Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Алматыда балалар үйі өртенді

9 Қараша, 2025

«Отбасын ойран ететін қатындар»: Қарақат Әбілдина Тұрсынбек Қабатовтың ажырасуы туралы айтты

9 Қараша, 2025

Ақша бопсалаған тағы бір блогер ұсталды

9 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматыда балалар үйі өртенді
  • «Отбасын ойран ететін қатындар»: Қарақат Әбілдина Тұрсынбек Қабатовтың ажырасуы туралы айтты
  • Ақша бопсалаған тағы бір блогер ұсталды
  • Кәрім Мәсімовтың болат қылышы сатылды
  • «Күйеу ретінде рөлін жақсы атқара алмаған шығар»: Тұрсынбек Қабатовтың үшінші қызы анасын тастап кеткен әкесіне араша түсті
  • Президент теннисші Елена Рыбакинаны құттықтады
  • Ақмола облысының 100-ден астам педагогі жасанды интеллектіні оқу процесіне енгізіп жатыр
  • «Әкемнің қайтыс болғанын естігенде, өзімді кешіре алмадым» (видео)
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Жексенбі, 9 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Райымбек ауданында өсірілген картоп алғаш рет америкалық корпорацияға жеткізілді

Райымбек ауданында өсірілген картоп алғаш рет америкалық корпорацияға жеткізілді

8 Қараша, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы облысының картоп өндірушілері халықаралық байланыстарды нығайтып, әлемдік деңгейдегі ірі компаниялармен әріптестік орнатуда. Соның бірі – Райымбек ауданындағы «Алтын дән 1» өндірістік кооперативі америкалық PepsiCo трансұлттық корпорациясына өз өнімін жеткізуді бастады, деп хабарлайды Todayinfo.

Биыл ауданның шаруалары 2300 гектар алқапқа картоп егіп, әр гектардан 200–250 центнер өнім алды. Мұндай жоғары көрсеткіштерге интенсивті технологияларды енгізу және заманауи суару жүйелерін пайдалану арқылы қол жеткізілді.

PepsiCo компаниясымен жасалған келісім жергілікті агробизнестің дамуына үлкен серпін берді. Америкалық тарап кооперативке элиталық картоп тұқымдарын беріп, инновациялық суару технологияларын игеруге көмектесті. Бұл жұмыстар 150 гектар алқапта жүзеге асырылды.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев халықаралық корпорациялармен әріптестік өңір үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті:

«PepsiCo зауытының құрылысы қарқынды жүріп жатыр, алдағы жылдың бірінші тоқсанында оны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Құрылыс жұмыстарына қарамастан, картоп өсірушілермен жұмыс тек біздің өңірде ғана емес, Павлодар және Ақмола облыстарында да жүргізілуде. Райымбек ауданында жинақталған тәжірибе өзге шаруашылықтарға да таратылатын болады. Ең бастысы – өнімге кепілді өткізу бар, себебі барлық шикізат компанияның көкөніс қоймаларында сақталады».

Өндірістік кооператив төрағасы Дулат Құлмамыровтың айтуынша, ауыл шаруашылығын жаңғырту ісінде мемлекеттік қолдаудың маңызы зор:

«Мемлекет жаңбырлатып суару жүйелерін орнатуға жұмсалған қаражаттың 80 пайызын субсидия түрінде өтеп берді. Бұл шамамен 100 миллион теңгені құрады. Біз үшін бұл – үлкен көмек».

Облыс әкімі сонымен қатар келер жылы Райымбек ауданында жергілікті тұқым шаруашылығын құру жоспарланып отырғанын айтты. Бұл бастама азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, отандық картоп сапасын арттыруға мүмкіндік береді:

«Райымбек ауданы картоп өсіру үшін қолайлы климатқа, жинақталған тәжірибеге және дайын өткізу нарығына ие. PepsiCo компаниясымен әріптестік осы саланың дамуына жаңа серпін береді».

Саланы әрі қарай дамыту және өнім сақтау көлемін ұлғайту мақсатында жергілікті шаруалар 10 мың тоннаға арналған заманауи көкөніс сақтау қоймасын салу қажеттігін атап өтті. Облыс әкімі бұл мәселе жуық арада шешілетінін айтты.

PepsiCo компаниясымен орнаған ынтымақтастық өңір аграрийлері үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, Алматы облысының инвестициялық тартымдылығын арттыра отырып, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға берік негіз қалайды.

Оқылып жатыр

Алматы облысында ауыл шаруашылығын қаржыландыру және субсидиялау мәселелері талқыланды

Алматы облысы Беларусь Республикасымен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

Білімге апарар қауіпсіз жол

Алматы облысында 2025 жылы 20 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі

Алматы облысы азық-түлік бағасын тұрақтандыру шараларын күшейтуде

Алматы облысында құрылыс және әлеуметтік инфрақұрылым жобалары қарқынды жүзеге асуда

Соңғы жазбалар

Алматыда балалар үйі өртенді

9 Қараша, 2025

«Отбасын ойран ететін қатындар»: Қарақат Әбілдина Тұрсынбек Қабатовтың ажырасуы туралы айтты

9 Қараша, 2025

Ақша бопсалаған тағы бір блогер ұсталды

9 Қараша, 2025

Кәрім Мәсімовтың болат қылышы сатылды

9 Қараша, 2025

«Күйеу ретінде рөлін жақсы атқара алмаған шығар»: Тұрсынбек Қабатовтың үшінші қызы анасын тастап кеткен әкесіне араша түсті

9 Қараша, 2025

Президент теннисші Елена Рыбакинаны құттықтады

9 Қараша, 2025

Ақмола облысының 100-ден астам педагогі жасанды интеллектіні оқу процесіне енгізіп жатыр

9 Қараша, 2025

«Әкемнің қайтыс болғанын естігенде, өзімді кешіре алмадым» (видео)

8 Қараша, 2025

Сиыр еті 20 мың теңгеге дейін қымбаттай ма — сарапшы жауап берді

8 Қараша, 2025

«Көмектеспейді, балаларын іздемейді»: Олжас Абайдың әйелі ажырасқандарын айтты

8 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.