Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Естеріңді жиындар, қатындар»: «Күлпәш» еркектерге ақыл айтты

5 Қараша, 2025

Семейде ер адам өзін мүгедек адам ретінде көрсетіп, қайыр сұрап, ақша жинаған

5 Қараша, 2025

«Қайын атамен айқас»: Қазақ пен қырғыздарды қорлаған Биволдың экс-әйелі ресейде таяқ жеді

5 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Естеріңді жиындар, қатындар»: «Күлпәш» еркектерге ақыл айтты
  • Семейде ер адам өзін мүгедек адам ретінде көрсетіп, қайыр сұрап, ақша жинаған
  • «Қайын атамен айқас»: Қазақ пен қырғыздарды қорлаған Биволдың экс-әйелі ресейде таяқ жеді
  • «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Джумурбаев жетісулық студенттермен кездесті
  • «Қарлы боран, көктайғақ»: Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы мінез танытады
  • Жас мұсылман Нью-Йорк мэрі болып сайланды
  • Алматы облысында 2025 жылы 20 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
  • «Елде бір млн еркектің тоқалы бар»: депутат Абзал Құспан көпшілікке ұнайтын заң қабылдауды ұсынды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 5 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » АҚШ-тан жеткен астыртын ақпарат: Мәскеудің Қазақстанға іштен іріткі салу жоспары ашылып қалды

АҚШ-тан жеткен астыртын ақпарат: Мәскеудің Қазақстанға іштен іріткі салу жоспары ашылып қалды

4 Қараша, 2025 Әлем
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: Анадолы

Орыс жауынгерлері Украин топырағын тыңайтып жатқан тұста, Кремль тағы бір интригаға тұмсық тығып жатыр деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі Ertenmedia-ға сілтеме жасап.

Қазақстанға ерекше екпін беріп, Ресей агрессиясының қауіп-қатерін талдаған Washington Post-тың мәліметінше Мәскеу жақын уақытта іргедегі көршілерін түртпектей бастайды. Киевті үш күнде басып алмақ болған Кремльдің басқа елге соғыс ашуға дәрмені жоқ. Сол себепті арандатудың астыртын амалдарына көшеді.

«Орыстар дезинформация, іштен іріту, барлау қызметі арқылы тұрақсыздық туғызуды мақсат тұтып отыр. Осыған дейін Шығыс Еуропа елдерінде сыналған алгоритмді енді Қазақстан мен Әрменияда тексеріп көрмек», — дейді Washington Post.

Басылымның жазуынша, соңғы жылдары Астана мен Ереван Мәскеуден алшақтай бастаған. 2024 жылы Кремльге тапсырған құпия баяндамасында премьер Мишустин Ресейдің Қапқаз бен Орта Азиядан айырылып жатқанына қапаланып, шара қабылдауды сұрағанға ұқсайды. Аймақ қазір АҚШ үшін стратегиялық маңызға ие. Орта Азияда сирек металдың орасан зор қоры бар.

«Сирек металдың қоры бойынша Қазақстан әлемде үшінші орында тұр. Орта Азия Қытай мен Еуропаны жалғайтын «Орта дәліздің» жүрегі екенін, дәліз Ресей мен Иранды айналып өтетінін ұмытпау керек.

Мәскеудің соңғы уақытта Қазақстан мен Әрменияға шүйлігуі бекер емес. Елдің теріскейінде «орыстілділердің құқығы бұзылып жатыр» деген пропаганда күшейу үстінде. Ресей дәл осы сценарийді Украинаға қарсы пайдаланған еді», — дейді америкалық басылым.

Washington Post-тың пайымдауынша Қазақстан Мәскеу үшін өте-мөте ыңғайлы нысана. Кремль көсемі қол астындағы пропагандистерге Астанаға қарсы абалауға ерік беріп қойған. Путиннің барлаушылары қазір қазақстандық элита ішінен жақтас іздеп, қоғамдық пікірге ықпал етуге күш салып жатқанға ұқсайды.

Мақала авторларының пікірінше, Ақорда теріскейден төнетін қауіп-қатерге төте бере алмасын түсінеді. Сол себепті Тоқаев АҚШ, Батыс, Қытай және Түркиямен саяси әріптестікті күшейту үстінде.

«Қазақстанда әмірикалық компаниялардың экономикалық мүддесі болса, Мәскеудің қолы байланып, агрессиясы қиындайды. Уашингтон сирек метал мен энергетика саласындағы келісім арқылы Астананың аймақтағы ықпалын арттырып, солтүстіктегі тұрақтылықты күшейте алады», – дейді сарапшылар.

Авторлар АҚШ-тың белсенді экономикалық, дипломатиялық және технологиялық араласуы Кремль ықпалына қарсы қалқан боларына сенімді.

«Орыстар көрші елдерді бірде-бір оқ шығармай-ақ іштен іріте алады. АҚШ-пен алыстан араласып, әріптестіктен қашар болса, күні ертең Кремль білгенін істейтін болады», – дейді олар.

Сараптаманы АҚШ әскери-теңіз күштері министрінің экс-орынбасары Сет Кропси мен Turan зерттеу орталығының директоры Жөзеф Епштейн әзірлеген екен.

Оқылып жатыр

Жас мұсылман Нью-Йорк мэрі болып сайланды

Отбасындағы ойран: Енесін өлтірген келін етінен манты жасап, оны көршілеріне таратқан

Ресей дроны Харьковтағы балалар бақшасын қиратты: 48 бала аман қалды

Трамп Путинмен кездеспейтін болды: АҚШ ресейлік компанияларға санкция салды

АҚШ Ресейдің «Роснефть» пен «Лукойлына» санкция салды: Мұнай бағасы 2 доллардан астам өсті

«Бұл өте маңызды мәлімдеме»: Пашинян Тоқаевқа алғыс айтты

Соңғы жазбалар

«Естеріңді жиындар, қатындар»: «Күлпәш» еркектерге ақыл айтты

5 Қараша, 2025

Семейде ер адам өзін мүгедек адам ретінде көрсетіп, қайыр сұрап, ақша жинаған

5 Қараша, 2025

«Қайын атамен айқас»: Қазақ пен қырғыздарды қорлаған Биволдың экс-әйелі ресейде таяқ жеді

5 Қараша, 2025

«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Джумурбаев жетісулық студенттермен кездесті

5 Қараша, 2025

«Қарлы боран, көктайғақ»: Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы мінез танытады

5 Қараша, 2025

Жас мұсылман Нью-Йорк мэрі болып сайланды

5 Қараша, 2025

Алматы облысында 2025 жылы 20 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі

4 Қараша, 2025

«Елде бір млн еркектің тоқалы бар»: депутат Абзал Құспан көпшілікке ұнайтын заң қабылдауды ұсынды

4 Қараша, 2025

«Онлайн талақ айтты»: елге имандылық жайында жар салған журналист үшінші әйелге талақ айтқан

4 Қараша, 2025

726 ұсыныстан 45 жоба: Алмалы ауданында тұрғындардың қатысуымен абаттандыру жұмыстары аяқталды

4 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.