Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

«Үш атадан қосылған»: төрт түсіктен кейін ерлі—зайыптылардың бесінші балалары ауыр дертпен туған

24 Қараша, 2025

«Күзетсіз, понтсыз»: әнші Димаш Құдайбергенмен ұшақта қатар отырған қыз сиқырлы сезімге тап болғанын жазды

24 Қараша, 2025

«Емделгім келмейді, шаршадым»: қазақстандық танымал әнші қатерлі дертке шалдыққанын мәлімдеді

24 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • «Үш атадан қосылған»: төрт түсіктен кейін ерлі—зайыптылардың бесінші балалары ауыр дертпен туған
  • «Күзетсіз, понтсыз»: әнші Димаш Құдайбергенмен ұшақта қатар отырған қыз сиқырлы сезімге тап болғанын жазды
  • «Емделгім келмейді, шаршадым»: қазақстандық танымал әнші қатерлі дертке шалдыққанын мәлімдеді
  • Asiakoz International Hospital Ақтауда есік ашты: Маңғыстаудың медицинасында жаңа дәуір басталды
  • Бакудегі бассыздық: Әзербайжан астанасында жарылыс болды
  • Ақсуаттағы ағайынға жақсы жаңалық: Абай облысында жаңа спорт нысандары салынып жатыр
  • Түркі әйелдерінің ортақ болмысы дәріптелді
  • «Нұр-Мұқасан» тобының әншісі Мұқасан Шахзадаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Сейсенбі, 25 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » «Емделгім келмейді, шаршадым»: қазақстандық танымал әнші қатерлі дертке шалдыққанын мәлімдеді

«Емделгім келмейді, шаршадым»: қазақстандық танымал әнші қатерлі дертке шалдыққанын мәлімдеді

24 Қараша, 2025 Жаңалықтар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қазақстандық әнші, актриса, әрі продюсер Нора Нұғман (Нұргүл Нұғманова) Тимур Балымбетовке берген сұхбатында қатерлі ісікке шалдыққанын мәлімдеді. Todayinfo порталының мәліметінше, бұған дейін де химия алған өнер иесі өмірден түңіліп, емделуден бас тартқан.

Өнер иесі 2 жыл бұрын омырауында түйін пайда болып, тексеріс нәтижесінде өзінен қатерлі ісік анықталғанын айтты. Сөзінше, өзі 43 жылдан бері бір рет те тексерілген емес.

«Менің омырауымда түйін пайда болды, оны тексерту үшін ауруханаға бардым, дәрігерлер түйіннің қатерлі ісік екенін айтты. Барлық қажет анализді тапсырдым, қатерлі ісік екені расталды. Бірақ мен оны фиброаденома деп ойлаймын, өйткені мен дәрігерлерге сенуден қалдым. Алғашында мен сендім, қорықтым, дәрігерлер айтқан барлық емді қабылдадым, жағдайым жақсарды. Химия қабылдап жүргенде менің ойымды бөлген жалғыз дүние – жұмысым болды», – дейді әнші.

Ол бірінші рет ауырған кезінде химия қабылдап, аурудың бетін қайтарғандай болған. Алайда бүгінде түйін қайта шығып, сырқаты күн өткен сайын асқынып жатыр.

«Қазір менде рецидив, яғни түйін қайта шығып жатыр. Қазіргі жағдайым асқынып жатыр, өйткені ол түйін бұрынғыдай кішкентай емес, оған қоса лимфа түйінінде де пайда болған. Бірақ мен оған қарсы ешнәрсе істеп жатқан жоқпын. Ойымды бөлу үшін концерт беремін деп шештім. Қазіргі уайымым концерт», – деді әнші Нора Нұғман.

Ол қатерлі ісікке қарсы ем қабылдамайтынын жеткізді. Оның сөзінше, ол қалған уақытын ауруханада жатып, аурумен арпалысуға арнағысы келмейді.

«Айналамдағы адамдар “Қалай бұлай жеңіл жүре аласың?” деп сұрап жатады. Бұл менің таңдауым, әрбір адамға өз уақыты берілген деп ойлаймын. Мен ауруханада жатқым келмейді, аурумен арпалысқым келмейді. Мен қайтадан химия қабылдағым келмейді. Мен мұндай жағдайды басымнан өткіздім, мен ем қабылдасам, аяққа тұрамын де сендім. Құрбыларыма концертті өткізіп болған соң денсаулығыма қараймын деп уәде бердім. Бірақ рецидив дегенді естігенде өзім үшін шешім қабылдадым, мен емделгім келмейді» – деді өнер иесі.

Әнші тағдырын жаратушыға тапсырғанын жасырмады. Өзіне берілген уақыт бар деп санайды ол.

«Мен бүгінгі күнмен, осы сәтпен өмір сүруді үйрендім. Осы жеткілікті деп ойлаймын. Мен бұл шешімді жайдан жай қабылдаған жоқпын. Мен тағдырымды аллаға тапсырдым, мені қашан алатынын өзі шешеді, бұл оның құқығы. Әрине, біз бәріміз ұзақ әрі бақытты өмір сүргіміз келеді. Бірақ мен қазір, осында өмір сүремін деп шештім. Менің емім – музыка, менің емім – күнделікті істеп жүрген жұмысым. Бұл шешімім дұрыс емес шығар, бірақ жүрегім осыны қалайды», – деді ауруы асқынған әнші.

Нора Нұғман – әнші, актриса, продюсер. Ол джаз, этно-джаз және поп жанрларында ән айтады. Ол “Дара” дуэтінің мүшесі, жеке орындаушы және “Жұлдызды жол” секілді вокалдық жобаларда тәлімгер ретінде танымал. Әнші республикалық түрлі байқаулардың жеңімпазы атанған. Жақында ол жеке карьерасын қай қолына алып, үлкен концертіне дайындалып жатыр. Концерт жуырда, 28 қарашада Алматыда эстрада-симфониялық оркестрмен бірге өтеді.

Оқылып жатыр

«Үш атадан қосылған»: төрт түсіктен кейін ерлі—зайыптылардың бесінші балалары ауыр дертпен туған

«Күзетсіз, понтсыз»: әнші Димаш Құдайбергенмен ұшақта қатар отырған қыз сиқырлы сезімге тап болғанын жазды

Asiakoz International Hospital Ақтауда есік ашты: Маңғыстаудың медицинасында жаңа дәуір басталды

Бакудегі бассыздық: Әзербайжан астанасында жарылыс болды

Түркі әйелдерінің ортақ болмысы дәріптелді

Аруақты қорлау: Қостанайда мал таптаған зиратты әкімдік қоршауға алмаған

Соңғы жазбалар

«Үш атадан қосылған»: төрт түсіктен кейін ерлі—зайыптылардың бесінші балалары ауыр дертпен туған

24 Қараша, 2025

«Күзетсіз, понтсыз»: әнші Димаш Құдайбергенмен ұшақта қатар отырған қыз сиқырлы сезімге тап болғанын жазды

24 Қараша, 2025

«Емделгім келмейді, шаршадым»: қазақстандық танымал әнші қатерлі дертке шалдыққанын мәлімдеді

24 Қараша, 2025

Asiakoz International Hospital Ақтауда есік ашты: Маңғыстаудың медицинасында жаңа дәуір басталды

24 Қараша, 2025

Бакудегі бассыздық: Әзербайжан астанасында жарылыс болды

24 Қараша, 2025

Ақсуаттағы ағайынға жақсы жаңалық: Абай облысында жаңа спорт нысандары салынып жатыр

24 Қараша, 2025

Түркі әйелдерінің ортақ болмысы дәріптелді

24 Қараша, 2025

«Нұр-Мұқасан» тобының әншісі Мұқасан Шахзадаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

24 Қараша, 2025

Алматыда жыл соңына дейін 20-дан астам мұз айдыны ашылады

24 Қараша, 2025

Аруақты қорлау: Қостанайда мал таптаған зиратты әкімдік қоршауға алмаған

24 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.