Фото: коллаж Todayinfo.kz
Желіде орамал таққан бір блогер қыздың Баян Есентаеваны қатты сынға алған видеосы кеңінен тарады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Блогердің айтуынша, дүниедегі атақ пен байлық ақыретте еш пайда әкелмейді.
«Баян ханым, ертең өмірден өткенде сізді бәрібір Пайғамбарымыздың сүннетімен, сіз қабылдай бермейтін шариғат жолымен жерлейді. 25 метр ақ матаға орап қояды. Сізді брендпен, әшекеймен, қымбат дүниемен көмбейді. Қиямет күні адвокаттарыңыз да, атақ-даңқыңыз да қорғай алмайды. Имамдар мен сақалды азаматтарды сынап жүрсіз, тіл тигізіп жүрсіз. Сол үшін кейін өзіңіз ғана жауап бересіз. Кеш болмай тұрғанда кешірім сұраңыз. Мүмкін олардың Алла алдындағы дәрежесі сізден жоғары шығар. «Тілім бар екен» деп қалағаныңызды айта бермеңіз. Өмір өткінші, ойланыңыз. Сол кезде қасыңызда бала-шағаңыз да, күйеуіңіз де болмайды. Өз жауапкершілігіңізбен жалғыз қаласыз», – дейді ол видеода.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді: бірі блогердің сөзін қолдаса, енді бірі Баянға орынсыз тиіспеуін сұраған.

