Фото: ОКҚ
Абай облысының әкімі Берік Уәли Астанада өңірдің 9 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Брифинг барысында өңір басшысы тілшілердің «Әлеуметтік желілердегі парақшаңызды өзіңіз жүргізесіз бе, халықтың мұң-мұқтажын қаншалықты оқисыз» деген сұрағына
«Менде өздеріңіз секілді штатив көтеріп жүріп, араларыңыздан шыққан алғашқы әкім шығармын, қазірдің өзінде телефоныма бір көз жүгіртіп, жекеме де сұрақтап келіп қалмады ма деп қарап жатырмын», деп жауап бердәі Берік Уәли.
Өңірде жыл басынан бері іске асырылып жатқан жобалар саны 29-дан 97-ге дейін артты.
«Әлеуметтік желілерімді, аккаунттарымды өзім жүргіземін, құпиясөз өзімде ғана. Сол себепті қандай да бір пост салсам да, ол өзімнің жазуыммен, қадағалауыммен жүзеге асады. Шыны керек, қандай да бір мәселелерді өзім қарап отырып, әлеуметтік желіден қарап отырып, орынбасарларыма, аудан әкімдеріне жіберіп отырамын. Бұл менің күнделікті жұмысым, мұны үнемі бақылауда ұстаймын. Әлеуметтік желі қазір біздің ажырамас бөлшегімізге айналғаны өтірік емес. Сол себепті біз мұның бәрін тұрақты бақылауда ұстаймыз», деді Берік Уәли.

