Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Нашақорлық және Есірткі бизнесі: Жас ұрпаққа төнген қауіп

5 Қараша, 2025

Үйдің ішіндегі «қылмыс»: Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жай-күйі

5 Қараша, 2025

Мұхтар Шахановтың ұлы өмірден өтті

5 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Нашақорлық және Есірткі бизнесі: Жас ұрпаққа төнген қауіп
  • Үйдің ішіндегі «қылмыс»: Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жай-күйі
  • Мұхтар Шахановтың ұлы өмірден өтті
  • ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Kcell» АҚ ынтымақтастықты нығайтады
  • Алмалы ауданында тозған желілер жаңартылып, көше жарығы заманауи форматқа өтті
  • Astana Media Week 2025: ЖИ, жаңа заңдар және Қазақстандағы медианың болашағы
  • Алмалы ауданында жаңа мектеп орындары құрылып, балабақшалар жаңғыртып жатыр
  • Білімге апарар қауіпсіз жол
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 5 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Білімге апарар қауіпсіз жол

Білімге апарар қауіпсіз жол

5 Қараша, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Оқушыларды мектепке жеткізу – білімнің қолжетімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі бағыттардың бірі, әсіресе ауылдық елді мекендер үшін аса маңызды. Алыс ауылдарда тұратын тұрғындар үшін бұл мәселе ерекше мәнге ие, себебі ең жақын мектепке дейінгі қашықтық кейде бірнеше шақырымды құрайды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Бұрынғы жылдары балаларды мектепке жеткізу мәселесі өзекті болған. Көптеген оқушылар мектепке жаяу немесе кездейсоқ көліктермен, кейде ауа райының қолайсыз жағдайында баруға мәжбүр болды. Бүгінде жағдай айтарлықтай өзгерді – мемлекет білім алуға қолайлы жағдай жасауға баса назар аударып, мектепке тасымалдауды жүйелі және тұрақты түрде ұйымдастырып отыр.

Жамбыл ауданында барлығы 65 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 51-і – орта, 6-ы – негізгі және 8-і – бастауыш мектеп. Аудан аумағының кеңдігі мен кейбір ауылдардың шалғай орналасуын ескере отырып, орта мектебі жоқ елді мекендердің оқушылары көрші ауылдарға жеткізіледі.

Аудандық білім бөлімі бас маманы Светлана Сүлейменованың айтуынша, бүгінде оқушыларды тасымалдау 12 мектепте ұйымдастырылған. Бұл мақсатта 13 автобус жұмылдырылған, олармен күн сайын 264 бала мектепке барып келеді.

Мектеп автобустары оқушыларды тек ауылдық округтерден ғана емес, бау-бақша аумақтарынан да тасымалдайды. Мысалы, Үлкен ауылының мектебіне күн сайын «Энергетик» бау-бақша серіктестігінен 9 оқушы келеді, ал Қасымбек ауылындағы мектепке «Тұрар» аумағынан 25 бала қатынайды. Бұдан бөлек, өз ауылында мектеп жоқ балалар Күтпанбетұлы атындағы мектепке (21 оқушы), Қарасай негізгі мектебіне (30), Танбалытас (10) және Сұңқар (41) ауылдарының мектептеріне жеткізіледі. Үмбетәлі ауылындағы мектепке Шолаққарғалы ауылынан 22 оқушы келеді, онда тек негізгі мектеп жұмыс істейді.

Оқушыларды тасымалдауға қауіпсіздік талаптарына толық сай келетін заманауи Golden Dragon маркалы автобустар пайдаланылады. Барлық балалар тек отыратын орындарда жеткізіледі, жол қауіпсіздігі мен тәртіпті сынып жетекшілері бақылайды.

Ата-аналар мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлыққа ризашылықтарын білдіруде. Шиен ауылының тұрғыны Айгерім Абдуахатова: «Балаларым үшін көңілім тыныш. Автобус таза, жылы, техникалық жағдайы жақсы, жүргізуші де тәжірибелі әрі мұқият», – дейді.

Ал тағы бір ата-ана Айгерім Күлчинбаева: «Балаларды тасымалдау жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны қуантады. Біз, ата-аналар, балаларымыздың заманауи автобустармен қауіпсіз жүріп-тұрғанын көріп отырмыз. Жүргізушілер де жол ережелерін қатаң сақтайды. Мемлекетке өсіп келе жатқан ұрпаққа деген қамқорлығы үшін алғыс айтамыз», – деп атап өтті.

Қазіргі таңда мектепке тасымалдау жүйесі – сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі. Осындай шаралардың арқасында әр бала, тұрғылықты жеріне қарамастан, қауіпсіз әрі жайлы жағдайда білім алуға мүмкіндік алып отыр. Бұл – ел болашағына мемлекет тарапынан көрсетілген нақты қамқорлықтың айғағы.

Оқылып жатыр

Алматы облысында 2025 жылы 20 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі

Алматы облысы азық-түлік бағасын тұрақтандыру шараларын күшейтуде

Алматы облысында құрылыс және әлеуметтік инфрақұрылым жобалары қарқынды жүзеге асуда

Алматы облысында Іле өзенінің жағалауында жаңа туристік кластерді дамытуға бағытталған ауқымды жоба іске қосылды

Алматы облысында құны 15 млрд агрокешен іске қосылды

Бизнес пен билік арасындағы ашық диалог: Алматы облысында кәсіпкерлермен кездесу өтті

Соңғы жазбалар

Нашақорлық және Есірткі бизнесі: Жас ұрпаққа төнген қауіп

5 Қараша, 2025

Үйдің ішіндегі «қылмыс»: Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жай-күйі

5 Қараша, 2025

Мұхтар Шахановтың ұлы өмірден өтті

5 Қараша, 2025

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Kcell» АҚ ынтымақтастықты нығайтады

5 Қараша, 2025

Алмалы ауданында тозған желілер жаңартылып, көше жарығы заманауи форматқа өтті

5 Қараша, 2025

Astana Media Week 2025: ЖИ, жаңа заңдар және Қазақстандағы медианың болашағы

5 Қараша, 2025

Алмалы ауданында жаңа мектеп орындары құрылып, балабақшалар жаңғыртып жатыр

5 Қараша, 2025

Білімге апарар қауіпсіз жол

5 Қараша, 2025

«Қызметі үшін баласынан безді»: Түркістан облысының 23 жастағы депутаты Мәжіліс депутатының былығын ашты

5 Қараша, 2025

Алмалының жаңа келбеті: саябақтар, аулалар мен жаяу жүргіншілер аймағы жаңартылды

5 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.