Алматы облысы Іле аудандық Білім бөліміне жаңа басшы тағайындалды. Аудан мектептерін пайда табудың көзіне айналдырған Ләззат Каткеева 7 жылған сотталған еді. Креслосына соттасып жүріп жан жуытпаған Каткеева 600 миллион теңгені қолды қылғаны үшін түрмеге кетті. Ал ауданның әкімі Бағдат Қарасаевта қазір қамауда, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«2025 жылғы 13 қарашадан маусымындағы №258-ж/қ бұйрығымен Сарсенбаева Каламкас Койшыбайкызы Алматы облысы Білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Еңбек жолын Іле ауданы Энергетический ауылдық округінен бас маманы болып бастап, округ әкімінің орынбасары болып қызмет жолын жалғастырды. Іле ауданы білім бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі қызметін атқарды. Бүгінгі күнге дейін Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы қызметін атқарды», — делінген хабарламада.
Іле ауданында алпысқа жуық мектеп бар. Үш жүз мың тұрғыны бар аудан елге жемқор басшылары арқылы танымал.

