Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Әуезов ауданы Алматы экономикасының 5,8 пайызын қамтамасыз етіп отыр

6 Қараша, 2025

«Халық қатысатын бюджет»: Әуезов ауданында 30 жоба іске асуда

6 Қараша, 2025

Әуезов ауданында 800-ден астам шам орнатылды

6 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Әуезов ауданы Алматы экономикасының 5,8 пайызын қамтамасыз етіп отыр
  • «Халық қатысатын бюджет»: Әуезов ауданында 30 жоба іске асуда
  • Әуезов ауданында 800-ден астам шам орнатылды
  • Атырау облысында 43 ауылға талшықты интернет тартылады
  • Алматы облысы Беларусь Республикасымен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда
  • Абай университеті – әлемдік QS рейтингінде «Бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды
  • Мәжіліс депутаты тағы бір журналисті «жала жапты» деп айыптады
  • Ірі қытай компаниясы Алматыдағы құрылыс жобаларына қызығушылық танытты
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 6 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Абай университеті – әлемдік QS рейтингінде «Бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Абай университеті – әлемдік QS рейтингінде «Бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

6 Қараша, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы педагогикалық бағыттағы көшбасшы Абай университеті QS Stars халықаралық рейтингтік жүйесі бойынша «Бес Жұлдыз» үздік белгісін иеленіп, өзінің позициясын одан ары нықтай түсті. Бұл мәртебелі марапат еліміздің тұңғыш жоғары оқу орнына академиялық, ғылыми-зерттеу, әлеуметтік қызмет және тиімді басқару бағыттарындағы жетістіктері үшін табыс етілді, деп хабарлайды Todayinfo.

Корея Республикасының Сеул қаласындағы Korea университетінде Азиядағы жоғары білім ордалары үшін аса әлеуетті «QS Higher Ed Summit: Asia Pacific – 2025» саммитінің өтіп жатқанына бүгін үшінші күн. Осы салтанатты жиын барысында Абай университеті QS Stars жүйесі бойынша «Бес Жұлдыз» үздік белгісін иеленіп, Қазақстан жоғары оқу орындарына үлкен серпіліс әкелді. Бұл мәртебелі атақ – «5 Stars» үздік белгісі университеттің академиялық, ғылыми-зерттеу, әлеуметтік қызмет және тиімді басқару бағыттарындағы жетістіктері үшін беріліп отыр.

QS Stars рейтингі – жоғары оқу орындарын оқыту сапасы, ғылыми зерттеу, түлектердің жұмысқа орналасуы, әлеуметтік жауапкершілік және басқару тиімділігі сияқты негізгі бағыттар бойынша кешенді бағалайтын халықаралық жүйе. Бұл бағалау әр университеттің бірегей артықшылықтарын айқындап, олардың жаһандық білім кеңістігіндегі орнын көрсетеді.

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-Ректор Болат Тілепке салтанатты түрде табыс етілді. Онда QS Stars жүйесі бойынша аудиттен сәтті өткен және жоғары нәтижелерге қол жеткізген Азияның үздік университеттері аталды.

– Университеттің кешенді аудиттен өтуі біздің мықты және әлсіз тұстарымызды айқындауға әрі даму бағыттарымызды нақтылауға мүмкіндік берді. Ал «Бес Жұлдыз» рейтингі – халықаралық деңгейде бүкіл ұжымымыздың жүйелі, мақсатты және қажырлы еңбегінің мойындалуының айқын дәлелі», – деді ректор.

Осылайша, Абай университеті «Болашақ жоғары білім» саммитінде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, Қазақстанның жоғары білім саласының сапасы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Естеріңізге сала кетейік, білім берудегі жаңа технологиялар, демографиялық өзгерістер және Азия университеттерінің тәжірибесі биылғы саммиттің басты тақырыбына айналды. Панельдік сессияларда стратегиялық ынтымақтастық негізі тренд ретінде қаралды. Халықаралық басқосу қазіргі университеттер үшін географиялық орналасу немесе елдің экономикалық даму деңгейі басты нәрсе емес екені айқындап, ғаламдық академиялық қауымдастықты біріктіретін стратегиялық әріптестік желілері мен оларды дамыту маңызды екенін көрсетті.

Оқылып жатыр

Мәжіліс депутаты тағы бір журналисті «жала жапты» деп айыптады

«Тұрсынбектің көрпесінің астына кіріп алдық»: Омар Жәлел Қабатов туралы ойын ашық айтты

Қытай теміржолшылары Қазақстанда жұмыс істейтін болады

«Сапасыз үй, жалған уәде»: Басшысы Тоқаевпен кездескен Qazaq Stroy кеңсесіне Ленин мүсінін қойған

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Kcell» АҚ ынтымақтастықты нығайтады

Astana Media Week 2025: ЖИ, жаңа заңдар және Қазақстандағы медианың болашағы

Соңғы жазбалар

Әуезов ауданы Алматы экономикасының 5,8 пайызын қамтамасыз етіп отыр

6 Қараша, 2025

«Халық қатысатын бюджет»: Әуезов ауданында 30 жоба іске асуда

6 Қараша, 2025

Әуезов ауданында 800-ден астам шам орнатылды

6 Қараша, 2025

Атырау облысында 43 ауылға талшықты интернет тартылады

6 Қараша, 2025

Алматы облысы Беларусь Республикасымен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

6 Қараша, 2025

Абай университеті – әлемдік QS рейтингінде «Бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

6 Қараша, 2025

Мәжіліс депутаты тағы бір журналисті «жала жапты» деп айыптады

6 Қараша, 2025

Ірі қытай компаниясы Алматыдағы құрылыс жобаларына қызығушылық танытты

6 Қараша, 2025

«Qarmet» АҚ Ұлытау облысына 700 миллион теңге бөледі

6 Қараша, 2025

«Ерлерге болады да, әйелдерге болмай ма?»: Баян Алагөзова көпкүйеулікті заңдастыруды ұсынды

6 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.