Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

2025 жылы Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауға 15 млрд теңге бағытталды

19 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалды «Алматы–1» вокзалының жаңғыртылу барысын тексерді

19 Қараша, 2025

Ақтөбеде УЕФА-ның төртінші деңгей талаптарына сай алып стадионның құрылысы басталды

19 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • 2025 жылы Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауға 15 млрд теңге бағытталды
  • Дархан Сатыбалды «Алматы–1» вокзалының жаңғыртылу барысын тексерді
  • Ақтөбеде УЕФА-ның төртінші деңгей талаптарына сай алып стадионның құрылысы басталды
  • Ақтөбеде білім мен медицинаға бағытталған ірі жобалар жүзеге асып жатыр — Асхат Шахаров
  • Ақтөбе облысында жол саласындағы 186 жобаны іске асыруға 68 млрд теңге бағытталды
  • 2025 жылдың 10 айында Ақтөбе облысының экономикасына 892 млрд теңге инвестиция тартылды
  • «Маңдайыма сыймадың ба періштем… »: Астаналық фельдшердің күйеуі келіншегін жоқтап, елді жылатты
  • Жетісайдағы қаралы күн: 12 адамның өмірін қиған өрт туралы тың ақпарат жарияланды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 19 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Алматы облысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық Тіл форумы өтті

Алматы облысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық Тіл форумы өтті

14 Қараша, 2025 Алматы облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Алматы облысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық Тіл форумы өтті. Шараға өңірдің білім беру ұйымдары мен тіл оқыту орталықтарынан 150-ге жуық маман қатысты. Форум барысында педагогтер кәсіби біліктілікті арттыру, оқыту әдістемесін жетілдіру және цифрлық технологияларды тиімді пайдалану мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Todayinfo. 

Форум екі бөлімнен тұрды: TEDx форматына негізделген пленарлық жиын және тәжірибе алмасуға арналған секциялық сабақтар. Жиынның негізгі мақсаты – қазақ тілін оқыту сапасын арттыру, оқушылардың оқу және тілдік сауаттылығын дамыту, педагогтердің шығармашылық әлеуетін күшейту.

Қатысушылар форумның мұғалімдерге жаңа әдістемелерді меңгеруге, озық тәжірибелермен бөлісуге және инновациялық тәсілдерді сабақ үдерісіне енгізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дарья Ерболатқызы функционалдық сауаттылық пен жасанды интеллектті қолдану мәселелерінің өзектілігін айтты:

«Мен функционалдық сауаттылық секциясында спикер ретінде қатыстым. Әр мектептің тәжірибесін талдау, ЖИ-пен жұмыс жүргізу — қазіргі таңда өте маңызды тақырыптар», – деді ол.

Бұл Тіл форумының Алматы облысында екінші мәрте ұйымдастырылуы. Биыл форумға 150-ден аса педагог қатысты.

Алматы облысы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Салтанат Беспаева мұғалімдерге әдістемелік қолдаудың маңызын атап өтті:

«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері заман талабына сай білім беруі қажет. Біз өз тарапымыздан жан-жақты әдістемелік көмек көрсетуге дайынбыз. Форумның басты мақсаты — қазақ тілінің тазалығын сақтап, оқыту сапасын арттыру», – деді ол.

Халықаралық «Qazaq Tili» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы білім саласындағы тіл оқытудың сапасы жалпы тіл саясатына әсер ететінін атап өтті:

«Егер білім беру жүйесінде тіл оқыту ісі дұрыс жолға қойылса, түлектер қазақша сауатты сөйлеп, әдемі жаза алады. Бұл өз кезегінде тілдің басқа салаларда да кеңінен қолданылуына жол ашады», – деді ол.

Шара барысында қазақ тілін дамытуға үлес қосқан ғалымдар мен тіл жанашырлары марапатталды. Ұйымдастырушылар Тіл форумын жыл сайын өткізіп, мемлекеттік тілді оқыту сапасын одан әрі арттыруды жоспарлап отыр.

Оқылып жатыр

Алматы облысында тозығы жеткен су құбырларын жаңарту қарқын алады

Алматы облысында алғаш рет асқазанға ота сәтті жасалды

Алматы облысы ауыл шаруашылығы саласында рекорд жаңартты!

Райымбек ауданында өсірілген картоп алғаш рет америкалық корпорацияға жеткізілді

Алматы облысында ауыл шаруашылығын қаржыландыру және субсидиялау мәселелері талқыланды

Алматы облысы Беларусь Республикасымен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

Соңғы жазбалар

2025 жылы Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауға 15 млрд теңге бағытталды

19 Қараша, 2025

Дархан Сатыбалды «Алматы–1» вокзалының жаңғыртылу барысын тексерді

19 Қараша, 2025

Ақтөбеде УЕФА-ның төртінші деңгей талаптарына сай алып стадионның құрылысы басталды

19 Қараша, 2025

Ақтөбеде білім мен медицинаға бағытталған ірі жобалар жүзеге асып жатыр — Асхат Шахаров

19 Қараша, 2025

Ақтөбе облысында жол саласындағы 186 жобаны іске асыруға 68 млрд теңге бағытталды

19 Қараша, 2025

2025 жылдың 10 айында Ақтөбе облысының экономикасына 892 млрд теңге инвестиция тартылды

19 Қараша, 2025

«Маңдайыма сыймадың ба періштем… »: Астаналық фельдшердің күйеуі келіншегін жоқтап, елді жылатты

19 Қараша, 2025

Жетісайдағы қаралы күн: 12 адамның өмірін қиған өрт туралы тың ақпарат жарияланды

19 Қараша, 2025

Сандырақтаған сақалды сан соқты: Қазақстанда ресейшіл көзқарасымен танылған блогер сотталды

19 Қараша, 2025

«Үй өртеніп, 12 адамнан айырылып отырғанда не ақыл отыр»: Депутат Ардақ Назаров тағы да жұртқа жақпай қалды

19 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.