Close Menu
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
What's Hot

Медеуге бару енді оңай: Алматыда жаңа №21 автобус бағыты ашылды

27 Қараша, 2025

«Өз жұмысын ұқыпты атқарды»: Министр Әлназарова ұшақта жағдайы нашарлаған жолаушыға дереу көмектесті

27 Қараша, 2025

«Жылтырақ идеология» мен «ақпараттық рэкет»: Ерлан Қарин жаңа саясаттың қыр-сырын ашты

27 Қараша, 2025
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Медеуге бару енді оңай: Алматыда жаңа №21 автобус бағыты ашылды
  • «Өз жұмысын ұқыпты атқарды»: Министр Әлназарова ұшақта жағдайы нашарлаған жолаушыға дереу көмектесті
  • «Жылтырақ идеология» мен «ақпараттық рэкет»: Ерлан Қарин жаңа саясаттың қыр-сырын ашты
  • Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты
  • «Мен оған ұл туып бердім»: Тұрсынбек Қабатовтың «тоқалы» Мөлдір екеуінің күйеуге таласы жайлы айтты
  • «Мәңгілік махаббат» әнін Мақпал Жүнісоваға арнап жаздым»: Алтынбек Қоразбаев көпшілік білмейтін құпиясын ашты
  • «Қар, жаңбыр, көктайғақ»: Елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
  • «Баға өсімін тоқтату – көзбояушылық»: экономист халықты қымбатшылықтан шаршатқан билікті сынға алды
  • Байланыс
  • Сайт туралы
  • Жарнама
  • Құпиялық саясаты
Facebook Instagram YouTube TikTok
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Рус Қаз
Бейсенбі, 27 Қараша
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Ақмола облысы
    • Ақтөбе облысы
    • БҚО
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Петропавл қаласы
    • Степногорск жаңалықтары
    • Түркістан облысы
    • Түркістан қаласы
    • ШҚО
    • Қарағанды облысы
    • Қызылорда облысы
    • Ұлытау облысы
Қаз Рус
todayinfo.kz ақпараттық порталыtodayinfo.kz ақпараттық порталы
Басты бет » Қызылорда — Астанаға арасы 12 сағат — ауқымды жоба аяқталды

Қызылорда — Астанаға арасы 12 сағат — ауқымды жоба аяқталды

26 Қараша, 2025 Қызылорда облысы
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін – Сыр өңіріндегі ғана емес, ел өміріндегі айтулы күн! Өйткені экономиканың күретамыры саналатын отандық жол инфрақұрылымын жетілдіру тарихының жаңа парағы ашылды! Халық көптен күткен, көлік жүргізушілері мен жолаушылардың арманына айналған «Қызылорда-Жезқазған» жолы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Todayinfo. 

Салтанатты рәсімге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеумбетов, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, депутаттар және ардагерлер қатысты.

Аймақ басшысы бұл жолдың өңір экономикасына, өндірістің өркендеуіне, тұрғындардың әл-ауқатының артуына тигізетін оң ықпалы мен ерекше маңызын атап өтті.

«Бүгін – аймағымыз үшін тарихи күн! «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолының ашылу рәсімінде бас қостық. Халқымыз ұзақ жылдан бері армандап келген автожолды салуға қолдау көрсеткен Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлына барша Сыр жұртшылығының атынан зор ризашылығымызды, шынайы алғысымызды білдіреміз. Республикалық маңызы бар автомобиль жолы туралы мәселе Тәуелсіздік алған кезеңнен бері бірнеше мәрте көтерілді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тұрғындарымыз қара жолмен Елордаға, Ұлытау, Қарағанды облыстарына қатынады. Астанаға 2 мың шақырымнан астам жол жүріп, Балқаш арқылы да барды. Енді міне, Президентіміздің ерекше қолдауының арқасында қанша жылдан бері халқымыз көтерген өзекті мәселе өз шешімін тапты. Облыс аумағындағы 216 шақырым жол толық қайта жаңғыртудан өтіп, тиісті жұмыстар аяқталды. Жобаны жүзеге асыруға 84 млрд. теңге бөлінді. Бұрынғы өткен бабалардан қалған «Бақ, қайда барасың, ынтымағы жарасқан елге барамын», – деген жақсы сөз бар. Әрдайым бірлігіміз бекем, ынтымағымыз ырысты болсын! Жүргізушілер мен жолаушыларға әрдайым ақ жол, сәт сапар тілейміз! Жаңа жол берекенің бастауы болғай», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Рәсімде ауқымды жобаның жүзеге асуына үлес қосқан құрылысшылар мен инженерлерге, жол саласының мамандарына облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды. «Қазавтожол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев құттықтау сөз сөйледі.

Негізі «Қызылорда-Жезқазған» жолының ашылуы келесі жылға жоспарланған болатын. Халықтың сұранысы ескеріліп, мерзімінен бұрын пайдалануға берілді.
Бұрын сапарға шыққандар екі аралықта 20 сағат жол жүретін. Енді жаңа жолға түскен жолаушылар 16 сағатта діттеген жеріне барады. Жол тегіс, сапасы жоғары, қауіпсіздік, жайлылық ескерілген.

Ұлытау облысының аумағында басталған құрылыс жұмыстары аяқталып, жаңа жол пайдалануға берілгенде Астанаға бағыт алған көлік 12 сағатта жететін болады. Бүгінде «Қызылорда-Жезқазған» жолын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізіне қосатын 25 шақырымдық айналма жол салатын мердігер мекеме анықталуда. Жақын күндері құрылысы басталады. Жоба құны – 46 млрд. 3 млн. теңге.

Республикалық маңызы бар жол көлік қатынасын едәуір жеңілдетіп, жүк тасымалының тиімділігін арттырады. Жол бойында заманауи сервистік қызмет көрсететін пункттер бой көтеріп, шағын және орта бизнес жанданады. Аймақтар арасындағы әлеуметтік-экономикалық интеграция нығая түседі.

Оқылып жатыр

Қызылордада 1500 орындық «Келешек мектебі» ашылды

«Куликовқа бәсекелес»:  Қызылордадағы тоқаш, торт өнімдерін шығаратын кешен 170 адамды жұмыспен қамтымақ

Қызылордада алғаш рет «Ассамблея аруы – 2025» өтті

Энергетикада тарихи оқиға: Қызылордада инвестор қаржысына салынған тәуелсіздік кезеңіндегі алғашқы жаңа ЖЭО тұрғызылуда

«Еркін Әуелбеков: Заманның заңғар тұлғасы» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті

Сырдария ауданының Шаған ауылына табиғи газ қосылды

Соңғы жазбалар

Медеуге бару енді оңай: Алматыда жаңа №21 автобус бағыты ашылды

27 Қараша, 2025

«Өз жұмысын ұқыпты атқарды»: Министр Әлназарова ұшақта жағдайы нашарлаған жолаушыға дереу көмектесті

27 Қараша, 2025

«Жылтырақ идеология» мен «ақпараттық рэкет»: Ерлан Қарин жаңа саясаттың қыр-сырын ашты

27 Қараша, 2025

Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айтты

27 Қараша, 2025

«Мен оған ұл туып бердім»: Тұрсынбек Қабатовтың «тоқалы» Мөлдір екеуінің күйеуге таласы жайлы айтты

27 Қараша, 2025

«Мәңгілік махаббат» әнін Мақпал Жүнісоваға арнап жаздым»: Алтынбек Қоразбаев көпшілік білмейтін құпиясын ашты

27 Қараша, 2025

«Қар, жаңбыр, көктайғақ»: Елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

27 Қараша, 2025

«Баға өсімін тоқтату – көзбояушылық»: экономист халықты қымбатшылықтан шаршатқан билікті сынға алды

27 Қараша, 2025

«Асқар Сабдинді келтірмеу керек»: желіде Атыраулық бас имамының мемлекеттің идеологиясына қарсы шыққан аудиосы тарады

27 Қараша, 2025

«Мәһр мен қалыңмалға талас»: Шымкентте жас жұбайлардың соты өзгеше өтті

27 Қараша, 2025
Facebook WhatsApp TikTok Instagram
© 2025 Todayinfo.kz. Designed by Todayinfo.
  • Жарнама
  • Байланыс
  • Сайт туралы

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.