Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»: Атырауда 15 медициналық нысанның құрылысы аяқталды

19 Қараша, 2025

«Кітап оқитын ұлт»: Қостанай облысынан 55 мыңнан астам адам жобаға қатысуда

19 Қараша, 2025

Адасқан әкеңе үлгі бол»: Қарақат Әбілдинаның әпкесі Тұрсынбектің үлкен ұлына ақыл айтты

19 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»: Атырауда 15 медициналық нысанның құрылысы аяқталды
  • «Кітап оқитын ұлт»: Қостанай облысынан 55 мыңнан астам адам жобаға қатысуда
  • Адасқан әкеңе үлгі бол»: Қарақат Әбілдинаның әпкесі Тұрсынбектің үлкен ұлына ақыл айтты
  • «Көзі тірісінде бағалайық»: Баян Алагөзова Мақпал Жүнісова жайлы кино түсіргісі келгенін айтты
  • Баум тоғайы жойылу алдында ма? Белсенділер элиталық тұрғын үй қаупі туралы айтты
  • «Шындықтан қашатындардың әдеті осы»: Атышулы Хасан Қасымбаев Жан Ахмадиевтің үстінен арыз жазған
  • «Қазанда ғана айтқан едік»: Үкімет басшысы Алғабастағы өрттен кейін министрлер мен әкімдерге тапсырма берді
  • «Деңгейлері той тойлаудан аспаған»: әнші Қарақат Әбілдина тұсау кесу бизнесіне белсене кірісті
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сәрсенбі, 19 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Алматы әкімдігінің қолдауымен тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты өтіп жатыр

Алматы әкімдігінің қолдауымен тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты өтіп жатыр

18 Қараша, 2025 Алматы қаласы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Тоғызқұмалақтан Алматыда жасөспірімдер (мектеп оқушылары U-15, U-17 классика онлайн/офлайн, рапид, блиц) арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Алматыдағы «Зенит» спорт орталығында биыл екінші рет ұйымдастырылған Әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Шараның ашылуына Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, Алматы қаласы Мәслихатының төрағасы, Алматы қаласы спорт басқармасы, Алматы қаласы Қоғамдық кеңес мүшелері, Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы, ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясы және шетелдік делегация өкілдері қатысты.

“Дүниежүзінен ондаған мемлекет қатысып отырған оқушылар арасындағы әлем чемпионаты тағы да жалауын көтеріп отыр. Біз бұл шараға атсалысқан барлық тоғызқұмалақ жанашырларына алғыс білдіреміз. Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменовтің сәлемін жеткіземін. Ол кісі үнемі айтады: тоғызқұмалақта жеңілетіндер, ұтылатындар болмайды. Ұтатын — тек ұлттық мүдде. Осы ұлттық зияткерлік ойынды ЮНЕСКО мойындаған, оған әлемдік деңгейде қызығушылық артты. Қазір дүниенің алдыңғы қатарлы елдерінде ұлттық ойынға қызығушылық жоғары. Ондаған мемлекет федерациялар құрып, өз іштерінде чемпионаттар өткізіп жатыр. Бүгін міне солардың бірсыпырасы Алматыға келді. Қош келдіңіздер, дейміз”,- деді Қазақстан Тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті Әкім Тұрсын.

Ұлттық зияткерлік ойындардың ең көне әрі терең мағыналы түрі – Тоғызқұмалақ биыл тағы да әлемдік деңгейдегі спорт мерекесіне айналады. 2025 жылдың 17–23 қарашасы аралығында Алматы қаласында жасөспірімдер (U-15, U-17) арасындағы Тоғызқұмалақ Әлем чемпионатына дүниежүзінің 20 мемлекетінен ойыншылар келді.

Бұл жарыс классика (онлайн және офлайн), рапид және блиц форматтарында ұйымдастырылады. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жас спортшылар зияткерлік шеберліктерін сынап, ұлттық ойынды халықаралық деңгейде насихаттайтын мүмкіндік алады.

Чемпионаттың басты мақсаты:

— Тоғызқұмалақты әлемдік аренада кеңінен таныту;

— Жас буын арасында зияткерлік қабілетті дамыту;

— Халықаралық ынтымақтастық пен мәдени байланыстарды нығайту.

Іс-шара Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен өтеді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Халықаралық Тоғызқұмалақ Федерациясы бірлесе ұйымдастырады.

Демеуші серіктестер- KMF Банк және JET. Турнир барысында еліміздің ең үздік төрешілері мен мамандары қызмет атқарады.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталады.

Тоғызқұмалақ – тек ойын емес, ол ұлттың ойлау мәдениетін, даналық дәстүрін әлемге паш ететін мұра. Бұл чемпионат – жас ұрпақтың интеллектуалдық әлеуетін арттырып, қазақстандық спорттың абыройын биіктететін маңызды қадам болмақ.

Чемпионат алғаш рет 2023 жылы Алматы қаласында ұйымдастырылды. Оған 17 мемлекеттен 136 спортшы қатысқан.

Биыл 21 мемлекеттен 180 тоғызқұмалақ шебері бақ сынайды. Орта Азия елдерінен бөлек Моңғолия, Пәкістан, Қытай, Үндістан, Германия, Италия, Корея, Түркиядан және Шығыс Еуропа елдерінен ойыншылар қатысады.

Әлем чемпионатының жабылу салтанаты 22 қараша сағат 14:00-де өтеді.

Оқылып жатыр

Түрксіб ауданында тұрғындар таңдаған 32 жоба іске асты

Алматының Түрксіб ауданында 6100 оқушы орны мен балабақшада 260 орын ашылады

Алматының Түрксіб ауданында 247 шақырымнан астам желі салынды

35 жоғары оқу орны, 150 іс-шара, 40 мың студент: Алматы Студенттер күнін қалай атап өтіп жатыр

20 елден 2500 қатысушы: Алматыда 2025 жылғы маусымның соңғы City Run мәрелік жарысы өтті

Алматыда ЖРВИ-дың эпидемиологиялық жағдайы тұрақты

Соңғы жазбалар

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту»: Атырауда 15 медициналық нысанның құрылысы аяқталды

19 Қараша, 2025

«Кітап оқитын ұлт»: Қостанай облысынан 55 мыңнан астам адам жобаға қатысуда

19 Қараша, 2025

Адасқан әкеңе үлгі бол»: Қарақат Әбілдинаның әпкесі Тұрсынбектің үлкен ұлына ақыл айтты

19 Қараша, 2025

«Көзі тірісінде бағалайық»: Баян Алагөзова Мақпал Жүнісова жайлы кино түсіргісі келгенін айтты

19 Қараша, 2025

Баум тоғайы жойылу алдында ма? Белсенділер элиталық тұрғын үй қаупі туралы айтты

19 Қараша, 2025

«Шындықтан қашатындардың әдеті осы»: Атышулы Хасан Қасымбаев Жан Ахмадиевтің үстінен арыз жазған

19 Қараша, 2025

«Қазанда ғана айтқан едік»: Үкімет басшысы Алғабастағы өрттен кейін министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

19 Қараша, 2025

«Деңгейлері той тойлаудан аспаған»: әнші Қарақат Әбілдина тұсау кесу бизнесіне белсене кірісті

19 Қараша, 2025

Астанада «Шабыт» ХХVIII халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің ашылу салтанаты өтті

18 Қараша, 2025

Алматы облысында тозығы жеткен су құбырларын жаңарту қарқын алады

18 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.