Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Құранды бейкүнә балалардың өмірінен маңызды санағаны ма?»: журналист Әмина қажыны сынады

10 Қараша, 2025

Астанада жаңа оқушылар сарайлары салынып жатыр

10 Қараша, 2025

Түрмеден шыққандардың тағдыры дөңгелек үстелде талқыланды

10 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Құранды бейкүнә балалардың өмірінен маңызды санағаны ма?»: журналист Әмина қажыны сынады
  • Астанада жаңа оқушылар сарайлары салынып жатыр
  • Түрмеден шыққандардың тағдыры дөңгелек үстелде талқыланды
  • Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2025 жылдың 10 айында 6,4%-ды құрады
  • AI саяхат индустриясын қалай өзгертеді
  • Әскерде жарақат алған Ербаян Мұхтар Түркиядағы емін аяқтап, елге оралды
  • «Бұлар қазақ дәстүрін біле ме?»: Асанәлі Әшімов немересін ұзатты (ВИДЕО)
  • «Төңкерісті түстеріңде көресіңдер»: Жапаров жауларына кезекті рет сес көрсетті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 10 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Армандар орындалады»: Димаштың Барселонадағы концертінде жас қазақстандық әнші өнер көрсетті

«Армандар орындалады»: Димаштың Барселонадағы концертінде жас қазақстандық әнші өнер көрсетті

10 Қараша, 2025 Шоу бизнес
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фото: DimashNews

Димаш Құдайбергеннің Барселонадағы концертінде көрермендер арасында жас қазақстандық әнші Жанель Али болды. Ол — Димаштың үлкен жанкүйері және Испаниядағы фан-клубының мүшесі. Клубтың шақыруымен Жанель pre-party іс-шарасында «Ұмытылмас күн» мен «Махаббат бер маған» әндерін орындаған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Olimpic Arena Badalona сахнасына Жанель ұлттық киіммен келіп, көпшіліктің назарын өзіне аударды. Димаш оны байқап, сөйлесіп, оның вокалист екенін білген соң, сахнаға шығуға шақырған.

Көпшіліктің алдында жылы лебізін білдірген Димаш жас орындаушыға қолдау көрсетіп, оның орындауындағы «Ұмытылмас күн» әнінің үзіндісін сүйсіне тыңдап, шығармашылық жолына сәттілік тіледі.

DimashNews редакциясына берген сұхбатында Жанель өзі туралы айтып берді:

«Менің атым — Жанель Али, жасым 15-те. Туған жерім — Қазақстан, Астана қаласы. Балалық шағымнан бері ән айтуға әуеспін, сондықтан Қазақ ұлттық өнер академиясына эстрадалық вокал мамандығына түстім.

2022 жылы отбасымызбен жұмыс бабымен Испанияға, шуақты Аликанте қаласына көшіп келдік.

Сол жылы мен «Голос дети Испания» жобасына қатысып, Кристина Агилераның Hurt әнін орындап, 12 жасымда финалға шықтым.

Қазір Испания консерваториясында опера әншісі мамандығы бойынша білім алып жүрмін.

Димаштың концертіне және pre-party кешіне арнайы дайындалып, ұлттық костюмімді Қазақстанда тіктірттім. Себебі мен — қазақпын, және қазақ болғаныма мақтанамын. Біздің ұлттық киіміміз испандықтар мен шетелдіктерді әрдайым таңғалдырады. Олар біздің мәдениетке қызығушылықпен қарайды.

Мен кішкентайымнан Димашпен бір сахнада ән айтуды армандадым. Бүгін сол арманым орындалды.

Әрине, Димаш мені сахнаға шақырғанда қуаныштан толқып, көзіме жас келді, айтқым келген сөздерімді ұмытып та қалдым. Ал шын мәнінде, мен бүкіл әлемге халқымызды мақтан ететінімді және Димаш арқылы Қазақстан мәдениеті жаһанға танылып жатқанын айтқым келді.

Оны сөзбен жеткізу қиын — бұл сәтті миллиондаған жанкүйер армандайды ғой. Димаш ағаға тек шексіз ризашылығымды білдіремін. Әлі күнге дейін бір сахнада ән айтқаныма сене алмай тұрмын.

Испанияға арнайы келіп, керемет концерт сыйлағаны үшін Димашқа және оның командасына үлкен алғыс айтамын!»

Оқылып жатыр

«Бұлар қазақ дәстүрін біле ме?»: Асанәлі Әшімов немересін ұзатты (ВИДЕО)

«Қарақатың қайда?»: Желіде Қыдырәлінің жас қызбен «сүйісіп тұрған» видеосы тарады

«Ерлерге болады да, әйелдерге болмай ма?»: Баян Алагөзова көпкүйеулікті заңдастыруды ұсынды

Әйел тастаудан рекордсмен: Сәбит Әбдіхалықов Қабатовтың шуынан кейін өнер адамдары жайлы пікір білдірді

«Бәрі білген, бірақ үндемеген»: Тұрсынбектің тоқалының тойында өнердегі әріптестері де болған

«Түрмедегі күйеуім үйімді сатып жіберген»: Қазақстандық әнші Тоқаевтан көмек сұрады

Соңғы жазбалар

«Құранды бейкүнә балалардың өмірінен маңызды санағаны ма?»: журналист Әмина қажыны сынады

10 Қараша, 2025

Астанада жаңа оқушылар сарайлары салынып жатыр

10 Қараша, 2025

Түрмеден шыққандардың тағдыры дөңгелек үстелде талқыланды

10 Қараша, 2025

Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2025 жылдың 10 айында 6,4%-ды құрады

10 Қараша, 2025

AI саяхат индустриясын қалай өзгертеді

10 Қараша, 2025

Әскерде жарақат алған Ербаян Мұхтар Түркиядағы емін аяқтап, елге оралды

10 Қараша, 2025

«Бұлар қазақ дәстүрін біле ме?»: Асанәлі Әшімов немересін ұзатты (ВИДЕО)

10 Қараша, 2025

«Төңкерісті түстеріңде көресіңдер»: Жапаров жауларына кезекті рет сес көрсетті

10 Қараша, 2025

Мемлекеттік қуыршақ театрында «Менің атым – Қожа» қойылымының премьерасы өтеді

10 Қараша, 2025

Ақтөбе облысының азық-түлік тұрақтандыру қорына 4,5 миллиард теңге бөлінді

10 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.