Коллаж: Todayinfo
Астанада жаралы азаматты құтқармақ болып қаза тапқан жас фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы жүрек тебірентерлік жазба жариялады. Дәрігер Әділет Зейнел отбасына жанашырлық танытқан жұртқа ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.
«Шаңырағыма сән, тіршілігіме мән болдың… Маңдайыма сыймадың ба, періштем, сен менің мәңгі жүрегімдесің», – деп жазды қайғы жамылған жұбайы.
Ол енді тергеудің әділ жүргізілуін қалайтынын айтты.
«Ешқандай медаль да, ешқандай сөз де менің жүрегімнің иесін маған қайтара алмайды. Үйіме нұр, құт және береке әкелген, Алла қосқан адал жарымның тілеуін тілеген бүкіл қазақ еліне алғысым шексіз. Осы уақытқа дейін Алладан жүрегімді аман алып қалуын сұрап, қасында болып, дұға еттім. Сабыр сақтап, бәрін сабырға салдым. Ендігі тілегім соттың әділ өтуі, тергеудің таза жүргізілуі. Құдай қосқан қосағымның жаны тыныш болуы үшін бұл істі соңына дейін жеткізуім керек. Жауаптылар жазасын алуы тиіс!», – деді ол.

