Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Өзбекстанда ЖИ туралы заң: Нейрожелілерді теріс пайдаланғаны үшін айыппұл төлеп, қамауға алынады

3 Қараша, 2025

Жетісу облысы Достық ауылында «Келешек мектебі» ашылды

3 Қараша, 2025

Қазақтарды «мамбеттер» деген Алика Мұхамедиева сотталып кетті

3 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Өзбекстанда ЖИ туралы заң: Нейрожелілерді теріс пайдаланғаны үшін айыппұл төлеп, қамауға алынады
  • Жетісу облысы Достық ауылында «Келешек мектебі» ашылды
  • Қазақтарды «мамбеттер» деген Алика Мұхамедиева сотталып кетті
  • Алматы облысында Іле өзенінің жағалауында жаңа туристік кластерді дамытуға бағытталған ауқымды жоба іске қосылды
  • Жол ережесін бұзып, көлігіне жалған нөмір таққан депутат видеоны жариялаған азаматтан 5 млн теңге талап еткен
  • Аюсай шатқалында экологиялық сенбілік өтті
  • «Қатты өкінемін»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген блогер үкім алдында жылап жіберді
  • Қазақ жазушысы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын алды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 4 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Ақтөбеде ауқымды үш ірі жоба – драма театр, стадион және спорт кешенінің құрылысы басталды

Ақтөбеде ауқымды үш ірі жоба – драма театр, стадион және спорт кешенінің құрылысы басталды

1 Қазан, 2025 Ақтөбе облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Үшеуі де ел Президентінің тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Todayinfo.

Аталған нысандар облыс орталығындағы Алтын Орда ықшам ауданында орналасатын «Алтын орда» әлеуметтік-іскерлік орталығының құрамына енеді. Бұл орталық қаланың сәулеттік келбетіне көрік беріп қана қоймай, өңір тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа тартымды орынға айналмақ.

Облыс әкімі Асхат Шахаровты қала әкімі Азамат Бекет өңірдегі ірі нысандардың бірі – заманауи «Алтын орда» әлеуметтік-іскерлік орталығының құрылыс жобасымен таныстырды. Азамат Бекеттің айтуынша, орталықтың жалпы аумағы 165,8 гектарды құрайды және ол өңірдің мәдени, спорттық және қоғамдық өмірін жан-жақты дамытуға бағытталған.

«Орталық құрамында 700 орындық облыстық драма театры, 34 980 көрерменге арналған стадион, 5 000 орындық көпфункционалды спорт кешені, сондай-ақ қонақүйлер, сауда және ойын-сауық орталықтары, білім беру мекемелері мен Қазақстан картасының пішінін бейнелейтін «Алтын орда» саябағы салынбақ», – деді Азамат Бекет.

Барлық нысан өзара үйлесімді түрде біріктіріледі. Орталық айналасында демалыс пен серуендеуге арналған абаттандырылған аймақтар жасалып, шағын аудан тұрғындары үшін қолайлы және тартымды орта қалыптасады.

«Алтын орда» әлеуметтік-іскерлік орталығы туристік кластер ретінде қарастырылып отыр, мұнда барлық әлеуметтік нысан орналастырылады. 59 гектар аумақта саябақ салынып, демалысқа барлық жағдай жасалады. Бизнеске арналған қонақүйлер, сауда үйлері және басқа да коммерциялық нысандар үшін жер телімдері арнайы комиссия арқылы бөлінеді, бұл аумақтың инвестициялық тартымдылығын арттырады.

Жер телімінің аумағы мен орналасуы біз үшін өте тиімді. Егер нысандар қаладан тыс салынса, логистика мен шығын жағынан қиындықтар туар еді. Ал қазіргі таңда құрылыс жүріп жатқан жер – қаланың дәл ортасында, қарқынды дамып келе жатқан «Алтын орда» шағын ауданында орналасқан. Бұл өте ыңғайлы, себебі барлық қажетті инфрақұрылым бар және бұл орын стадион салуға да, оның айналасында бизнесті дамытуға да қолайлы. Жалпы аумақ шамамен 180 гектарды құрайды, оның бір бөлігі инженерлік инфрақұрылымға, ал қалған 168 гектары әлеуметтік және коммерциялық нысандарға бөлінеді», – деп атап өтті облыс әкімі.

Құрылыс басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаевтың мәліметінше, орталық аумағында үш ірі нысан – облыстық драма театры, көпфункционалды спорт кешені және футбол стадионының құрылысы қарқынды. Барлық жұмыс бекітілген кестеге сәйкес атқарылуда.

Жаңа драма театры 700 орынға шақталған. Құрылыс жұмыстары қазан айының басында басталды. Дайындық және бетон құю жұмыстары аяқталып, қазір арматуралық қаңқасы бар іргетас орнатылуда.

5 мың көрерменге арналған көпфункционалды спорт кешені 6,1 гектар аумақта салынып жатыр. Нысан аумағы толық қоршалып, алаңды дайындау және іргетасқа арналған шұңқыр қазу жұмыстары жүргізілуде.

34 980 орындық футбол стадионы 25 гектар аумақта бой көтермек. Қазіргі уақытта аумақтың қоршауы аяқталып, құрылысқа дайындық жұмыстары жалғасуда.

Өңір басшысы жобалық-сметалық құжаттама дайын екенін де атап өтті.

«Ақтөбе бұрыннан заманауи үлкен стадионға лайық. Мұнда балалар мен жастардың спортпен айналысуына барлық жағдай жасалады. Алдағы бірнеше жылда облыс орталығында болашақ чемпиондар жаттығатын заманауи спорт аренасы пайда болады», – деді Асхат Шахаров.

Оқылып жатыр

Ақтөбе облысы: екі мыңнан астам әлеуметтік сала маманы халықтың әл-ауқатын арттыруға еңбек етуде

Ақтөбеде 93 ірі өнеркәсіп жобасы жүзеге асырылуда

Хазірет ауылына көгілдір отын жетті

Байғанин ауданында халық игілігіне бағытталған жаңа жобалар қолға алынды

Кеңқияқта мұнайшыларға құрмет көрсетілді

Соңғы жазбалар

Өзбекстанда ЖИ туралы заң: Нейрожелілерді теріс пайдаланғаны үшін айыппұл төлеп, қамауға алынады

3 Қараша, 2025

Жетісу облысы Достық ауылында «Келешек мектебі» ашылды

3 Қараша, 2025

Қазақтарды «мамбеттер» деген Алика Мұхамедиева сотталып кетті

3 Қараша, 2025

Алматы облысында Іле өзенінің жағалауында жаңа туристік кластерді дамытуға бағытталған ауқымды жоба іске қосылды

3 Қараша, 2025

Жол ережесін бұзып, көлігіне жалған нөмір таққан депутат видеоны жариялаған азаматтан 5 млн теңге талап еткен

3 Қараша, 2025

Аюсай шатқалында экологиялық сенбілік өтті

3 Қараша, 2025

«Қатты өкінемін»: Қазақтарды «мамбетке» теңеген блогер үкім алдында жылап жіберді

3 Қараша, 2025

Қазақ жазушысы Қытайдың мемлекеттік сыйлығын алды

3 Қараша, 2025

«Ешкімді блоктамадым»: Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұқбатына жауап берді

3 Қараша, 2025

Батырхан Шүкеновтің жалғыз ұлы алғаш рет әкесі туралы естеліктерімен бөлісті

3 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.