Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Құранды бейкүнә балалардың өмірінен маңызды санағаны ма?»: журналист Әмина қажыны сынады

10 Қараша, 2025

Астанада жаңа оқушылар сарайлары салынып жатыр

10 Қараша, 2025

Түрмеден шыққандардың тағдыры дөңгелек үстелде талқыланды

10 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Құранды бейкүнә балалардың өмірінен маңызды санағаны ма?»: журналист Әмина қажыны сынады
  • Астанада жаңа оқушылар сарайлары салынып жатыр
  • Түрмеден шыққандардың тағдыры дөңгелек үстелде талқыланды
  • Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2025 жылдың 10 айында 6,4%-ды құрады
  • AI саяхат индустриясын қалай өзгертеді
  • Әскерде жарақат алған Ербаян Мұхтар Түркиядағы емін аяқтап, елге оралды
  • «Бұлар қазақ дәстүрін біле ме?»: Асанәлі Әшімов немересін ұзатты (ВИДЕО)
  • «Төңкерісті түстеріңде көресіңдер»: Жапаров жауларына кезекті рет сес көрсетті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Дүйсенбі, 10 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Түрмеден шыққандардың тағдыры дөңгелек үстелде талқыланды

Түрмеден шыққандардың тағдыры дөңгелек үстелде талқыланды

10 Қараша, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Social Project Management» орталығы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы халыққа арнаған Жолдауында айқындалған «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мақсатында «Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеудегі өзекті мәселелер» атты дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

Іс-шараға Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) өкілдері, Еңбек мобилділігі орталығының мамандары, жұмыс берушілер, заңгерлер, құқықтанушылар, психологтар, үкіметтік емес ұйым мүшелері және жастар қауымы қатысты.

Дөңгелек үстелді жобаның жетекшісі әрі ұйымдастырушысы Бейбіт Молдахметұлы ашып берді. Ол үш жыл бойы жүргізіліп келе жатқан әлеуметтік жобаның нәтижелері мен қоғамдағы маңыздылығына тоқталды.

«Бұл жоба – тек түрмеден шыққандарға көмек емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін қажет бастама. Биылғы жылы ғана 40-тан астам азаматқа заңгерлік көмек көрсетіліп, 120-дан астам адам психологиялық тренингтерге қатысты. Сонымен қатар, түрме қабырғасында мотивациялық кездесулер өткізіліп, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатылды», – деді ол.

Оның сөзін жалғаған психолог Гүлбанум Мурадуллаева түзеу мекемелерінде жүргізілген тренингтер туралы айтты. Ол сотталғандардың ішкі күйзелісі мен қорқыныш сезімін жеңудің қиындығын ерекше атап өтті.

«Көпшілігі еркіндікке шыққан соң өмірге қайта бейімделе алмай, “тағы да қылмысқа баруым мүмкін бе?” деген қорқынышпен өмір сүреді. Олардың көбінде ішкі тірек, яғни өмірлік бағыт-бағдар қалыптаспаған. Менің мақсатым – сол ішкі тіректі табуға, өзін-өзі бағалауға көмектесу», – деді психолог.

Алматы қаласы ҚАЖ департаментінің пробация қызметінің басшысы, әділет майоры Мирлан Ақсақалов өз сөзінде жобаның тиімділігіне тоқталып, оның жалғасын табуына үміт білдірді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында “Заң және тәртіп” қағидатын баса айтты. Қоғамның тұрақтылығы заң үстемдігіне негізделеді. Ал заңды қамтамасыз ету тек жазалау емес, түзету мен бейімдеу шараларын да қамтиды. Сондықтан осындай жобалар қоғамдағы қылмыстың алдын алуға зор ықпал етеді», – деді ол.

Құқықтанушы Қалбуби Жанботаева түрмеден шыққан азаматтарға құқықтық көмек көрсетудің күрделі әрі ұзақ процесс екенін айтты.

«Кей жағдайда арыздар мен өтініштердің қаралу мерзімі созылып кетеді, сот шешімдері бойынша толық түсіндірме берілмейді. Мұндайда біз қайтадан құжат жинап, бірнеше айдан кейін ғана қайта жолдай аламыз. Бұл — адамға да, мамандарға да психологиялық салмақ түсіреді. Сонымен қатар, пробация қызметкерлерінің еңбекақысы төмен. Олар ауыр әрі жауапты жұмысты атқарып отыр, сондықтан олардың еңбегі лайықты бағалануы тиіс», – деді құқықтанушы.

Дөңгелек үстелде жұмыс берушілер де өз пікірлерін білдірді. «Казмонтаж» ЖШС бас инженері Ұлан Мекебаев әлеуметтік жауапкершілік танытып, бұрын сотталған азаматтарға жұмыс ұсынғанын айтты.

«Бізде электр сымдарын тарту, монтаждау бойынша мамандар жетіспейді. Айлық 300 мың теңгеден басталады. Бірнеше адамды шақырдық, бірақ кейбірі жұмысқа шықпай қойды немесе жалақыны азсынды. Алайда бұл бағыттағы жұмыс тоқтамауы тиіс. Әлеуметтік бейімделу уақыт пен сенім талап етеді», – деді ол.

Жиын соңында заңгер Бақыт Ақышев жобаның жалпы қоғам үшін маңызын атап өтті.

«Бұл жоба – оңай шаруа емес. Түрмеден шыққандарды бейімдеу — кез келген ел үшін өзекті мәселе. Бүгінде университет бітірген жастардың өзі жұмыс табуда қиналады, ал бұрын сотталғандар үшін бұл екі есе қиын. Бұрын мұндай істермен учаскелік полицейлер айналысатын, қазір пробация қызметінің құрылуы олардың жүктемесін жеңілдетті. Бірақ әлі де бірлесіп жұмыс істеу қажет», – деді ол.

Кездесу қорытындысында қатысушылар түрмеден шыққандарды қоғамға бейімдеу жүйесін жетілдіру, жұмысқа орналастыру механизмдерін кеңейту және әлеуметтік стереотиптерді жою бағытында ұсыныстар енгізді.

Дөңгелек үстел соңында ұйымдастырушылар мұндай кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп, азаматтардың қайта әлеуметтенуіне жағдай жасалатынын жеткізді.

Оқылып жатыр

Алматыда 6 мыңнан астам ана «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған

Алматыда жол мамандары сенбілік өткізді

Пациент дәрігерге қаншалықты ерте қаралса буын ауруларын емдеу нәтижесі де жоғары болады

Алматыда денсаулық сақтау жүйесінің 2025 жылдың 9 айындағы жұмысы қорытындыланды

Әуезов ауданы Алматы экономикасының 5,8 пайызын қамтамасыз етіп отыр

«Халық қатысатын бюджет»: Әуезов ауданында 30 жоба іске асуда

Соңғы жазбалар

«Құранды бейкүнә балалардың өмірінен маңызды санағаны ма?»: журналист Әмина қажыны сынады

10 Қараша, 2025

Астанада жаңа оқушылар сарайлары салынып жатыр

10 Қараша, 2025

Түрмеден шыққандардың тағдыры дөңгелек үстелде талқыланды

10 Қараша, 2025

Қазақстанның ЖІӨ өсімі 2025 жылдың 10 айында 6,4%-ды құрады

10 Қараша, 2025

AI саяхат индустриясын қалай өзгертеді

10 Қараша, 2025

Әскерде жарақат алған Ербаян Мұхтар Түркиядағы емін аяқтап, елге оралды

10 Қараша, 2025

«Бұлар қазақ дәстүрін біле ме?»: Асанәлі Әшімов немересін ұзатты (ВИДЕО)

10 Қараша, 2025

«Төңкерісті түстеріңде көресіңдер»: Жапаров жауларына кезекті рет сес көрсетті

10 Қараша, 2025

Мемлекеттік қуыршақ театрында «Менің атым – Қожа» қойылымының премьерасы өтеді

10 Қараша, 2025

Ақтөбе облысының азық-түлік тұрақтандыру қорына 4,5 миллиард теңге бөлінді

10 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.