2025 жылдың он айында Алмалы ауданында инженерлік және көлік инфрақұрылымын жаңарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Жылу, су және кәріз желісі жөнделіп, жол мен тротуар жаңартылып, мыңдаған жаңа шам орнатылды. Бұл қала тұрғындарға жайлы жағдай жасап, қауіпсіздікті артыруға бағытталған. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алмалы ауданы әкімі Арман Шамшин осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агентігі.
Аудан әкімдігінің деректері бойынша, қазіргі уақытта жылу желілерінің тозу деңгейі 62%-дан асады, ауызсу жүйелері – шамамен 73%, кәріз желілері – 80%-ға жуық, электр желілерінің 81% тозған. Осыған байланысты кешенді жаңалау мен жаңғырту бағдарламасы жүзеге асып жатыр.
Энергетика және сумен қамту саласы бойынша жұмыстар. «АлатауЖарықКомпаниясы» АҚ 1,2 шақырым электр желісін жаңартты. «Алматы Су» ШЖҚ МКК ауызсу жүйелерін 3,18 шақырымға жаңғыртты. Кәріз жүйесі бағытында 15 көшеде 10 шақырым жаңа желі салынып, «Алматы Су» төрт жерді жаңғыртып шықты. Энергетика және су шаруашылығы басқармасы Мұратбаев көшесінде (Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейін – 1 120 м) және Мұқанов көшесінде (Абай даңғылынан Райымбек даңғылына дейін – 2,5 шақырым) кәріз жүйесін санациялау жұмыстарын аяқтады.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС 30 мекенжай бойынша ұзындығы 12,3 шақырым жылу желілерін жаңартты. Соның арқасында жылумен қамту жүйесінің сапасы артып, жылу энергиясының жоғалуы азайды.
Жол жөндеу және көлік инфрақұрылымы. Он ай ішінде ұзындығы 5,8 шақырым болатын 11 көшеде орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның үшеуі – магистралдық, сегізі – аудандық маңызы бар көшелер. Сондай-ақ Желтоқсан және Райымбек даңғылдары бойында BRT жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
Жөндеу жұмысы аясында 180 мекенжайда шұңқырлар қалпына келтіріліп, бітелді (28 мың шаршы метр), бұл жоспарланған көлемнен 3 мың шаршы метрге артық. 728 люк пен 829 су қабылдағыш ретке келтірілді. 16 мекенжайда тротуарлар (5,4 км) жөнделіп, 14 көшеде ұзындығы 13,8 шақырым болатын техникалық тротуар салынды.
Аудандағы 110 көшеге шам орнатылған. 2025 жылы ескі шамдарды ауыстыру үшін біраз жұмыс істелді: 3 750 жаңа шамы орнатылып, 48,5 шақырым кабель желісі тартылды. Сыртқы жарықтандыру басқару шкафтары да жаңартылып жатыр – 61 нысанның 45-інде жұмыс толық аяқталған.
«Жаяу жүргіншінің қауіпсіздігін арттыру мақсатында Назарбаев, Абай, Сейфуллин, Төле би, Желтоқсан мен Наурызбай батыр көшесінде жарықтандыру жүйесі жаңартылды. Осының арқасында кешкі және түнгі уақытта көше қозғалысы жайлы әрі қауіпсіз болды», — деді Арман Шамшин.

