Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva/
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, актриса Меруерт Түсіпбаеваның әкесі 88 жасында бақилық болды, деп хабарлайды Todayinfo.
Қаралы хабарды әнші өз парақшасына жазған. Балғабай Түсіпбаев бүгін, 20 қараша күні жан тапсырған.
«Әкем фәни жалғаннан озды. Әдетте, «88 жас деген той ғой» деп жұбатады жақындар, осы сөздермен келісіп тұрсаң да , қоштасу қандай қиын. Әкем мені төрт қызының ішінен бөліп , ерекше жақсы көрді», — деп жазған әнші жеке парақшасына.
Балғабай Түсіпбаев Баянауыл өңірінде өнер иесі болған. Ол баян мен домбыра аспаптарын шебер меңгерген екен.


