Алматы облысының Қарғалы ауылында елді дүр сілкіндірген оқиға тіркелді. Бір топ жасөспірім 7-сыныпта оқитын қызды зорлап, азғындық әрекетті видеоға түсіріп, оны кейіннен бірқатар порно сайттарға жариялағаны анықталды, деп хабарлайды Todayinfo.
Мектеп директоры сұмдық жағдайды 13 қазан күні біліп, дереу құқық қорғау органдарына шағым түсірген. Тергеу материалдарына сәйкес, қылмыс 21 қыркүйек күні ауылдағы бір коттеджде жасалған. Ең сорақысы — жәбірленуші қыздың жетім екені белгілі болды.
Қазір қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүріп жатыр. Қыз облыстық психологиялық орталық мамандарының бақылауында.
Күдіктілердің барлығы — кәмелет жасына толмағандар. Сондықтан олардың жеке деректерін жариялау заң бойынша қатаң тыйым салынады.
Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырып, жасөспірімдердің қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді қайта көтерді.
Фото: Freepik

