Tанымал әнші Қарақат Әбілдина өзінің Instagram парақшасында өнер жұлдыздары Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың ажырасуына қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.
«Мөлдірдің жан сырын тыңдап, жылап та алдым. Жақсы танитын, төрінде отырып, құрметін көрген, бақытты сәттерінің куәсі болған отбасының шаңырағы шайқалғаны оңай тимей тұр. Бірін даттап, бірін ақтау емес менің мақсатым. Екеуін де жақсы көретін жандар ретінде, мәселенің басы шығып, ел дүрліге бастағанда “ақылға келіңдер” деп тоқтау айтқаным бар»,- деді әнші.
Сонымен қатар ол бақытты отбасын бұзатын әйелдер жайлы пікірін жазған.
«Біреудің айрандай ұйып отырған отбасын ойран ететін қатындар не ойлайды екен?! Басқаның бақытын ұрлап, өзі бақытты болам деу – нағыз адасқандық! Бақыт ешқашан біреудің көз жасынан, қарғысынан, обалынан құралмайды! Нағыз бақыт адал жолмен, армен, ұятпен, сауаппен келеді!
Әйелінің қадіріне жете алмай жүрген ер адамдарға да айтатын сөз бар: сіздің абыройыңыз үшін өмірін сарп еткен әйелдеріңізді құрметтеп, бағалаңыздар!
Өмірде түрлі жағдай болады. Кім қателеспейді? Құдай қаласа, осы ауыр сынақтан да аман-есен шығып, отбасының сол байырғы әдемі күйге келетінінен үміт үзбейік. Отбасы – киелі ұғым, Алланың атымен құрылған ақ некені бұзуға ешкімнің хақысы жоқ», — деп жазды ол
Фото: әлеуметтік желіден

