Фото: видео скриншот
Актриса Мөлдір Мұқанова бұрынғы күйеуі, актер Тұрсынбек Қабатовпен ажырасуы және қазіргі қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Мөлдір Мұқанованың сөзінше, олардың отбасылық өміріндегі қиын кезеңдер әлеуметтік желідегі ақпараттар мен сырттан келген хабарламалардан басталған.
– Түнгі сағат 4. Көз алдымнан ол күн кетпейді. Мазам кетті, қайта-қайта ояна беремін. Бала емізіп жүрген кезім. Ұлым дүниеге келген уақыт. Бала ұйықтап жатыр, неге ояна беремін – түсінбеймін. Мазам қатты кетіп жатыр. Бала емізіп жатқан уақытта телефонды алып, қарап қалып ем: «Сіз күйеуіңіздің жүрісі туралы естідіңіз бе? Қазір оның көңілдесі бар» деп жазған. Айдаладағы бір адам жазып жатыр, парақшасы жабық. «Оған біршама құнды сыйлық, пәтер, көлік алып берген. Қымбат тон, алмаз – бәрі қазір соның үстінде» деген пікір жазылды, – деп еске алды ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында.
Актриса әуеліде әлеуметтік желідегі пікірге сеніп қалмағанын, бірақ бұл оның ой‑күйіне қатты әсер еткенін айтты.

