Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында ол Shanghai Overseas Chinese Commercial Center әйгілі қытай компаниясы бас директорының орынбасары Габриэль Рэй Чих Ле Мередитпен кездесті. Келіссөз барысында тараптар құрылыс саласындағы серіктестік болашағын талқылап, ниеттестік жөніндегі алдын ала келісімге қол қойды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Shanghai Overseas Chinese Commercial Center өкілдері Алматыда құрылыс жобаларын жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.
Тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық және мәдени байланысты нығайтудың, сондай-ақ тұрақты қалалық серіктестікті дамытудың маңызын жеткізді.
Айта кетейік, Shanghai Overseas Chinese Commercial Center – халықаралық жобаларды қолдауға және іскерлік бастамаларды дамытуға бағытталған кең ауқымды коммерциялық, инвестициялық және консалтингтік қызмет көрсететін ірі іскерлік кешен.

