Журналист Арман Әубәкір Facebook-тегі парақшасында Балалар үйінде болған өрт кезінде құран кітабының аман қалғаны туралы Әмина қажының айтқан сөзіне байланысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Todayinfo.
«Балалар үйі жанып кетсе де, Құран аман қалыпты дейді. Бұл жағдайда әділдік қайда? Сонда Алла жазуы бар кітапты кінәсіз балалардың өмірінен маңызды санады ма? Жоқ, мұнда Құдайдың әділетсіздігі емес, дін атын жамылып жасалатын насихаттың айласы көрініп тұр. Қайғылы оқиғаны пайдаланып, адамдардың қорқынышын өз мүддесіне айналдыратын секталар әлі де бар екенін байқаймыз. Сондықтан мұндай үгіт-насихатты логикамен ойланып айту керек», – деп жазды журналист.
Еске салсақ, бұған дейін Әмина қажы өрт болған жерге келіп, құтқарушыларға ризашылығын білдіріп, Құран кітабының аман қалғанын айтқан болатын.
«Бүгін осындай ауыр сынаққа тап болдық. Сағат төрттен бері құтқарушылар жан аямай еңбек етіп жатыр. Алла разы болсын, барлығының бала-шағасы аман болсын. Басымызға күн туған сәтте бәрі бір үйдің баласындай көмек қолын созды. Ең таңғаларлығы – Құран кітабымның мүлде бүлінбегені. Менің қаруым күйіп кеткенімен, Құранға еш зиян тимепті. Бұл – Алланың ұлылығының нышаны», – деген еді Әмина қажы.

