Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
What's Hot

Қаратал ауданында кіші жедел басқару орталығы ашылды: Жетісу облысы тұрғындарының қауіпсіздігінің жаңа деңгейі

26 Қазан, 2025

Бәріміз бірге Жаңа Әділетті Қазақстанды құрамыз — жастар қозғалысы

26 Қазан, 2025

Алматыдағы №56 мектеп ғимаратын сүру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

26 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Қаратал ауданында кіші жедел басқару орталығы ашылды: Жетісу облысы тұрғындарының қауіпсіздігінің жаңа деңгейі
  • Бәріміз бірге Жаңа Әділетті Қазақстанды құрамыз — жастар қозғалысы
  • Алматыдағы №56 мектеп ғимаратын сүру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды
  • Кодпен келген отаршылдық: Тілдің тағдыры алгоритмнің тәрбиесіне тәуелді ме?
  • «Мен ұлтшылдармен сөйлеспеймін!»: Жатқа тиген қазақ қызының жауабы
  • Ақмола облысында жаңа кәсіпорындар 500 жұмыс орнын ашады
  • Республика күні: Дубайдағы Бурдж-Халифа Қазақстан туының түсіне боялды (ВИДЕО)
  • АҚШ-тың арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшының орынбасары Қазақстанға ресми сапармен келеді
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 26 Қазан
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • TodayTV
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы

Кодпен келген отаршылдық: Тілдің тағдыры алгоритмнің тәрбиесіне тәуелді ме?

26 Қазан, 2025 Басты тақырып
Фото: Todayinfo.kz
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Соңғы уақытта ақпараттық ауада қазақ тілінің тағдыры мен мәртебесі туралы пікірталас қайта өрбіді. Кейбір сөз тіркестері тіпті мемге айналып үлгерді. Статистикаға сүйенсек, елде қазақтардың үлесі басым, қазақ тілін меңгерген аудитория да жеткілікті. Алайда, «Неге билік әлі де орыс тілінде сайрап тұр?» деген заңды сұрақ күн тәртібінен түспей келеді.

Көпшілік мұның себебін саяси элитаның орыстілділігімен немесе сыртқы саяси ықпалмен байланыстыруға бейім. Дегенмен, мәселенің тамыры біз ойлағаннан да тереңде – сіз бен біздің балаларымызды (тіпті өзімізді де) тәрбиелеп отырған YouTube пен TikTok-тың алгоритмдерінде жатқан болуы әбден мүмкін.

Бүгінгі баланың алғашқы ұстазы – мектептегі мұғалім емес, қолындағы смартфонның алгоритмі. Баланың не көретінін, неге күлетінін, неге қызығатынын және қай тілде ойлайтынын сол алгоритм шешеді. YouTube пен Instagram-дағы «ұсыныстар» (рекомендациялар) – жаңа оқулыққа, ал TikTok – жаңа тіл мен танымды қалыптастыратын негізгі ортаға айналды.

Осының салдарынан ауылда да, қалада да орыс тілді сыныптар ашуға деген сұраныс кенеттен артты. Мұны ата-аналар «орыс тілінде сабақ сапалырақ өтеді» деген желеумен түсіндіреді. Алайда, бұл – сапа емес. Бұл – алгоритмдер қалыптастырған контенттің иллюзиясы және бала тәрбиесінің әліппесін цифрлық платформаларға беріп қойған ата-ананың жауапсыздығы. Шын мәнінде, бұл – алгоритм тәрбиелеген балалардың тілі сол платформалардың тіліне айналып бара жатқанының айқын дәлелі.

Ең қауіптісі – бұл иллюзияға тек ата-аналар ғана емес, сол шешім қабылдайтын саяси элитаның өзі де сеніп отыр. Олар YouTube пен TikTok қалыптастырған тілдік көрініске, яғни алгоритмдік айнаға қарап, «елде орыс тілді орта басым екен» деген қате қорытынды жасайды. Бірақ бұл – ақпараттық айнадағы елес қана.

Қазақ тілді аудитория бар, оның саны да, сұранысы да жоғары. Бірақ ол алгоритм тұрғысынан «көрінбейді». Алгоритмге көрінбеген нәрсе – саясатта да, статистикада да «жоқ» деп қабылданады.

Бұл жаһандық құбылыс жаңа теориялық ұғымдарды да өмірге әкелді. Америкалық зерттеуші Шошана Зубофф мұны «бақылау капитализмі» (surveillance capitalism) деп атады: цифрлық жүйелер адамның мінез-құлқын үздіксіз бақылап, сол деректерді экономикалық ресурсқа айналдырады.

Ал британдық ғалымдар Ник Кулдри мен Улисес Мехиас бұл үдерісті «дата отаршылдығы» (data colonialism) деп одан да дәл сипаттайды. Егер бұрынғы отаршылдық жерді, табиғи ресурстарды иемденсе, бүгінгі цифрлық отаршылдық адамның санасы мен тілін жаулап алады.

Израильдік ғалым, Нобель сыйлығының иегері Дэниел Канеманның теориясы бұл жерде тағы бір қырын ашады. Оның пайымдауынша, адамда «жылдам ойлау» және «баяу ойлау» жүйесі бар. Алгоритмдер адамды тек «жылдам ойлауға» үйретеді: тез әсерлену, тез көру, тез шешім қабылдау және тез ұмыту. Ал мазмұнды түсіну, талдау, саралау, яғни терең танымды қажет ететін «баяу ойлау» қабілеті жойылып барады.

Сондықтан, бүгінгі шынайы күрес тек тіл үшін емес, ең алдымен, сана үшін жүріп жатыр. Қазақ тілі – тек коммуникация құралы емес, ол – дүниені көрудің, әлемді танудың ерекше формасы. Егер біздің тіліміз алгоритмдер әлемінде әлсіз болып, контент өндірісінде кенже қала берсе, ұлтымыздың танымдық кеңістігі де соғұрлым тарыла бермек.

Бүгінгі отаршылдық зеңбірекпен емес, кодпен келеді. Жер емес, сана жаулап алынады. Тіліміздің ертеңі тек мектептегі бағдарламаға ғана емес, YouTube-тағы ұсыныстар мен TikTok-тағы трендтерге де тікелей байланысты болып тұр.

Осы орайда бір сұрақ туындайды: Біздің балалардың тілі мен ойлау жүйесі — кімнің алгоритмінде қалыптасып жатыр?

отаршылдық тіл қазақ тілі

Оқылып жатыр

АҚШ-тың арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшының орынбасары Қазақстанға ресми сапармен келеді

Германия АЭС-ін қопарып жатыр, Қазақстан салуға миллиардтар дайындауда. Біз ағысқа қарсы жүземіз бе?

«Конверттегі жалақыны» енді Жасанды интеллект анықтайды: Қазақстанда жаңа заң дайындалуда

«Өту билеті»: Ұлттық компаниялардың «басым құқығы» бәсекелестікті қалай жойып отыр?

Салықтан жалтарды деп айыпталған BI Group 32,3 млрд теңге дивиденд төлейді

«Енді ешкім сенбейді»: ТЖМ жалған дабылдан кейін халықтың сенімінен айырылды

Соңғы жазбалар

Қаратал ауданында кіші жедел басқару орталығы ашылды: Жетісу облысы тұрғындарының қауіпсіздігінің жаңа деңгейі

26 Қазан, 2025

Бәріміз бірге Жаңа Әділетті Қазақстанды құрамыз — жастар қозғалысы

26 Қазан, 2025

Алматыдағы №56 мектеп ғимаратын сүру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

26 Қазан, 2025

Кодпен келген отаршылдық: Тілдің тағдыры алгоритмнің тәрбиесіне тәуелді ме?

26 Қазан, 2025

«Мен ұлтшылдармен сөйлеспеймін!»: Жатқа тиген қазақ қызының жауабы

26 Қазан, 2025

Ақмола облысында жаңа кәсіпорындар 500 жұмыс орнын ашады

26 Қазан, 2025

Республика күні: Дубайдағы Бурдж-Халифа Қазақстан туының түсіне боялды (ВИДЕО)

26 Қазан, 2025

АҚШ-тың арнайы өкілі мен Мемлекеттік хатшының орынбасары Қазақстанға ресми сапармен келеді

26 Қазан, 2025

Луврдың бағалы заттары енді Францияның алтын қорымен бірге сақталатын болды

26 Қазан, 2025

Германия АЭС-ін қопарып жатыр, Қазақстан салуға миллиардтар дайындауда. Біз ағысқа қарсы жүземіз бе?

26 Қазан, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.