Фото: gov.kz
Шығыс Қазақстан облысының әкімі өзінің жұмысына жоғары баға берді. Ол халықтың көңілінен шығатын жұмыстарды істеп, өзіне жүктелген міндеттерді барынша жақсы атқарып жатқанын ашық айтты, деп хабарлайды Todayinfo порталы.
Ол Астанада өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді.
«Өз жұмысыма көңілім толады. Өңірде жасап жатқан, жаңдан ашылып жатқан өндіріс орындарынан бөлек, шешілмей жатқан сұрақтардың оңтайын тауып жатсаң ғанибет. Өзіңе емес, көпшілікке тиісті жақсылықтар жасау деп ойлаймын. Өзімнің жұмысыма көңілім толады», — деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Облыс әкімі халықтың проблемаларына көңіл аудару үшін әлеуметтік парақшасын өзі қадағалайды.
«Әлеуметтік желінің пайдасы жақсы. Бұрын өңірлердегі мәселені барып көріп, көмекшіңді жіберіп қарап жүрсек, әлеуметтік желі арқылы бәрін біліп отырамыз. Жауапты адамдарға тікелей тапсырма береміз. Әлеуметтік желіні өзім қараймын. Кемінде екі сағат, кешкілік кезде, түскі тамақ кезінде әлеуметтік желідегі парақшама уақыт табуға тырысам», — деді облыс әкімі.

