза мен Бибігүл… иә, тізімді соза беруге болады. Мұқағали айтпақшы, «Қайран біздің шешелер арды ойлаған!». Арды ойлаған аналарымыздан азған-тозған әлдекімдер садаға кетсін
Есенғали Раушанов

Оқылып жатыр

Республика күні: Дубайдағы Бурдж-Халифа Қазақстан туының түсіне боялды (ВИДЕО)

Луврдың бағалы заттары енді Францияның алтын қорымен бірге сақталатын болды

Германия АЭС-ін қопарып жатыр, Қазақстан салуға миллиардтар дайындауда. Біз ағысқа қарсы жүземіз бе?

«Ондайды жек көрем»: Роза Рымбаева неліктен тойға шығып, табыс таппайтынын айтты (ВИДЕО)

SABA Group компаниясы Республика күніне арналған мерекелік шара өткізді

«Өту билеті»: Ұлттық компаниялардың «басым құқығы» бәсекелестікті қалай жойып отыр?

Соңғы жазбалар

Қаратал ауданында кіші жедел басқару орталығы ашылды: Жетісу облысы тұрғындарының қауіпсіздігінің жаңа деңгейі

26 Қазан, 2025

Бәріміз бірге Жаңа Әділетті Қазақстанды құрамыз — жастар қозғалысы

26 Қазан, 2025

Алматыдағы №56 мектеп ғимаратын сүру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

26 Қазан, 2025

Кодпен келген отаршылдық: Тілдің тағдыры алгоритмнің тәрбиесіне тәуелді ме?

26 Қазан, 2025

«Мен ұлтшылдармен сөйлеспеймін!»: Жатқа тиген қазақ қызының жауабы

26 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа кәсіпорындар 500 жұмыс орнын ашады

26 Қазан, 2025

Республика күні: Дубайдағы Бурдж-Халифа Қазақстан туының түсіне боялды (ВИДЕО)

26 Қазан, 2025

АҚШ-тың арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшының орынбасары Қазақстанға ресми сапармен келеді

26 Қазан, 2025

Луврдың бағалы заттары енді Францияның алтын қорымен бірге сақталатын болды

26 Қазан, 2025

Германия АЭС-ін қопарып жатыр, Қазақстан салуға миллиардтар дайындауда. Біз ағысқа қарсы жүземіз бе?

26 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.