Танымал продюсер, әнші Мөлдір өзінің жаңадан шыққан «Шай в большом городе» фильмін сынаған Бақыт Тұрманға жауап берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Ол кісілер үйі тұрмақ, шаңырағы тұрмақ, өзбек кафесіне апарып палау бермеген бізге. Мені сыйламай-ақ қойсын. Тұрсынбек Қабатовты сыйлау керек. Себебі Тұрсынбек Қабатов оның күйеуіне жұмыс берді. Ол күйеуі сол тапқан табысын үйіне апарды. Ал сол сөйлеп отырған әйел соның нанын жеді. Ол тамағын бала-шағасы жеді. Сонда қайтарымы осы сөз болғаны ма? Арамынан кетті ғой. Қайрат Әділгерейді «Әзіл Әлемі» театры көтерді дегенге 100 пайыз аяқ-қолымды көтеріп тұрып «иә» дей аламын. Жасап отырған опасыздығы — деңгейінің төмендігі. Өзі білсін ары қарай», — деді ол.
Айта кетейік, әнші Бақыт Тұрман күйеуі Қайрат Әділгерейдің бағы «Әзіл әлемінде» жанбағанын айтқан еді.

