Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Алматы облысында 2025 жылы 20 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі

4 Қараша, 2025

«Елде бір млн еркектің тоқалы бар»: депутат Абзал Құспан көпшілікке ұнайтын заң қабылдауды ұсынды

4 Қараша, 2025

«Онлайн талақ айтты»: елге имандылық жайында жар салған журналист үшінші әйелге талақ айтқан

4 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматы облысында 2025 жылы 20 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі
  • «Елде бір млн еркектің тоқалы бар»: депутат Абзал Құспан көпшілікке ұнайтын заң қабылдауды ұсынды
  • «Онлайн талақ айтты»: елге имандылық жайында жар салған журналист үшінші әйелге талақ айтқан
  • 726 ұсыныстан 45 жоба: Алмалы ауданында тұрғындардың қатысуымен абаттандыру жұмыстары аяқталды
  • «Екі жігіт топты адамға оқ жаудырған»: Түркістан облысында атыстан бір тұрғын мерт болды
  • Alatau City цифрлық экожүйесі: технологиялар, қауіпсіздік және жайлылық
  • Қар шығару жұмыстарының сапасын арттыру үшін Алматыда жол бойындағы боллардтар алынып жатыр
  • Алматыда Қарттар айлығы аясында 25 іс-шара өтті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 5 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Alatau City цифрлық экожүйесі: технологиялар, қауіпсіздік және жайлылық

Alatau City цифрлық экожүйесі: технологиялар, қауіпсіздік және жайлылық

4 Қараша, 2025 Жаңалықтар
Көрнекі фото. Сингапурдың цифрлық егізі. Нейрожелі көмегімен жасалған.
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Alatau City — заманауи Қазақстандағы ең ауқымды қала құрылысы жобаларының бірі. Ол шаһар өмірі мен цифрлық басқарудың жаңа стандарттарын қалыптастыруды мақсат етеді. Бұл жай ғана тұрғын ауданы немесе Алматы маңындағы жоба ғана емес — ерекше мәртебеге ие, тұрақты даму, экологиялық тепе-теңдік және технологиялық интеграция қағидаттары бойынша жаңадан бой көтеретін «қала ішіндегі қала».

Жоба Алматы облысында жүзеге асырылуда және ол төрт дистрикттен тұрады — Gate, Golden, Growing және Green, олардың әрқайсысы өз бағыты бойынша дамиды: өнеркәсіптік-логистикалық пен іскерлік орталықтан бастап, ғылыми-білім беру және туристік кластерлерге дейін.

Жақында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев осы аумақтардың құрылысқа дайындық барысымен танысты.  Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, мұндай құрылым жұмыс, өмір сүру, ғылым және демалыс функциялары табиғи үйлесім тапқан теңгерімді экожүйе құруға мүмкіндік береді.

«Alatau City — жаңа қала тарихын ақ парақтан бастап, қалыптастыруға мүмкіндік беретін ерекше бастама. Негізгі басымдықдар қатарында көлік, инженерлік, әлеуметтік және цифрлық инфрақұрылымды дамыту бар. Инвесторлармен бірлесе қаланатын іргетас тұрақты даму мен цифрлық басқару қағидаттарын енгізуге, адамдардың жайлылығы мен қауіпсіздігіне қызмет ететін жаңа қалалық өмір мәдениетін түзуге жол ашады. Осындай тәсілдің, қолайлы орналасу мен мемлекет қолдауының арқасында Alatau City шетелдік инвестициялар мен халықаралық тәжірибені тартуға қабілетті, бұл өз кезегінде аймақтың экономикалық өсімінің драйверіне айналуына бағыт-бағдар береді. Жоба Қазақстандағы жаңа буындағы инновациялық, экологиялық және халықаралық деңгейде мойындалған Smart-қалалардың үлгісіне айналатынына сенімдімін», — дейді INTEGRA CITY компаниялар тобы Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы Павел Лоран.

Павел Лоран, INTEGRA CITY компаниялар тобы Орталық Азиядағы өкілдігінің басшысы

Болашақтың экологиялық қаласы

Alatau City жобасының негізгі қағидаттарының бірі — қоршаған ортаға ұқыпты қарау мен қамқорлық таныту. Жоба аясында «жасыл» технологияларды енгізу көзделген, яғни энергия үнемдейтін ғимараттар мен су ресурстарын қайта пайдалану жүйелерінен бастап, жаңартылатын энергия көздерін қолдану және қалдықтарды бөлек жинауға дейін.

Қала аймақтың табиғи тепе-теңдігін сақтай отырып, көміртегі салдарын барынша азайту мақсатында жобалануда. Осы мақсатта саябақ аймақтары, жасыл бағыттар және «ақылды көгалдандыру» элементтері қаланың барлық бөлігіне біріктіріледі.

Green District ерекше назарда, бұл — жыл бойы жұмыс істейтін, отбасылық демалыс пен ойын-сауыққа арналған кешенді курортты қамтитын ауқымды туристік кластер. Ол Алматы облысындағы жаңа тартылыс нүктесіне айналып, табиғи сұлулық пен заманауи технологияларды үйлестіретін кеңістік болмақ.

Мұнда тұрақты инфрақұрылымы бар «жасыл қала» тұжырымдамасы жүзеге асырылады: су ресурстары сақталып қана қоймай, көбейтіледі, ал қалдықтар мен энергия тұтынуды басқаруда инновациялық шешімдер қолданылады. Бұл Alatau City жобасын Қазақстандағы экологиялық жауапты урбанизмнің үлгісіне айналдырады.

Цифрлық ДНҚ-сы бар қала

Alatau City «цифрлық ДНҚ-сы» бар қала ретінде жобалануда — мұнда технологиялар қосымша элемент емес, қалалық экожүйенің өзегіне айналады. Инфрақұрылымның әрбір бөлігі — көлік пен энергетикадан бастап экологиялық мониторинг пен қауіпсіздік жүйелеріне дейін деректерді жинап, талдап және нақты уақыт режимінде қаланы басқаруға мүмкіндік беретін бірыңғай интеллектуалды желіге біріктіріледі.

Мұндай тәсіл ресурстарға түсетін жүктемені болжауға, процестерді оңтайландыруға және тұрғындардың қажеттіліктеріне жедел әрекет етуге жағдай жасайды. Қауіпсіздік пен жайлылық — осы тұжырымдаманың ажырамас бөлігі: интеллектуалды бейнебақылау жүйелері, инциденттерді талдау және нақты уақыттағы хабарландырулар тұрғындар өздерін қауіпсіз әрі сенімді сезінетін сенімді цифрлық ортаны қалыптастырады.

Шэньчжэнь қаласы. Автопилотты электробустар. Нейрожелі көмегімен жасалған.

Жобаға деген қызығушылық бүгіннің өзінде тек мамандар деңгейінде ғана емес, жергілікті тұрғындар арасында да айқын сезіледі. Alatau City  Алматы облысында іскерлік орта мен көршілес жандар арасындағы әңгіме барысында да айтылып жүр. Тұрғындар жай девелоперлік жобаны ғана болып қоймай, технологиялардың жұртшылықтың өмір сапасын шынымен жақсарта алатынына үміттенеді, құрылыс жұмыстарының белсенді кезеңін асыға күтеді.

«Ең бастысы — жаңа технологиялар есеп үшін емес, адамдар үшін жұмыс істеуі керек. Біз, тұрғындар, осы жобаға үлкен қызығушылықпен қарап отырмыз, Alatau City шынымен ақылды, әрі ыңғайлы қала болады деп сенеміз. Күнделікті өмірді жеңілдететін шешімдердің, оның ішінде көліктен бастап, экология мен цифрлық сервистерге дейін пайда болуын күтеміз. Бұл жоба тың бастама сипатында емес, кезінде Астана сияқты ел үшін серпіліс әкелсе деп пайымдаймыз», — дейді Алматы облысының тұрғыны Арман П.

Әмбебап шешімдер мен серіктестік экожүйелер

Нағыз «ақылды» қаланы құру үшін девелоперлер мен сәулетшілерден бастап, ІТ-компаниялар мен UrbanTech-шешімдерін жеткізушілерге дейін көптеген тараптардың үйлесімді қатысуы қажет.

Қазіргі уақытта Alatau City-дің цифрлық инфрақұрылымын құру форматы нақты айқындала түсуде — ол бірыңғай оператор басқаратын экожүйе, әлде әртүрлі компаниялардың шешімдерін біріктіретін модель бола ма, бұл кейінірек анықталмақ. Дегенмен, жобаның аралас модель бойынша дамуы ықтимал: яғни, әзірлемелер нарықтағы жетекші ойыншылардың технологияларымен толықтырылады. Платформаны таңдау стратегиялық мәнге ие, өйткені ол қаланың тұрақтылығын, қауіпсіздігін және басқару жеңілдігін айқындайды.

Мұндай тәсіл бірыңғай цифрлық кеңістікте негізгі жүйелерді — бейнеаналитика мен көлік мониторингінен бастап, инженерлік желілер мен қалалық қауіпсіздікті басқаруға дейін — біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл технологиялардың икемділігін, ауқымдылығын және өзара үйлесімділігін қамтамасыз етеді, ал бұл нөлден бастап ұзақ мерзімді дамуға бағытталған қалалар үшін аса маңызды.

«Ашық қала» моделі мемлекет пен технологиялық бизнес арасындағы серіктестікке негіз болады. Бұл — жеке-жеке қызметтер жиынтығы емес, бүкіл қалалық экожүйе деңгейінде жұмыс істейтін әмбебап шешімдер жүйесі.

Осындай кешенді тәсілдің бір мысалы — INTEGRA CITY, заманауи қалаларды басқарудың әмбебап INTEGRA платформасына негізделген цифрлық түрлендіру драйвері. Ол энергетика, жарықтандыру, көлік, қауіпсіздік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, экология және басқа да салаларды біріктіріп, Smart City жүйесінің толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

INTEGRA CITY мамандарының айтуынша, интеграцияланған платформалық шешімдер қалалық ортаны дамытудағы заманауи сын-қатерлерге тиімді жауап беруге мүмкіндік береді, ал бұл үдеріс ресурстарды басқаруды оңтайландырудан бастап, өмір сапасы мен ашықтықты арттыруға дейін жалғасады. Платформа нақты уақыт режимінде IoT-құрылғыларынан деректер жинап, оларды талдайды, инженерлік желілерді басқарады, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және тұрғындармен тиімді кері байланыс орнатады. Мұндай технологиялар тұрақты цифрлық басқарудың негізін қалыптастырып, қала, бизнес және тұрғындар арасындағы өзара әрекеттестікті анағұрлым ашық, әрі нәтижелі етеді.

Ақылды қоқыс контейнерлері, Барселона. Нейрожелі көмегімен жасалған.

Технология тілінде сөйлейтін қала

Alatau City — бұл цифрлық технологиялар қосымша құрал емес, дамудың іргетасына айналатын, Қазақстанның жаңа урбанистикалық дәуірінің символы. Қала цифрлық негізде жобаланады, мұнда сәулет, энергетика, көлік және әлеуметтік қызметтер бірыңғай басқару жүйесіне біріктірілген.

Болжам бойынша, 2050 жылға қарай Alatau City 1,87 миллион тұрғынның мекеніне, сондай-ақ жыл сайын 4 миллионнан астам турист үшін тартымды бағытқа айналады. Қала шамамен 1 миллион жұмыс орнын қамтамасыз етіп, білім беру мекемелері 40 мыңға дейін студент қабылдай алады. Тұрғын үй қоры 55,8 миллион шаршы метрге жетіп, әр тұрғынға орта есеппен 30 шаршы метр жайлы кеңістік ұсынылады, ал 3,6 миллион шаршы метр аумақты қаржы және іскерлік нысандар алады.

Бұл жоба қалалардың болашағы инженерия, деректер және адам қажеттіліктерінің синтезінде екенін дәлелдейді. Alatau City заманауи ақылды қаланың келешекте қандай бола алатынын көрсетеді — ашық, қауіпсіз және өмір сүруге шын мәнінде ыңғайлы.

 

 

 

 

 

Alatau City

Оқылып жатыр

«Елде бір млн еркектің тоқалы бар»: депутат Абзал Құспан көпшілікке ұнайтын заң қабылдауды ұсынды

«Онлайн талақ айтты»: елге имандылық жайында жар салған журналист үшінші әйелге талақ айтқан

«Екі жігіт топты адамға оқ жаудырған»: Түркістан облысында атыстан бір тұрғын мерт болды

Оразалин. Омаров. Алтынбаев. Абдрахманов.Манзоров: Мансапты мұраға алған әкелі-балалы шенділер

Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты істі ҰҚК тергеп жатыр

«Шикі кодекс – бизнеске соққы»: Адвокат Тоқаевтан жаңа Салық кодексін тоқтатуды сұрады

Соңғы жазбалар

Алматы облысында 2025 жылы 20 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі

4 Қараша, 2025

«Елде бір млн еркектің тоқалы бар»: депутат Абзал Құспан көпшілікке ұнайтын заң қабылдауды ұсынды

4 Қараша, 2025

«Онлайн талақ айтты»: елге имандылық жайында жар салған журналист үшінші әйелге талақ айтқан

4 Қараша, 2025

726 ұсыныстан 45 жоба: Алмалы ауданында тұрғындардың қатысуымен абаттандыру жұмыстары аяқталды

4 Қараша, 2025

«Екі жігіт топты адамға оқ жаудырған»: Түркістан облысында атыстан бір тұрғын мерт болды

4 Қараша, 2025

Alatau City цифрлық экожүйесі: технологиялар, қауіпсіздік және жайлылық

4 Қараша, 2025

Қар шығару жұмыстарының сапасын арттыру үшін Алматыда жол бойындағы боллардтар алынып жатыр

4 Қараша, 2025

Алматыда Қарттар айлығы аясында 25 іс-шара өтті

4 Қараша, 2025

Оразалин. Омаров. Алтынбаев. Абдрахманов.Манзоров: Мансапты мұраға алған әкелі-балалы шенділер

4 Қараша, 2025

АҚШ-тан жеткен астыртын ақпарат: Мәскеудің Қазақстанға іштен іріткі салу жоспары ашылып қалды

4 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.