Фото: Instagram/quralai_hanum
Қоғамда қызу талқыланған жағдайдан кейін Құралай ханым әлеуметтік желіде ресми түрде кешірім сұрап, арнайы пост жариялады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы.
Ол Мөлдір Мұқанның жаңа фильміне шақырған жазбасында орынсыз сөздер қолданып, қатты жазылғанын мойындады.
«Мөлдірдің киносына шақыру постым тым қатты кетті, мойындаймын. Және кешірім сұраймын. Әйелдің кәсібін қолдауға үндеу жазғаным сол еді, хейттің астында қалдым. Мөлдірдің өзі әйелдердің кәсібін үнемі қолдап жүреді. Басқа елдің киносын үнсіз көріп келдік. Өзіміздікін де қолдасақ неміз кетеді? Рим не строился за день», — деп жазды ол.
Құралай ханым әйел режиссёрлердің еңбегін қолдау маңызды екенін атап өтіп, өз аудиториясы үшін арнайы сый да жариялады: ол Мөлдір Мұқанның фильміне 10 әйелге билет сыйлайтынын айтты.

