Фото: Жас қазақ
Танымал актер, режиссер әрі театр қайраткері Сәбит Әбдіхалықов жазушы Қанат Тілеуханға берген сұхбатында қазіргі қазақ өнерінің дамуы, болашағы жайында сөз қозғады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Өз басым достық дегенге аса көп сене бермеймін. Нағыз достық қолыңда ештеңе жоқ кезде, яғни студенттік шақта пайда болады деп айтар едім. Себебі студенттік жылдары бір нанды бөліп жеп, бар қиындықты бірге көрген кезде қалыптаса бастайды. Ал жұмыс істеп жүргендегі таныстық әріптестіктен ары аспайды. Алайда уақыт өте келе танысқан жақын достарым бар екенін де жасырмаймын. Өнерде жүргендрдің бәрін жаман дей алмаймын, олардың ішінде де нағыз болатын жандар бар, бірақ бәрін сүзгіден өткізу керек деп есептеймін», дейді өнер иесі.
Сондай-ақ, ол балаларының болашағы туралы сөз қозғады.
«Аллаға Шүкір, мен балаларымның ақылына, біліміне және жақсы маман екеніне сенемін. Олар осы қоғамда өздерінің еркін, мықты, өздерін көрсететін адам болып қалыптасады деген ниетім бар. Маманның заманы болса болды. Қазір нағыз маман бағаланатын заман келді. Бұрынғыдай көкенің, жәкенің баласы деген уақыт артта қалып барады. Мен өзім нағыз принциптің адамымын. Қанша жерде басшы болдым, туысқан, таныстың баласы дегенді түсінбеймі. Кім өзінің мықты екенін дәлелдейді, сол жұмыста қалады», деді ол.

