Фото: caravan
Танымал журналист, қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы ақын Бақыт Беделханның «құтырған қатын» сөзіне жауап берді. Бұл туралы журналист өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді., деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақтың еркектері, негізі, бәрің демей-ақ қояйын, көбің біртүрлісіңдер. Не сана жоқ, не сезім жоқ, не адамгершілік жоқ, не адалдық жоқ, не жауапкершілік жоқ, не жанашырлық жоқ, не мейірім жоқ, не рух жоқ, не дух жоқ… өтірікші, өсекші, мақтаншақ, ақшақор, нашақор, араққор, ойынқор, атаққор, мансапқор, бәлеқор, жалақор, жағымпаз, к@тке кіргіш, екіжүзді, сатқын, бойкүйез, арамтамақ…. сендер үшін өмірдің мәні — тамақ пен та@ақ… «бір тамағым, бір та@ағым» деп жүрген біреусіңдер… алдау…. арбау….», — деді ол.
Журналисттің айтуынша, қоғамдағы бірқатар ер азаматтар әйелге деген құрмет пен жауапкершілікті ұмытқан. Ол кей ер-азаматтардың өтірікке, өсекке, ішімдік пен құмар ойынға жақындығын, отбасы мен бала-шаға алдындағы міндетін төмен қоятынын сынға алды. Әсіресе әйелге қол көтеру, балаға алимент төлемеу немесе отбасын бағаламау сынды әрекеттерді қатаң айыптады.
«Не көрінді? Не басыңа күн туды? Не жетпейді? Ата-ананы құрметтеу, жарыңды балаларыңның анасын сыйлау, отбасыңды, ұрпағыңды бірінші орынға қою деген сендерге жат сезім…. Ата-анаңа уақытың жоқ, әйеліңнен табысыңды қызғанып, балаларыңнан ақшаңды қызғанып, алимент төлемеу үшін қашып-пысып…. сол ақшаны жезөкшелерге шашып…. нәпсінің құлы болған бейшаралар-ай… қандай аяныштысыңдар…… сөйтіп жүріп, былайша айтқанда, миының орнында б@ғы тұрып, өздерінше әйел затын төмендеткіш, күші тасып «қатын ұрғыш»… Өзің сыйлай білмейсің бе, — өзгеден сыйластық күтпе!!!…
Өзің қадірлей білмейсің бе, — өзің де қадірсіз қаласың…. Әйел байғұс о баста отбасын құрғанда саған сеніп, өз тағдыр тізгінін саған тапсырады…… өзін ұмытып, бүкіл өмірін еріне, бала-шағасына, ата-енесіне, отбасына, сол әулетке арнайды…. сөйте тұра — еститіні боқтық, көретіні тепкі, жейтіні таяқ…. НЕ ҮШІН??? «Жетер! С меня хватит!..» деп әйелдер «тіріле» бастап еді, надандар өре түрегеліпті…. надандарды қоя берші, — өздерін «зиялы» санайтын ақынсымақ, жазушысымақ, журналистсымақтарға не жоқ?!…. Әлеуметтік желіде көшедегі қатыннан бетер салғыласып, аузына келгенді оттап отыратын ездерді списаниеге жіберсе болады….
Әрине, парасат-пайымы, сана-сезімі терең, адал, жақсы жігіттер де бар. Олар өте аз… бұл жазбаның адал жүрегі, ойлана алатын миы бар жақсы жандарға қатысы жоқ…», — деп жазды журналист.

