Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Алматы облысының шаруалары дизель отынын 250 теңгеден алып отыр

19 Қараша, 2025

Ата-аналар баланы вирус маусымында қалай қорғау керек — дәрігер

19 Қараша, 2025

«Махаббат пен мейірімнің жетіспеушілігі ең ауыр азап»: Желіде марқұм Аягүл Мантайдың жазбасы тарады

19 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Алматы облысының шаруалары дизель отынын 250 теңгеден алып отыр
  • Ата-аналар баланы вирус маусымында қалай қорғау керек — дәрігер
  • «Махаббат пен мейірімнің жетіспеушілігі ең ауыр азап»: Желіде марқұм Аягүл Мантайдың жазбасы тарады
  • Жетісуда Панфилов ауданындағы елді мекендердің тең жартысы газға қосылуға мүмкіндік алды
  • «Орнына мешіт салу керек»: Қоғам белсендісі өртке оранған үйге қатысты ұсыныс айтты
  • «Ең үлкен қателік»: Астанада жасөспірімдерге есірткінің қауіптілігі ашық түсіндірілді
  • Алматының Алатау ауданында 9 500 орынға арналған бес жаңа мектеп ашылды
  • Алматының Алатау ауданында 31 қоғамдық кеңістік пен 16 аула жаңартылды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 19 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Жыл басынан бері Жетісу облысына 330,3 млрд теңге инвестиция тартылды

Жыл басынан бері Жетісу облысына 330,3 млрд теңге инвестиция тартылды

12 Қараша, 2025 Жетісу облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Фотографтар: Дмитрий Ерофеев, Жеңіс Ысқабай

Жетісу облысы халықаралық серіктестік аясын кеңейтіп жатыр. Қазіргі кезде өңірдің инвестициялық әлеуетін арттырудың арқасында Сауд Арабиясы, Германия, Бельгия, Чили, ҚХР, Иордания, Пәкістан елдерінің инвесторларымен ынтымақтастық орнатылуда, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы, жыл басынан бері облыс экономикасына 330,3 млрд теңге инвестиция құйылды. Соның 35 млрд. теңгеге жуығы — шетелдік инвесторлардың тікелей инвестициясы, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғандағы көрсеткіштен 3 есеге артық.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметіне қарағанда, бүгінгі күнге өңірде құны 2,9 трлн теңге болатын, 13 мың жұмыс орны құрылатын 110 жобадан тұратын инвестициялық пул құрылған. Олардың ішінде ірілерін атап өтсек, «Шоғырландырылған тау-кен құрылыс комбинаты» компаниясының 2 мың жұмыс орнын құратын металлургия комбинаты салынуда. Сол сияқты «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағында германиялық  «Skyhansa» компаниясымен бірлесіп, халықаралық әуежайдың құрылысы қолға алынады. Бұл әуежай жобасында сағатына 500 адамға дейін жолаушы өткізетін терминал салу, 50 мың тонна жүк айналымы мүмкіндігі қарастырылған, сонымен қатар туристік және сауда-ойын-сауық бағытын дамытуға ықпал етпек.

Ал өндіріс және өңдеу салаларында Чили, Пәкістан, ҚХР, Қырғызстан инвесторларының қатысуымен тегістегіш болат шар, газ-бетон блоктарын, еден жабындарын өндіретін зауыттар мен ұн тарту кешені іске қосылады деп жоспарланған.

Баламалы энергия көздері саласының да әлеуеті зор. Бұл саланы дамытуға өңірде күн, жел және тау өзендерінің суы сияқты қажетті табиғи жағдайлар жеткілікті. Атап өтсек, бүгінде Жетісу облысында жалпы қуаттылығы 251 МВт-тан асатын 18 жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нысаны жұмыс істеп тұр. Биыл Ескелді ауданындағы Қора өзенінде қуаттылығы 26 МВт болатын Қора су электр станциясы іске қосылды. Сонымен қатар энергетика және жаңартылатын энергия көздері саласында бірқатар жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың қатарында «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да жел генераторлары мен энергия сақтау жүйелеріне арналған жабдық өндіретін зауыттың құрылысы, сондай-ақ Қербұлақ ауданында қуаттылығы 110 МВт болатын күн электр станциясының жобасы бар.

– Жетісу облысының инвестициялық саясаты халықаралық әріптестікті тереңдетуге, экспорттық әлеуеті бар өндірістерді дамытуға және экономиканы әртараптандыруға бағытталған. Жалпы өңірде бес стратегиялық бағыт — агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, көлік, логистика, туризм, баламалы энергетика және өнеркәсіп бойынша жұмыс жүргізілуде. Жетісу – Қытаймен шекарасында бес кеден бекеті бар республикадағы жалғыз өңір. Сонымен қатар біздің аймақ арқылы Қытайдан Еуропаға жүк небәрі 10 күнде жеткізілетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансқұрлықтық автодәлізі өтеді. Географиялық артықшылықты тиімді пайдаланып, халықаралық әріптестікті кеңейту арқылы біз Бельгия, Германия, Чили, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Иордания сияқты алыс шетелдернің ірі инвесторлармен жұмысты табысты жүргізіп келеміз. Мұның бәрі өңір экономикасына инвестиция тартуға, жаңа өндірістер ашып, жұмыс орындарын құруға, өңір үшін басым секторларда ұзақ мерзімді әріптестік байланыстар орнатуға мүмкіндік береді, – деді Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов.

Сол сияқты биыл құны 50,6 млрд теңге болатын 25 инвестициялық жоба қолға алынған, соның ішінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және энергетика салаларына қатысты 10 жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында өндірістік «Қайнар-АКБ» зауытының аккумуляторлар шығаратын жаңа желісі, керамикалық плиталар шығаратын «Алмаз Керамикс» ЖШС-ның өндірісін кеңейту және басқа да жобалар бар.

— Біздің зауыт облыстағы ең ірі, жүйеқұраушы кәсіпорынның бірі. Мұнда 1200 адам жұмыс істейді. Зауыттың Талдықорған қаласы өнеркәсібіндегі үлесі 33,6% құрап отыр. Мұнда жеңіл және жүк автокөліктерінде, ауыл шаруашылығында, әскери техникада т.б. салаларда қолданылатын аккумулятор батареяларының 50-ден астам түрі шығарылады. Оған қоса жуырда зауыттың резервте қуат беруге арналған үшінші өндірістік учаскесін іске қостық. Жаңа цехтарда жұмыс істейтіндер саны 150 адамға жеткізіледі, — дейді «Қайнар-АКБ» зауытының бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Талғат Қонақбаев.

Атап өтсек, жыл соңына дейін облысқа тартылатын инвестиция көлемі 573 млрд теңгеге жетеді деп жоспарланған, соның 430 млрд теңгесі бюджеттен тыс инвестиция болмақ.

Оқылып жатыр

Жетісуда Панфилов ауданындағы елді мекендердің тең жартысы газға қосылуға мүмкіндік алды

Жетісу облысы Достық ауылында «Келешек мектебі» ашылды

«Таза Қазақстан»: Жетісудың Көксу ауданында орталық саябақ жаңартылады

Жетісудың Көксу ауданында соңғы үш жылда 46,9 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Жетісу облысында дәрігерлер мен мұғалімдерге арналған тұрғын үй пайдалануға берілді

Жетісуда «Сарыөзек-Көктал» автожолының жөндеу жұмыстары аяқталды

Соңғы жазбалар

Алматы облысының шаруалары дизель отынын 250 теңгеден алып отыр

19 Қараша, 2025

Ата-аналар баланы вирус маусымында қалай қорғау керек — дәрігер

19 Қараша, 2025

«Махаббат пен мейірімнің жетіспеушілігі ең ауыр азап»: Желіде марқұм Аягүл Мантайдың жазбасы тарады

19 Қараша, 2025

Жетісуда Панфилов ауданындағы елді мекендердің тең жартысы газға қосылуға мүмкіндік алды

19 Қараша, 2025

«Орнына мешіт салу керек»: Қоғам белсендісі өртке оранған үйге қатысты ұсыныс айтты

19 Қараша, 2025

«Ең үлкен қателік»: Астанада жасөспірімдерге есірткінің қауіптілігі ашық түсіндірілді

19 Қараша, 2025

Алматының Алатау ауданында 9 500 орынға арналған бес жаңа мектеп ашылды

19 Қараша, 2025

Алматының Алатау ауданында 31 қоғамдық кеңістік пен 16 аула жаңартылды

19 Қараша, 2025

Алматының Алатау ауданында 100 шақырымнан астам жол жаңарды

19 Қараша, 2025

«Өте мейірімді әрі жанқияр қыз болды»: Қосшыда фельдшер Ұлдана Мырзуанды ақтық сапарға шығарып салды

19 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.