Фото: Абай облысының әкімдігі
Абай облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны биыл да оң нәтиже көрсетіп отыр, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша негізгі салаларда тұрақты өсім тіркелген. Бұл туралы өңір әкімі Берік Уәли Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Әкімнің айтуынша, көлік саласында – 123,4%, байланыс – 106,4%, өңдеу өнеркәсібі – 101,3%, ішкі сауда – 105,9%, ауыл шаруашылығы – 102,8%, ал инвестиция көлемі – 103,1% деңгейінде артқан.
Сонымен қатар биылдың 10 айында облыстан мемлекеттік бюджетке 441,4 млрд теңге көлемінде салық және басқа да міндетті төлемдер түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 137,3% өсім көрсетеді.
Облыс құрылған кезде бюджет көлемі 251,3 млрд теңге болған еді. Қазір ол екі есеге өсіп, биыл 500,9 млрд теңгеге жетті. Оның 45,4%, яғни 227,3 млрд теңгесі әлеуметтік салаға бағытталды, – деді Берік Уәли.
Айта кетейік, өңірде әлеуметтік жобалармен қатар өндірістік және инфрақұрылымдық бағыттағы жұмыстар да жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

