Ақын Мұхтар Шахановтың тағы бір ұлы қайтыс болды.Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазушы Құдияр Біләл жазды, деп хабарлайды Todayinfo.
«Мұхтар Шаханов ағамыздың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін дүниеден озды. Иманы саламат болсын!»,- деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, 2021 жылы ақынның ұлы Рауан Шаханов өмірден озған еді.
Фото: Freepik

