Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Каирде өткен бокс кешінде кәсіби мансабындағы екінші жеңіліске тап болды, деп хабарлайды Todayinfo.
Ол бұл жолы америкалық Кэтрин Ренемен рингке шықты. Ең жеңіл салмақтағы (50,8 кг дейін) олардың айқасы Мысыр астанасында өткен турнирдің басты жекпе-жегі болды.
Кездесу он раундқа созылып, нәтижесі төрешілердің бөлек шешімімен анықталды. Қазылардың екеуі жеңісті АҚШ спортшысына беріп, Рене жеңімпаз деп танылды.
Осы жеңістен кейін Кэтрин Рене WBA Gold чемпиондық белбеуін иемденді.
Ал Лукас кәсіби рингте екінші мәрте жеңілді. Осылайша оның қатарынан келген он жеңіс жолы үзілді. 28 жастағы қазақстандық боксшының қоржынында қазір 15 жеңіс бар, оның сегізін ол нокаут арқылы алған.
Еске салсақ, Каирдегі жекпе-жектен бұрын Лукас жеңіл салмақтағы абсолютті әлем чемпионы, америкалық Габриэле Фундораны жекпе-жекке шақырған еді. Boxrec рейтингіне сәйкес, бұл дивизионда қазақстандық боксшы әлемде үшінші орында тұрған, ал Рене топ-30-ға кірмей, негізінен жеңіл салмақтарда өнер көрсеткен.
Фото: Іnstagram.com/angelina_lukas1997

